Page 6 - Kalamy_kalymdy_zhazushy
P. 6
Әкім Тарази – сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер, терең ойдың адамы, философ
жазушы, зерттеуші, тағылымды тарихшы, көне мұраларымыздың бітікшісі.
Мырзатай Жолдасбекұлы
«...Ол – алпысыншы жылдары қазақ сахнасына адам мен қоғам туралы айтатын
тарихи романтикалық сарындағы пьесалардың қатарына адам мен қоғамды көрсететін
пьесаларды қолдаса көріп шыққан драматургтеріміздің бірі».
Ақселеу Сейдімбек
Әкім ағамыз үшін туған өлкесі, қанат қаққан қасиетті Әулие ата өңірі қашанда
қымбат. Ол кісі – облысымыздың Құрметті азаматы, аймақтың нағыз патриоты, ізгі
тілектесі, жанашыры.
Қанат Бозымбаев
Әкім Тарази көп пьесалар жазды. Пьесаларының ішінде ерекше бағалайтын 2-3
пьесам бар. Олар «Асау Бөкей», «Жақсы кісі», «Күлмейтін комедия». Міне, осы 3 пьесасы –
қазақ әдебиетіне, қазақ драматургия саласына қосылған классикалық үлгі. Бұлар – уақыт өтсе
де өзінің өзекті мазмұнын жоғалтпайтын шығармалар.
Әшірбек Сығай
«Өз шығармашылығында бүгінгі күн, замандастар тыныс-тіршілігіне, тұрмыс-болмыс
шындығына бірегей бет бұрған жазушылардың бірі – Әкім Тарази».
ӘлияБөпежанова
Кешегі тоқырау заманының басты дерті – рухани азғындау, қоғамның мазмұнына
айналған тоғышарлық тірлік, менің байқауымша, әсіресе, Әкім Тарази шығармаларынан
айқын да анық көрінеді.
Баққожа Мұқай
Әкім Тарази – қазақ әдебиетінің алтын қорына қомақты олжа салып, өзінің
әдеби мектебін қалыптастырған қаламгер.
Серік Мақпыров
Ә. Тарази өз романдары мен повестерінде реалистік зерттеулерде аз роль
атқармайтын характерлер мен оқиғалардың өзара келісімі мен өзара тәуелділігіне
құрылған ортаның бейнесіне әдейі назар аударады. Жазушының характерлер қатарында
әрекет етуші адамдар жасау үстінде фантазиясы өте толық әрі жан-жақты көрінеді.
Мәтжан Тілеужанов
Біздің Тарази толып жатқан кедергілерді жеңе алатындығын паш етіп, әдебиетте
өзге жұлдыздарға ұқсамай «Құйрықты жұлдыз» болып жарқ ете қалды. Ол өзінің
шығармасында жас та болса жаңа өмір, жаңа қоғамның болмысын аңғара отырып, ойнақы
жеңілдікпен ойната суреттеді. Бірақ оның ойнақылығы мен ойнатуы материалын жетік
білетін шебердің білімпаздығының көрінісі еді.