Page 29 - Қарағанды облысының 2024 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы
P. 29
1944 жылдың 5 қыркүйегінен бастап Қарағанды облыстық кітапханасының басшысы
қызметіне кітапханада 1941 жылдың 10 қыркүйегінен жұмыс істеп келе жатқан Шишикина
Мария Михайловна тағайындалды. Оның басшылығымен кітапхана 1947 жылы соғыс
аяқталғаннан кейін қала орталығындағы Ленин көшесі, 1 мекен-жайындағы ғимаратқа көшті.
Оқырмандарға сол кездегі бай кітап қорлары мен мерзімді басылымдардың толық
жиынтығы ұсынылды. Қызмет көрсетумен білікті кітапханашылар айналысты. Кітапхананың
оқу залы үнемі оқырманға толы болды.
Соғыстан кейінгі жылдары кітапхана қазақ жазушыларының шығармашылығын
насихаттауға бет бұрды. Осы жылдары Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ə. Əбішев,
Х. Ерғалиев жəне т.б. авторлардың шығармалары бірінен соң бірі жарыққа шықты.
Кітапханада кітап көрмелері ұйымдастырылып, шолулар, əңгімелер, конференциялар
өткізілді.
1950 жылы облыстық кітапхана базасында орта буын мамандарын даярлау үшін
кітапханалық оқудың бір жылдық курстары ұйымдастырылды.
50-жылдардың басында облыстық кітапхана социалистік мəдениеттің шынайы ошағына
айналды. Кітапханада кітаптарды насихаттау бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.
1952 жылдың наурызынан бастап облыстық кітапхана Қарағанды облыстық депутаттар
Кеңесінің Атқару комитетінің шешімімен жазушы Николай Васильевич Гогольдің есімін
иеленді.
Осы жылдары кітапхана облыстың ең ірі кітап қоймасына айналды. 1954 жылға қарай
кітапхананың кітап қоры 70 мың томнан тұрды. Қазақ жəне орыс тілдерінде көптеген
мерзімді басылымдарға жазылды.
Кітапхана оқырмандары арасында көптеген қызықты адамдар кездесті. Қарағанды 50-
ші жылдары Қарлагта мерзімін өтеген көптеген танымал жазушылардың, ақындардың,
ғалымдардың тұрғылықты жері болды. Қарағандыда ғалым А.Л. Чижевский, ақындар Н.
Заболоцкий жəне Н. Коржавин, жазушылар Ю. Герт, М. Зуев-Ордынец жəне т.б. жұмыс
істеді. Олардың барлығы біздің кітапхананың оқырмандары болды. Сонымен қатар,
кітапхананың оқырмандары белгілі ғалым – медицина ғылымдарының докторы, профессор
А.М. Свядощ, ол 1954-1967 жылдары Облыстық психоневрологиялық диспансер базасында
психиатрия кафедрасының негізін қалаушы жəне бірінші меңгерушісі, академик Е.А.
Бөкетов, медицина институтының кафедра меңгерушісі профессор Я.Е. Ламм, профессор
А.Н. Тен, жазушылар Ж. Бектұров, Е. Ибрагим, Ə. Əзиев жəне біздің оқырмандарымыз
Қазақстанның алғашқы комсомолдарының бірі Л.К. Рычков, соғыс ардагері, Беларусь үшін
шайқас Батыры З. Исағұлов жəне т. б. болды.
60-жылдардың ортасынан бастап кітапхана халық шаруашылығы мамандарына
ақпараттық қызмет көрсетуге көшті. 1966 жылы кітапхана директоры болып Князева Юлия
Степановна тағайындалды. Жергілікті билік органдарының қолдауының арқасында
кітапханаға Киров, 44 (қазіргі С.Ерубаев көшесі) мекенжайы бойынша уақытша жаңа
ғимарат берілді.
1969 жылы сəуірде кітапхананың салтанатты ашылуы өтті. Жаңа ғимаратқа көшу
Облыстық кітапханалардың жаңа Жарғысын енгізумен тұспа-тұс келді, оған сəйкес облыстық
кітапхана əмбебап бейіндегі ғылыми кітапханаға айналды. 6 жаңа бөлім ұйымдастырылды.
Қоғамдық-саяси жəне өлкетану əдебиеттеріне ақпараттық қызмет көрсету жүйесі
қалыптасты. 1977 жылы Ташкенттегі кітапхана қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесінде
біздің кітапхана халыққа ақпараттық қызмет көрсету бойынша үздік деп танылды. 1974
жылдың шілдесінде кітапхана базасында Қазақстанның облыстық кітапханаларына қызмет
көрсету бөлімдері басшыларының республикалық семинары өтті.
70-ші жылдар кезеңі облыстағы кітапхана ісінің қарқынды даму кезеңі болып табылды.
1975 жылдан 1978 жылға дейін облыста мемлекеттік бұқаралық кітапханалар
орталықтандырылды, оны Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхана басқарды. 1978 жылдың
аяғында кітапханаларды орталықтандыру сəтті аяқталды. Орталықтандыру қорытындысы
бойынша кітапхана Қазақ КСР Мəдениет министрлігінің дипломымен марапатталды. Сол
жылдары кітапхана облыс кітапханаларына əдістемелік басшылық жасау бойынша
республикалық озық тəжірибе мектебіне айналды.