Page 5 - Кітап оқуды дамыту әдістері мен идеялары әдістемелік ұсыныс
P. 5

мазмұнын  қара,  саған  бұл  кітап  қандай  сұраққа  жауап  беруі  керек?  Сұрақ
                  қой.  Сол  кезде  оқып  отырып,  ізденіске  көшесің.  Ал  оны  қалай  оқуды
                  ұйымдастыру – кейінгі іс. Бастысы саған керек кітапты таңдау.
                       Екіншіден аз-аздан оқу бұл - кітап оқуға дағдыланудың ең тиімді тәсілі,
                  алғашқыда  жүз  бет  кітап  оқып  тастайтындай  болып  тұрған  сезімге  ерік
                  бермей, аз оқуға талпыну керек. Бастапқыда оқитын кітабыңызды бес бет деп
                  белгілеңіз де, содан кейін тоқтаңыз. Қанша оқығыңыз келіп тұрса да, тоқтау
                  маңызды. Сонда ертеңгі күнді күтіп жүресіз, шабыт кетіп қалмайды. Ертеңіне
                  тағы  да  бес  бет,  осылай  ақырын-ақырын  кітап  оқу  әдеті  қалыптасады.  Бір
                  күні  кітап  оқуға  деген  шабытыңыз  таусылса  да,  бірақ  кітап  оқу  әдетке
                  айналып  кеткендіктен, оқу  қиын  болмайды.  Бірнеше  кітапты  бірден  оқу  да
                  осы аз-аздан оқу әдісімен қалыптасады, сіз күніге әр түрлі кітаптан 5 бет оқу
                  арқылы  бір  айда  әр  түрлі  жанрда  3  кітапты  немесе  5  кітапты  оқып  бітіре
                  аласыз.
                       Үшіншіден  жылдам  оқу.  Жылдам  оқудың  түрлі  әдіс-тәсілдері  бар.  Ең
                  тиімді тәсілдері: әр сөзден кейін кідіріс жасағаннан көрі 2-3 сөзді қосып бір
                  тіркес  қылып  оқу;  диагональ  оқу,  яғни  бетті  қиғаштай  отырып  оқу  әдісі;
                  «шульте» кестесінің тапсырмасын орындау арқылы оқу, бұл тапсырмалардан
                  кейін бұрын бір қарағанда бір сөзді ғана көретін адам кейін бірнеше сөзді, бір
                  жолды, тіпті бір абзацты көретін жағдайға жетеді. Сондай-ақ, жылдам оқуға
                  кедергі келтіретін әдеттерден арылуы керек. Соның бірі – кітапты дауыстап
                  оқу.  Адам  дауыстап  оқу  кезінде  минутына  100-150  сөзден  артық  оқи
                  алмайды.  Екінші  кедергі  –  бір  оқыған  жеріңді  түсінбей  қалғандай,  екінші
                  қайтара  оқу.  Мұндай  кезде  ой  бөлініп  кеткен  тұстан  кері  қайтпай,
                  жалғастырып оқи беру керек. Себебі адамның келесі мәтіннің мазмұнынан-ақ
                  негізгі  айтылған  идеяны  ұғып  алатыны  ғылыми  тұрғыда  дәлелденген.

                  Үшіншісі  –  іштей  ежелеп  оқу.  Осы  аталған  кедергілерді  кетірсе,  жылдам
                  оқып жаттығуға да жеңіл болады.
                       Төртіншіден  есте  сақтау  немесе  өзіңді  өзгертетін  инсайтты  іздеу.
                  Бұл  әдістің  ең  танымал  түрі  конспект  жасау,  интеллект  карта  жасау,  яғни
                  негізгі  идеяларды  ағаш  бұтақтары  секілді  кескінге  түртіп  жазып  қою.
                  Сонымен  қатар  –  кітаптан  қате  тауып  алатындай,  сыни  көзбен  оқу.  Бұл
                  назарды ешқайда бұрмай, мұқият оқуға көмегін тигізеді. «Оқытудың негізгі
                  әдісі – көрнекілік» деп Әбу Насыр Әл- Фараби айтқандай есте сақтауда ең
                  қолайлы  тәсілдердің  бірі  –  түрлі-түсті  стикер  жапсыру.  Стикердің  төртеуін
                  тұрақты қолдану: өміріңе қажет деген ақпаратқа – қызыл стикер, есте сақтау
                  қажет болса – сары, ойлануды қажет ететін ақпаратқа – жасыл, ал ой-өрісіңді
                  арттыратын, пайдалы ақпараттар үшін көк стикерлерді пайдалану.

                                            Кітап оқуды дамытудың идеялары:
                       Қоғамда не үшін кітап оқу керек? Оқымай-ақ жетістікке жетуге болады
                  ма? Кітап оқудағы мақсат не? деген сұрақтар жиі қозғалады. Әрине, барлық
                  кітапты оқу шарт емес, «жылына осыншалықты кітапты оқып бітіруім керек»
                  деп те мақсат қоймай-ақ қоюға болады. Сіз өзіңізге сұрақты «не үшін кітап
                  оқуым  керек?»  деп  емес,  «бұл  кітапты  оқысам  не  өзгереді?»  деп  қойып
   1   2   3   4   5   6   7