Page 4 - Kalamy_kalymdy_zhazushy
P. 4
Өмірбаяны
Қара сөздің хас шебері Әкім Тарази (Әкім Әшімов) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы
қаласында дүниеге келген.Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой (Рысқұлов),
Жаңа тұрмыс ауылында бітірді.
1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология
факультетін бітірді. 1957-1959 жылдары Жамбыл обылысы, Шу ауданы, Жаңа тұрмыс орта
мектебінде орыс тілі мен әдебиет сабақтарынан білім берді.
1959 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жауапты хатшы, 1956–
1958 жылдары «Ара» журналында фельетонист,1960-1962 жылдары Мәскеудегі жоғарғы
кинематография(КСРО мәдениет министірлігінде) жоғары курсын тәмамдаған.
1962–1970 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында редколлегия мүшесі, Бас
редакторы, 1970–1971 жылдары «Литературная газета» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі,
1971–1980 жылдары Кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.
1986 -1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы,1991-1994 жылдары
Мәдениет министрілігінің кеңесшісі,1993-1996 жылдары Қаржы-қаражат журналының бас
редакторы,1994-2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры,
2009 жылы Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры, Қазақстан
жазушылар Одағының (2007) филиал жетекшісі.
Қаламгер шығармашылығы
Халқымыз таланты ерекше, болмысы бөлек дарындыларға қашан да кенде емес, әр
заманда да ел көшін алға сүйреген өр тұлғалы азаматтар болған. Сондай тұлғалардың бірі,
жарты ғасыр бойы халқын шығармашылығымен сусындатқан, қазақ әдеби туындыларының
қатарын романдарымен, повесть, әңгімелерімен, драматургиялық шығармаларымен,
киносценарийлерімен толықтырған қарымды жазушы Әкім Тарази.
Қаламгердің өз сөзінен «Құйрықты жұлдыз» – менің тұңғыш прозалық шығармам. Мен
әдебиеттен бұрын киноға келген адаммын. 1962 жылы Мәскеуден оқу бітіріп келдім. 1964
жылы «Тұлпардың ізі» деген фильм шықты. Сол киноның сценарийін жаздым. Режиссері –
Мәжит Бегалин. Бұл менің алғашқы шығармам еді. Ал, прозашы ретіндегі өмірім, өзің
айтқандай, 1966 жылдан басталады. «Құйрықты жұлдыз» – мен үшін өте қымбат дүние. Бір
ғажабы, өткен жылдың бірнеше айын өзіме арнап, осы күнге дейін жазылған бар
шығармаларымды оқып шықтым. Сын көзбен. Мен өзім кейде әзілдеп айтамын: Әкім Тарази
бар да, Әкім Әшімов бар деп. Әкім Әшімов деген ешкімді аямайтын қатал сыншы да, Әкім
Тарази жүрегі жұмсақ жазушы. Бар шығармаларым сол Әшімовтің көзімен оқылды. Олардың
ішінде көркем шығармалармен қатар пьесаларым да, киносценарийлерім де бар. Сол
«Құйрықты жұлдызға» қазір мен қанша жерден сын көзбен қарағаныммен, ол бәрібір менің
барлық шығармаларымның анасы болып қала бермек. Ол шығарманы қазіргі Әкім Таразиға
қысылмай оқытуға болады деп ойлаймын.шығармаларымды халық та, әдебиетшілер де жылы
қабылдады.
Әйгілі Әшірбек Сығайдың Әкім Тарази туралы былай деп айтқаны бар: «Ол көп пьеса
жазды. Пьесаларының ішінде ерекше бағалайтын екі-үш пьесам бар. Олар «Асау Бөкей»,
«Жақсы кісі», «Күлмейтін комедия». Міне, осы 3 пьесасы – қазақ әдебиетіне, қазақ
драматургия саласына қосылған классикалық үлгі. Бұлар – уақыт өтсе де өзінің өзекті
мазмұнын жоғалтпайтын шығармалар». Нағыз дүлдүлдің бір басында абыройлы атақтары
болса да, жеңіске жетіп желпінбейді – дандайсымайды, қиындық көрсе – мұқалмайтын
қайсар жан. Ол ешкімге еліктеп, солықтамай-ақ өзіндік қолтаңбасы айқын сезілетін көркем
шығармалар туғызды.
Қаламгердің алғашқы кітабы «Құйрықты жұлдыз» повесі 1966 жылы жарық көрді.
Одан бері «Үлкен ауыл» (1968), «Асуасу» (1970), «Қиянсоқпақ» (1976), «Бұлтқа салған
ұясын» (1978), «Тасжарған» (1980), «Қыз махаббаты» (1982), «Гнездонаоблаках» (1984),