Page 64 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 64

Кəрім Н. Ғасыр қасіреті - жазушы жазбасында // Орталық Қазақстан. - 2016. - 22 қараша
            (№ 187). - 4 б.
                  Кəрім Н. Жаңа кітап - жан азығы // Орталық Қазақстан. - 2021. - 21 қазан (№ 117). - 8 б.
                  Кəрім Н. Қаламгермен қауышты // Орталық Қазақстан. - 2019. - 2 қараша. (№ 122). - 5 б.
                  Кəріпбай Ə. Жұқармайтын жұлын // Орталық Қазақстан. -2019.-21 қараша (№ 130).- 4 б.
                  Кəріпбайтегі  Ə.  Жырымда  бабалардың  рухы  бардай  //  Мысты  өңір.  -  2005.  -  21
            қаңтар(N3). - 10 б.
                  Мұқан Т. Соңғы көштің тұрағы // Орталық Қазақстан. - 2022. - 1 наурыз (№ 24). - 6 б.
                  Ордашева С. Қазақтың жүрегін қозғайтын... // Қазақ əдебиеті. - 2015. - 4-10 қыркүйек
            (№ 34). - 1, 3 б.
                  Сейдахмет М. Қаламы жүйрік Жанболат // Тоқырауын тынысы. - 2019. - 29 қараша (№
            48). - 6 б.
                                                       7 желтоқсан 1974 - Ақын, Қазақстан Жазушылар
                                                       Одағының       мүшесі     Руслан      Жаманқанұлы
                                                       Нұрбайдың туғанына 50 жыл

                  Руслан  Нұрбай  1974  жылы  7  желтоқсанда  Қарағанды  облысы,  Ақтоғай  ауданы
            Ыстыбұлақ ауылында дүниеге келді. 1982-1992 жылдары Қарқаралы ауданының Қарағайлы
            кентінде  орта  мектепте  оқиды.  1998  жылы  Е.Бөкетов  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік
            университетінің  филология  факультетіне  түседі.  1995  жылы  журналистика  бөлімшесіне
            ауысып, 1998 жылы «журналист» мамандығын иеленіп шықты.
                  1999-2000 жылдары ҚР ҰҚК Шекара қызметінде əскери борышын өтеді.
                  Əскерден соң Қарағанды қаржы колледжінде деканның тəрбие жөніндегі орынбасары
            болды.  2001  –  2008  жылдар  аралығында  Қарағанды  облыстық  телерадиокешенінде  əуелі
            облыстық  радиода  редактор,  кейін  телеарнаның  жаңалықтар  қызметінде  журналист  болып
            жұмыс жасады.
                  2009  –  2011  жылдарда  республикалық  «7  арна», «Астана»  телеарнасы,  «Асыл  арна»
            телеарналарында», ҚРІІМ «Сақшы» газетінде Қарағанды облысы бойынша меншікті тілші
            болып  қызмет  атқарды.  Кейін  елордадағы  «Шалқар»  радиосында  авторлық  бағдарламалар
            жүргізді.
                  2014-2016  жылдары  Абай  аудандық  «Абай-ақиқат»  газетінің  директор-бас  редакторы
            болды. 2016-2018 жылдар аралығында Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасында
            кітапханашысы,      жастар     бөлімінің    басшысы,      «БОТА»     жастар     интеллектуалды
            орталығынының жұмысын жүргізді.
                  2019-2022  жылдарында  Жезқазған  қаласындағы  «Дидар»  телеарнасының  Қарағанды
            қаласы бойынша меншікті тілшісі болды.
                  2022  жылдан  бүгінгі  күнге  дейін  Қарағайлы  кентіндегі  мəдениет  үйінде
            ұйымдастырушы болып жұмыс істейді.
                  2001  жылы  жас  ақын-жазушылардың  республикалық  кеңесіне  қатысқан.  Қазақстан
            Жазушылар Одағының мүшесі (2001).
                  Халықаралық  «Шабыт»  фестивалінде  «Поэзия»  номинациясы  бойынша  І-орын,
            «Тележурналистика» бөлімінен дипломант атанды (2002);
                  «Мемлекеттік  тіл  -  менің  тілім»  атты  авторлық  бағдарламасы  Қарағанды  облысы
            əкімінің марапатына ие болды (2005);
                  «Тұран  Əлем  банк»  жариялаған  республикалық  мүшайраның  жүлдегері,  Алматы  қ.
            (2008);
                  «Бейжің  олимпиадасы  жүлдегерлеріне  арналған»  республикалық  мүшайраның
            жүлдегері, Астана қ. (2008);
                  Журналистер  күнінде  «Баспасөзде  ІІО  қызметкерлерінің  жағымды  имиджін
            қалыптастырудағы  еңбегі  үшін»  Қарағанды  облыстық  ІІД  бастығының  арнайы  марапатына
            «ІІО қолсағатына» ие болды (2011);
                  Тəуелсіздіктің  20  жылдығына  орай  Астана  қ.  мəдениет  басқармасы  қазақ  өнеріне
            сіңірген еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды(2011);
                  2011  жылы  Қ.  Аманжоловтың  100  жылдық  мерейтойына  арналған  поэтикалық
            конкурсқа қатысып, Шынболат Ділдебаев атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды.
   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69