Page 4 - Кітап оқуды дамыту әдістері мен идеялары әдістемелік ұсыныс
P. 4

Кітап,  кітапты  оқи  білу  -  бұл  ұғымға  қатысты  айтылған  небір  даналық
                  сөздер,  тұшымды  ойлар  өте  көп.  Себебі,  кітап  –  білімнің  қайнар  көзі,
                  адамзаттың тәрбиеші құралы.
                       Кітап  -  өмірдің  рухани  және  материалдық  игіліктерінің  негізгі  азығы,
                  адамзат  мәдениетінің  жинақтаушы  компоненті  болып  табылады.  Ал,  кітап
                  оқу адамның жеке басының, рухани байлығының негізгі көзі болғандықтан,
                  бұл істі әрбір оқырман өзінің жеке дара ерекшелік қасиеттеріне лайықты етіп
                  ұйымдастырады.
                       Бүгінгі  таңда  жасөспірім  балалардың  дамуында,  тұрмысында,  оны
                  қоршаған ортада шешімі табылмай жатқан мәселенің тым көбейіп кеткендігі
                  жасырын емес. Қазіргі қоғамдық дамуда жасөспірім балалар жалғыз қалып,
                  адасып, аса бір қиын жағдайда өсіп жатқандығына күн сайын куә болудамыз.
                  Бұл  проблемалар  күнделікті  көтерілгенімен,  оның  шешімін  табу  жолы
                  көрсетілмейді.
                       Ендеше, бұл проблеманы шешу жолында кітап пен кітапхананың рөлі өте
                  маңызды.       Оның      ішінде      жас  ұрпақтың          едәуір     бөлігі    «мектепте
                  сұралғандарды»  ғана  оқиды.  Ал,  жасөспірім  мен  егде  жастағы  оқырмандар
                  кітап оқудың әдістерін білмей, кітап оқуды одан әрі дамыта алмайды. Сөйтіп
                  кітапты  оқуға  деген  халықтың  ықыласы  біртіндеп  сөне  бастайды.  Сөйлеу
                  сауаттылығы  мен  мәдениеті  төмендейді,  жастардың  ойлауы  мен  санасы
                  кішірейе  береді.  Сол  себепті,  кітап  оқуды  дамытудың  тиімді  әдістері  мен
                  оқуды тұрақты түрде қалыптастырудың жаңа идеяларын таппайынша еркін,
                  өз  ойын  толыққанды  жеткізе  алатын,  тың  жаңалықтармен  бөлісе  алатын
                  дамыған адамды елестету қиын.
                       Осы  бағытта  яғни,  кітап  оқуды  ілгерілету  мақсатында  кітапхана
                  қызметкерлері түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Сондай-ақ, оқырмандардың

                  қызығушылығын оятып, кітап оқуға деген ынтасын арттыратын түрлі әдеби
                  клубтар  да  жұмыс жасайды.  Бұл әдеби  клубтар  оқырман  үшін  кітап  оқуды
                  дамытудың  тиімді  жолы  болуы  мүмкін,  тіпті  әдеби  клубтың  мүшелігіне
                  өткен  соң  әсерге  беріліп  кітап  оқуға  деген  ынтасы  артып  «бүгіннен  бастап
                  осыншалықты кітапты оқып бітіремін» деп шешеді. Бірақ, оқырман сол сәтте
                  60 бетке ғана жететін мотивация алады, сөйтіп эмоциямен кітаптың 80 бетін
                  оқиды, одан әрі өзін күштеп 20 бет, одан соң қиналып тағы 20 бетін оқиды,
                  осымен кітап оқуда өзін қинаудан жалығып кейін барлығын қосып оқимын
                  деп  шешеді,  сөйтіп  сол  кітап  оқылмай  сөреде  қалады.  Сондықтан,  кітапты
                  оқу барысында тез жалығып қалмас үшін, өз-өзіңізді үнемі жетілдіріп отыру
                  үшін, өзіңізді қинап, күштеп оқымас үшін кітап оқуды дамытудың бірнеше
                  тиімді әдістері мен идеяларын қарастырсақ.

                                              Кітап оқуды дамытудың әдістері:
                       Ең  алдымен  кітапты  дұрыс  таңдай  білу.  Дұрыс  кітап  таңдау  –  киім
                  таңдағанмен  бірдей.  Ұнамайтын  киім  таңдасаң,  кимейсің.  Сүйіп  таңдасаң,
                  өзің  қалағандай  әсер  қалдырса,  бойыңа,  стиліңе  сәйкес  келіп  тұрса,  неге
                  кимеске? Кітап та сол секілді, сенің қазіргі деңгейіңе сәйкес келіп тұрса, сені
                  келесі  деңгейге  көтере  алса,  дұрыс  таңдағаның.  Ортасын  ашып,  оқып  көр,
   1   2   3   4   5   6   7