Page 61 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 61
Оймауытов Р. Дүниеден өтті бір ақын / Е.Серімов // Орталық Қазақстан. - 2006. - 15
сəуір. - 13 б.
Сағынтай С. Қара Дəулеттің Қарағандысы // Орталық Қазақстан. - 2012. - 26 шілде (№
123/124). - 5 б.
Сармурзин Ж. Көксерек - ғұмыр / Əбілдинов Қ. // Орталық Қазақстан. - 2007. - 27
ақпан. - 10 б.
Серімов Е. Қара Дəулет // Балқантау. - 2007. - 28 ақпан. - 11 б.
Шалқар Ж. Қара Дəулеттің қара өлеңі // Орталық Қазақстан. - 2021. - 14 қаңтар (№ 4).
Ысқақ Р. Қазақы қара өлеңнің Қарагері : еске алу // Азия транзит. - 2007. - № 1/2. - 62 б.
19 қараша 1924 – 2000 – Ақын, Қазақстан
Жазушылар Одағының мүшесі Михаил
Данилович Балыкинның туғанына 100 жыл
Балыкин Михаил Данилович 1924 жылы 19 қарашада Семей облысының Канонерка
ауылында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан.
Семей облыстық радиосының, облыстық «Прииртышская правда» газетінің,
«Советский Казахстан» (қазіргі Простор) журналының редакцияларында қызмет атқарды.
1957-1966 жылдары «Қайнар» баспасының редакторы болды. 1966-1981 жылдары
«Индустриальная Караганда» газетінің бөлім меңгерушісі, 1981-1982 жылдары Қазақстан
Жазушылар одағының əдеби консультанты болды.
Ақынның алғашқы кітабы – «Басни» 1951 жылы Алматыда жарық көрді.
Оның «Начало пути», «Марианна» поэмалары бойынша шағын көріністер Қарағанды
теледидар студиясында сахналанды.
Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» повесі, З. Шашкиннің
повестері т.б. қазақ авторларының көптеген шығармаларын аударды.
2000 жылы 10 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болды.
Михаил Балыкин туралы əдебиеттер:
Балыкин Михаил // Қазақстан жазушылары XX ғасыр: анықтамалық. - Алматы: Ана
тілі, 2004. - 73 б.
Балыкин Михаил Данилович // Қазақ əдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық / ред. И.
Н. Тасмағамбетов. - Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2005. – 118 б.
Балыкин Михаил Данилович // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А.
А. Абдулин. - Алматы: Атамұра, 2006. - 171 б.
***
Ақсұңқарұлы С. Мəкең де (Михаил Балыкин) өтті дүниеден... // Орталық Қазақстан. -
2000. - 12 ақпан.
Ақсұңқарұлы С. «Мəрмəр Пушкин» // Орталық Қазақстан. - 2004. - 18 қараша. - 3,11 б.
25 қараша 1949 - Ақын, журналист Жанболат
Башардың туғанына 75 жыл
Жанболат Башар 1949 жылы 25 қарашада Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының
«Қоңырат» колхозында дүниеге келген.
1967 жылы Ақтоғайда орта мектепті, 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін
бітірген. Еңбек жолын қатардағы жұмысшыдан бастаған.
Балқаш қалалық Советінің депутаты болып сайланды. Республикалық «Қазақ тілі»
қоғамының алғашқы құрылтайына Балқаштан делегат ретінде қатысты.
1981 жылы Балқаш қалалық телестудиясында аға редакторы, 1991 жылы Балқаш
қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, аймақтық «Балқаш өңірі» газетінің редакторы
болып қызмет істеді. Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің аймақтық тілшісі
(1998-2005) болды.
Балқаш кен-металлургия комбинатының Шығыс Қоңырат, Қоңырат кеніштерінен
«Кенші көкжиегі», «Жұмысшы əулеті» атты тележурналдары республикалық телеарнада