Page 21 - 21kzd_kz
P. 21
Л.Семенов жиырмасыншы жылдардағы елдегі ашаршылық, эпидемия қиындықтары
кезінде болашақ музейге экспонаттар жинау үшін аса табандылықпен көптеген жұмыс жүргізді.
Сол жердегі орта мектептің ұжымы шкаф, бірнеше түрлі жәдігерлер, мамонттың азу тісі т.б.
сыйға берді. Бұрынғы шаруа бастығы Плаховтың әйелі торы бар дулығасын, 13-ші ғасырдағы
қыпшақ кесенесінің кірпішін сыйласа, жергілікті тұрғындар құнды заттарды тегін сыйға тартты.
Жанаарқадан келген полиция бастығы 1824 жылы сұлтандардың біріне патша сыйға тартқан
қылышын берген. Осылайша Ақмола қаласында тарихи-өлкетану мұражайы құрылды.
Үлкен ұйымдастырушылық тәжірибеге ие Л.Семенов Ақмола қаласынан Қарағандыға
көшіп келген соң, қазіргі Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалады.
Сонымен бірге оның үш бөлмелі пәтерінде тағы үшінші музейі болды.
Мұнда баспа жұмыстары, құжаттар көшірмелері, фотосуреттер, жарияланымдар, сыйлық
кітаптары жинақталды. Зейнетке шыққаннан кейін ол көптеген дәрістер мен баяндамалар
оқыды, облыстың өткені мен бүгінін бейнелейтін альбомдар, қолжазбалар, көрмелер жасады,
мақалалар жазды. Радио және теледидарда сұхбаттар берді, үйіндегі үй-музейінде экскурсия
жасады. Л.Ф.Семенов 85 жасында 1986 жылы 9 мамырда Қарағандыда қаласында қайтыс
болды.
КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы геодезия және картографияның Бас басқармасы
шығарған Целиноград облысының физикалық картасында «Көрікті жерлер» бөлімінде
Целиноград «республикадағы белгілі өлкетанушы Л.Ф.Семеновтің туған жері» деп көрсетілген.
Әдебиеттер:
Семенов Л. Халық әншісі Әміре Қашаубаев // Советтік Қарағанды. - 1961. - 8 январь.
Семенов Л. Халық ақыны // Советтік Қарағанды. - 1961. - 31 март (№ 77). - 4 б.
Л.Ф. Семенов туралы әдебиеттер:
Қарағанды өлкетану мұражайының бұрынғы директоры, өлкетанушы Л.Ф.Семеновтың
жеке қорынан // Шығыс Сарыарқа. Қарқаралы өңірінің өткені мен бүгіні / ред. Г. Т. Бейсенова. -
Алматы: Эверо, 2004. - 641-645 б.
Семенов Леонид Федорович (1901-1986) Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия /
ред. А. А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 472 б.
Ақмолалық өлкетанушылардың жазбалары // Әбсеметов М. О. Астана - мыңжылдық
тарихы бар қала = Астана - город с тысячелетней историей: [жинақ] / М. О. Әбсеметов; ред. С.
Негимов; худож. С. Искаков, М. Искаков. - Астана: ALCHIAI group, 2009. – 139-140 б.
***
Әлиман Ж. Қоңырқұлжаның сауыты // Орталық Қазақстан. - 2019. - 7 ақпан (№ 14). - 6 б.
Сәуір 1931 Тау-кен техникумыны құрылғанына 90
жыл (қазіргі Қарағанды жоғары политехникалық
колледжі)
1930 жылдың қазан айында КСРО үкіметінің Орталық Қазақстанның кен байлығын
игеруді бастау туралы қаулысы қабылданды. Қарағанды облысының құрылуымен қатар көмір
саласы ерекше дамыды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер, көмір шахталары,
өндірістік объектілер құрылысы, көмір өндіру мен көмірді өңдеу шін алдымен техникалық
сауатты ұлттық мамандар керек болды.
1931 жылдың қазан айында жаңа көмір бассейнінде тұңғыш оқу орны – Қарағанды кен-
көмір техникумы ашылды. Бастапқыда ол Киров атындағы шахта аумағындағы ескі үйде
орналасты. Кеншілерді дайындау тек екі мамандық: «Көмір орындарын игеру» және «Кен
электромеханикасы» бойынша жүргізілді. Алғашқыда техникумды 16 жас бітіріп шықты.
Қарағанды көмір бассейнінің әрі қарай дамуы үшін қашанда білікті мамандар қажет болды.
1935 жылы техникум оқушылар санының көбеюіне байланысты Үлкен Михайловка
поселкесінің совхоз үйіне ауысады. Қарағанды қаласының Жаңа қала құрылысы 1934 жылы
басталып, кең далада төрт көп қабатты тұрғын үйлер, аурухана мен кен техникумы
тұрғызылды. Ол кезде бұлар Сарыарқадағы аспанмен таласқан зәулім үйлер болып көрінетін.
1938 жылы оқу орны қазіргі орналасқан жеріндегі жаңа мекенге көшірілді.