Page 67 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 67
Алғашқы қоныс «Кіші Саран» деп аталды. Кейін шахталардың төңірегінде Байтам,
Плановый, Дубовка, Соқыр, 106 шахта кенттері пайда болды.
Қазақ ССР Жоғары Кеңес Президиумының 1954 жылдың 20 желтоқсанындағы қаулысы
бойынша Саран кентіне қала дəрежесі берілді.
Саран қаласы Қазақстан Республикасындағы Қарағанды облысының облыстық
əкімшілік орталығына бағынатын, облыстық маңызы бар қала болып табылады. Қала
Қарағанды қаласының оңтүстік-батысында 25 километр қашықтықта орналасқан.
Негізі кейінгі ұрпақ қаланы Саран деп білген, бабаларымыз оны Сораң деп атайтын.
Бұл атау қаланың қазіргі тұрған жеріне қатысты. Дегенмен, Сораң жері кешегі Игілік байдың
он жеті қосын жүдетпеген құйқалы топырақ.
Көмірді бес шахта өндірді: «Саран», «Соқыр», «Дубовск», «Ақтас» жəне КСРО-ның 50
жылдығы атындағы шахта.
1974 жылдың 30 желтоқсанында Саран қаласы үшін елеулі күн болды. Бұл күні мұнай-
химия өндірісінің алыбы, бір кездері шахтадан кейін қала құраушы екінші өндіріс орны
саналатын Қарағанды резина-техникалық зауыты (РТИ) іске қосылды.
Зауыттың бірегей өнімдеріне бұрынғы Кеңестер Одағының 3000 кəсіпорыны тапсырыс
беретін. Зауыттың қарқынды жұмыс жасаған жылдары Саран қаласында 80 мыңнан астам
халық тұрған. Бір ғана РТИ шағынауданыда тұрғындардың саны 25 мыңға жеткен.
Қазіргі уақытта қала аумағы 161 ш. км құрайды. Тұрғындардың саны 53 мың адам.
Қала аумағы Орталық-Қазақстанның шығыңқы ірге жазығына жатады. Пайдалы
қазбалар: тас көмір, топырақ тас, қыш сазы, құмтүйір тастар қоспалары, əктастар, керамзит
саздары.
Саран қаласының экономикасы индустриялық бағыттағы мамандықтар, көбіне қазып
шығару, мұнай - химиялық сала, құрылыс материалдары, жеңіл жəне азық-түлік өнеркəсібі
болып табылады.
Қала экономикасының арнайы индустриялық бағыты бар. Аймақтың басты өндіріс
салалары – тау-кен өндірісі, тамақ өндірісі, жеңіл өнеркəсіп, құрылыс машина жасау мен
метал өңдеу, пластмасса жəне резина-техникалық бұйымдар жасау, жылу жəне электр
энергиясын өндіру жəне тарту, су өндіру. Сарандағы кəсіпорындардың 20% -дан астамы
өндірістік болып табылады.
Қаланың тау-кен саласы көмір өндіретін жəне темір кенін байытатын кəсіпорындарын
қамтиды. Ол «Арселор Миталл Стил Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты шахталар
жəне «SABURKHAN TECHNOLOGIES» ЖШС.
Резина-техникалық жəне пластмасса бұйымдарын өндірушілер
«Карагандарезинотехника» ЖШС , «Восход» ЖШС, «Сараньстеклопакет» ЖШС, «Kapaл
plast ЖШС» жақын əне алыс шетелдік жетекші компанияларымен бəсекеге түсуде.
Қалада қарқынды индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын
жүзеге асыру жұмысы аясында бой көтерген кəсіпорындарды ерекше атап өтуге болады.
Индустриаландырудың аймақтық картасына 6 жоба кіреді. Соның нəтижесінде 280 жаңа
жұмыс орны ашылды.
Саран қаласы жыл сайн жаңа кейіп алып келеді. Қазіргі заманға лайық қала болуда.
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өркендеуде. Көпқабатты
үйлер салынып, автожолдар жөнделуде.
Қала аумағында бірегей тарихи жəне мəдениет ескерткіштер: Игілік-бидің мазары,
Жамбыл Жабаев, А.С. Пушкин, В.В. Маяковский, А. Гайдар ескерткіштері, Жеңіс стелласы
бар.
«Саран газеті» атты газет шығып тұрады. Абай, Шахтинск қалаларымен автомобиль
жолдары арқылы байланысқан.
Саран қаласы əкімінің аппараты [Электрондық ресурс] // http://saran.gov.kz
Әдебиеттер:
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран = Славе героев память потомков верна: естелік кітабы:
[Кітап Жеңістің 70 жылдығына арналған] / Саран қаласының мəдениет жəне тілдерді дамыту
бөлімі мемлекеттік мекемесі; құраст.: Г. Туртбаева, Л. Прокудина, Г. Сычева; ауд. Б.
Жарылғапова [жəне т.б]; фото: Е. Шлома, Т. Ионус, Н. Цхай. - Саран: [б. ж.], 2015. - 489 б.