Page 5 - Kalamy_kalymdy_zhazushy
P. 5
«Журавлижуравушки» (1984), «Басынан Қаратаудың...» (1985), «Кен», «Тәж» (1986) повесть,
әңгімелері, романдары жарияланды. 2008 жылы «Мұстафа Шоқай» романы жарық көрді.
Сондайақ «Күлмейтін комедия» (1966), «Жақсы кісі» (1968), «Жолы болғыш жігіт» (1972),
«Қос боздақ» (1985), т.б. пьесалардың, «Тұлпардың ізі» (1984, реж. М. Бегалин), «Арман
атаман» (1965, реж. Ш. Бейсенбаев), «Қарашқараш оқиғасы» (1972, реж. Б.Шәмшиев),
«Мұстафа Шоқай»,«Ақбердінің ауласы», «Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған», «Қорқау
жұлдыз», «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» романдары,
Қазақ киносының алтын қорына қосылған кинотуындыларының қатарына: «Тұлпардың ізі»,
«Арман атаман», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шоқай». Қазақ театрларының сахнасындағы
драматургиялық шығармалары: «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт»,
«Ақын, періште, махаббат», «Індет», «Махамбет», «Лайнер», «Үкілі жұлдыз», «Қыз
махаббаты», тағы басқалар. Жазушының бірқатар дүниелері орыс, қытай, поляк, болгар,
ағылшын тілдеріне аударылды. Әкім Тарази Н.Я.Бичуриннің «Орта Азияны мекендеген
халықтардың көне заманғы тарихы», «Мыңқолдың төрт ханы» тарихи ғылыми-зерттеу
еңбегін Ф.Рабленің «Гаргантюа және Пантагрюэль» романын алғаш төл тілімізде сөйлетті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаламгер шығармашылығы
туралы«Біріншіден, Әкім Тарази – жазушы әлемінде өте сирек кездесетін тұлға. Бұл кісінің
қазақ әдебиетіндегі орны ерекше, бірегей жазушы деп айтуға болады. ӘкімТарази жалпы
қалада болып жатқан дүниелер, яғни урбанизация туралы жазады. Бұл тұрғыдан алып қара-
сақ, белгілі түрік жазушысы Орхан Памукқа ұқсайды. Ол кісінің философиясы өте терең.
Тағы бір ерекшелігі – ол кісі нағыз реалист. Туындыларын жазған кезде оқырмандарын
аямайды. Шерхан Мұртаза айтқандай, «жазушының көзі – көкірегінде». Ә.Тарази – жазушы
ретінде де, драматург ретінде де өмірге көкірегімен қарайтын қаламгер».
Әкім Таразидің жары Роза Мұқанованың Stan.kz тілшісіне берген сұхбатынан - Әкім
Тарази – күрделі тұлға. Оның ішкі әлемі - жұмбақ. Екі сөйлеу, көлгірсу табиғатында жоқ.
Көңілі қалған адаммен ешқашан байланыс жасамайды, кешірмейді және бетіне айтады. Қазір
мұндай адамдар өте аз. Ол сондықтан үнемі жалғыздықта өмір сүрді. Батыр адам!!! Мен
кейде оның шешімдерінен қорқатынмын. Оның шешімдері адам қорқатындай өткір, қоғамға
да қарама-қайшы болып көрінетін. Ойын бүкпелеп, майпаздап отырмайды, ашық айтады.
Қасиетті адам! Ал осындай адамға жар бола білу, құрмет тұту, қара тырнақтан хәл кеткенше
сенімді серігі болу маған парыз.
Біртуар қаламгердің құнды туындылары уақыт безбеніне төтеп беріп, келер ұрпақтың
да асыл мұрасына айналарына кәміл сенеміз.
Марапаттары
1994 жылы «Құрмет белгісі» ордені;
1997 жылы «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік наградасымен
марапатталды;
1999 жылы Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
2011 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (Прага)
атағына ие болды;
2015 жылы «Отан» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды;
2021 жылы «Қазақстанның еңбек ері» атағын алды.
Қаламгер туралы пікірлер
Кемеліне келген үлкен қаламгер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Таразидің жеткен биігі – ұясын бұлтқа салған
алып қыранның келбетін көз алдымызға елестетеді. Ол – уақыт шежірешісі, асыл сөздің
ұстасы, ұлтының мақтанышы, заңғар жазушы, елінің көрнекті қайраткері. Уақыт озады,
дәуір өзгереді, бірақ мұндай адамдар халқымен бірге жасай береді.