Page 69 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 69

21 желтоқсан 1924 - 29 наурыз 2005 - Қарағанды
                                                       қаласының  Құрметті  азаматы  Қали  Әлібекұлы
                                                       Аманбаевтың туғанына 100 жыл

                  1924 жылы 21 желтоқсанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Жаңа Негіз
            (казіргі М.Мамыраев) бөлімшесінде туды. Ұлы Отан соғысында 240 авиациялық атқыштар
            полкінің құрамында болып, Курск доғасы ауданында болған əскери операцияларға қатысқан.
                  Еңбек  жолын  милиция  бөлімшесінде  паспортист  қызметінен  бастап,  Қарағанды
            облыстық  оқу  бөлімінің  жанындағы  10  айлық  мұғалімдер  курсын  аяқтаған,  1952  жылы
            Ленинградтағы  мұғалімдер  институтын  үздік  бітірген,  1956  жылы  Абай  атындағы  Қазақ
            педагогикалық  институтын,  1965  жылы  КПСС  ОК  аспирантурасын  жанындағы  Жоғары
            партия  мектебін,  1972  жылы  С.М.Киров  атындағы  Қазақ  Мемлекеттік  университетін
            аяқтаған.
                  1953  жылдан  1958  жылдар  аралығында  Қарағанды  қалалық  партия  комитетінде
            нұсқаушы, ұйымдастыру жүмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мектеп жəне жоғары
            оқу орындары бөлімінің меңгерушісі болды.
                  1958  жылы  Қарағанды  телевидения  студиясын  басқарды,  1965  жылдан  1967  жылдар
            аралығында Облыстық партия комитетінде қызмет етті.
                  1967 жылдан 1974 жылдары Облыстық телевидение мен радиохабарландыру жөніндегі
            комитетті  басқарды.  1974  жылдан  бастап  Облыстық  партия  комитетінің  ғылым  жəне  оқу
            орындары  бөлімінің  меңгерушісі  болып  еңбек  етті.  1978  жылы  желтоқсанда  Облыстық
            партия комитетіне хатшы болып сайланды, онда 1987 жылдың қаңтарына дейінгі мерзімге,
            зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.
                  1987 жылдан бастап облыстық еңбек жəне соғыс ардагерлер үйымы кеңесінің төрағасы
            болды.
                  «Екінші  дəрежелі  Отан  соғысы», «Еңбек  Қызыл  Ту», «Халықтар  достығы», «Құрмет
            белгісі», «Құрмет»  ордендерімен,  «Үшінші  дəрежелі  Шахтер  даңқы»,  Бүкілодақтық  соғыс
            жəне еңбек ардагерлер ұйымының Құрмет белгілерімен марапатталды.
                  ҰОС  жылдарындағы  Отан  алдындағы  қызметі,  радиохабарлары  мен  телевидение
            саласындағы  жемісті  еңбегі  мен  қоғамдық  өмірге  белсене  қатысқаны  жəне  жастарды
            патриоттық тəрбиелегені үшін 1984 жылы «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы
            берілді.
                                                      Әдебиеттер:
                  Аманбаев Қ. Ардагерлерді ардақ тұтайық // Орталық Қазақстан. - 2000. - 11 наурыз
                  Аманбаев Қ. Арманға толы 65 асу // Азия транзит. - 1999. - 18-25 тамыз. - 5 б.
                  Аманбаев  Қ.  Болашақ  зейнеткерлердің  жайын  кім  ойлайды?  //  Орталық  Қазақстан.  -
            2001. - 26 мамыр
                  Аманбаев Қ. «Ветеран» - зейнеткерлер қамқоршысы // Орталық Қазақстан. - 2000. - 7
            қазан
                  Аманбаев  Қ.  Еңбек  адамын  қорғау  -  міндет:  ҚР  Еңбек  жəне  əлеуметтік  қорғау
            министрлігінің  Қар.  обл.  бойынша  департаментінің  дир.  Қ.Аманбаевтың  баяндамасы  /
            Қ.Аманбаев // Орталық Қазақстан. - 2002. - 2 қазан. - 3-4 б.
                  Аманбаев Қ. Жаңа заман адамдары // Орталық Қазақстан. - 2004. - 15 шілде. - 5 б.
                  Аманбаев  Қ.  Жасампаздық  істер  кезеңі  басталды  //  Орталық  Қазақстан.  -  2000.  -  22
            қаңтар
                  Аманбаев Қ. Жұмыла көтерген жүк жеңіл // Орталық Қазақстан. - 2005. - 26 ақпан. - 2 б.
                  Аманбаев Қ. Келешектерің жарқын болсын // Орталық Қазақстан. - 2001. - 10 қараша
                  Аманбаев Қ. Қазақтар əлемі // Орталық Қазақстан. - 2001. - 24 қазан.
                  Аманбаев Қ. Қаланы көркейткен азамат // Орталық Қазақстан. - 2004. - 10 тамыз. - 9 б.
                  Аманбаев Қ. Қарағанды шежіресі // Орталық Қазақстан. - 2004. - 14 ақпан. - 5  б.
                  Аманбаев Қ. Қоғамдық мүдденің қажырлы қызметшісі // Орталық Қазақстан. - 2002. -
            26 қаңтар
                  Аманбаев Қ. Өмірі үлгі ардагер // Орталық Қазақстан. - 2002. - 9 қаңтар.
                  Аманбаев Қ. Халықпен бірге: Қарағанды телевизиясына - 45 жыл // Орталық Қазақстан.
            - 2003. - 26 тамыз. - 8 б.
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74