Page 6 - Кітап оқуды дамыту әдістері мен идеялары әдістемелік ұсыныс
P. 6
көріңіз, сіз бірден кітап оқуды бастамас бұрын, оны оқуды дамытудың
қандай идеялары бар деп іздей бастайсыз...
1. Көп адамдар кітап оқуды дамытудың идеясын іздеп ол идеяның өзі
«идея іздеуден» басталатынын білмей қалады. Мысалы, сіздің әртүрлі
жанрларды ауыстырып оқуыңыз зерікпеуге, зейіннің жақсы болуына әсер
етеді. Және сол кітаптар түрлі идеялар әкеледі. Мазмұны сіздің мәселеңізге
қатысты болмаса да, сол кітапты оқу барысында идеялар ойыңызға бірден
келе бастайды.
2. Кітап оқуға мақсатқа жетудің жолы немесе пайда әкелетін құрал
ретінде емес «ойын ретінде» қара. Мысалы, кітапханада оқырмандар
арасында «әдеби квест» деген ойын түрі бар, бұл жерде оқырман
жасырынған сұрақтарға жауап табу арқылы келесі тапсырмаларды ала алады.
Кітап оқуды дамытқысы келетін адамға да бір кітапты оқып бастағанда ол
кітаптың ішіндегі қызықты бір кітапқа немесе авторға деген қызығушылығы
оянуы мүмкін, сөйтіп келесі кітапты бастауға шабыт алады.
3. Кітап оқуға - «маркетинг» ретінде қарау яғни, сіз қалтаңыздан ақша
шығарып бір кітапты сатып алар болсаңыз, оны міндетті түрде оқып шығасыз
және одан бір түйін шығаруды көздейсіз, неге? Өйткені кеткен
шығыныңыздың орнын толтыру үшін.
4. Кітап оқуды «телевизиялық жоба» деп ойлаңыз. Мысалы,
продюсерлер бір жобаны ұйымдастыратын болса оған бар күш-жігерін
арнайды. Осы жобаға ат салысатын қатысушыларды, оны көретін
көрермендерді, жүргізетін тележүргізушілерді дайындап канал
телекөрермендеріне ұсынады. Сіз де кітап оқуды бастамас бұрын ол кітапты
бірге талқылайтын әдеби орта, пікірталас жүргізе алатын дебат, мазмұнын
тыңдай білетін тыңдарман табыңыз. Сонда ол жай ғана бір кітапты оқу емес
сіздің жобаңызға айналады.
5. Жеке кітапхана ашамын деп жоспарлау немесе кітапхана ісіне
жауаптымын деп сезіну бұл идея сізге кітап оқуды дамытуда үлкен көмек
береді. Сіз ол кітапты оқып қана қоймай оған зерттеу жүргізесіз, пайдалы
ақпаратты өзгемен бөлісуге асығасыз, жан-жағыңыздан пайдалы контент
талап етушілер пайда бола бастағанда тағы да көп кітаптарды оқуға тура
келеді.