Page 24 - kzd
P. 24

Уәлиев Д. ҚарМУ - Университтер Ұлы Хартиясының мүшесі // Орталық Қазақстан. - 2005.
            - 7 маусым. - 2  б.
                  Хамзин М. Өрлеуге толы отыз жыл // Орталық Қазақстан. - 2002. - 22 мамыр.
                  Шалқар Ж. Жаңа орталық - тың мүмкіндіктер // Орталық Қазақстан. - 2019. - 24 қыркүйек
            (№ 105). - 4 б.
                  Шалқар Ж. Қарағанды университетінде - жаңа ректор // Орталық Қазақстан. - 2020. - 27
            тамыз (№ 93). - 2 б.
                  Шотбақова Л. Комиссия әділдікке жетелейді // Орталық Қазақстан. - 2021. - 29 мамыр (№
            56). - 6 б.
                  Ыбырай Г. Білім сапасы - басты мәсле // Орталық Қазақстан. - 2010. - 22 маусым (№ 99). -
            4 б.
                                                               4  наурыз  1942  –  2006  Ақын  Жеңіс
                                                               Қашқыновтың туғанына 80 жыл

                  Жеңіс  Қашқынов  1942  жылғы  4  наурызда  Қарағанды  облысы  Ақтоғай  ауданындағы,
            бұрынғы «Қуаныш» ауылында туған. 1959 жылы астанадағы С.М.Киров атындағы №12 қазақ
            орта  метебін,  1964  жылы  ҚазМу-дің  филология  факультетін  бітіріп  шығады.  Алғашқы  кезде
            республикалық «Ленишіл жас» газетінде істеп, 1965 жылдан қазақ радиосында қызмет атқарып
            келді. Одан кейін «Мектеп» баспасында жұмыс істеді.
                  Жеңіс Қашқынов өлеңді мектепте оқып жүрген кезден жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері
            1959  жылы  республикалық  «Пионер»  («Ақ  желкен»),  «Қазақстан    пионері»  («Алау»)
            газеттерінде жарық көрді. Балаларға арналған тұңғыш «Кешкі күн» аталатын кітапшасы 1967
            жылы, ал «Қоңыраулы сағат» атты бір томдығы 1989 жылы жарық көрді. Бүгінде он бірге тарта
            жыр кітаптарын шығарған автор өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдаван, грузин, қырғыз, ұйғыр
            тілдерінде аударылды. Ол сондай-ақ, бірқатар бауырлас жырларды ана тілімізге аударды.
                  Жеңіс  Қашқыновтың  өлең  өлкесінде  қаламының  ұшталып  қанатының  қатаюына
            «Орталық Қазақстан» газеті ерекше ықпал етті.
                  Ж.Қашқынов  шығармашылығының  басты  тақырыбы  –  халқымызыдың  мәрттігі  мен
            ерлігін жырлауға арналған. Бұған дәлел С.Сейфуллин жайлы «Қызыл сұңқар» атты балладасы
            мен  Ақтоғай  ауданынан  шыққан,  кешегі  жаумен  шайқаста  ерлікпен  қаза  тапқан  Кеңес
            Одағының  Батыры  Қ.Нұржанов  жайлы  жазған  прозалық  поэзиялық  шығармалары  дәлел.
            Қ.Нұржанов  жайлы  жиырма  жылдан  артық  уақыт  бойы  деректер  мен  материалдар  жинап
            «Батыр  Қазыбек  Нұржанов»  (1971  ж.)  очерк  кітабын,  «Батырдың  анасы»  (1978  ж.)  атты
            поэмасын қалың жұртшылыққа сыйға тартты.
                  Жеңіс  Қашқынов  ақындығымен  қоса,  мақала,  очерктер,  ой-толғамдарын  ортаға  салып,
            газет-журналдарға бұрын да жазып жүрген қаламгер тәуелсіздік таңы арайлап атқанда тарихи
            тақырыптарға батыл барды. Жалаң тұрғыдан емес, зерделі зерттеулерді салыстыра, бұрындары
            елден естігендерін толықтыра отырып жұрт кәдесіне ұсынды. 1994 жылы тарихи тақырыптарға
            жазған мақалалар мен очерктер топтамалары үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының
            лауреаты  атанды.  Жазушы  өз  шығармашылығын  екі  сала  бойынша  дамытып  жалғастырады.
            Тарихи тұлғалардың кескін-келбетін, іс-әрекеттерін, халқы үшін аямай жұмсаған күш-қайратын
            көрсететін  жарқын  бейнелерін  2001  жылы  шыққан  «Алыптар  мен  арыстар»  деп  аталатын
            өлеңдер мен дастандардан тұратын жыр жинағында сомдады.
                  Ж.Қашқыновтың  өлең  жолдарына  сия  бермейтін  ел  намысын  жыртып,  туған  жерін
            кеудесін қалқан етіп жаудан қорғаған қаһармандардың ерліктерін кеңінен көрсету мақсатында
            проза жанрына бой ұруы тегін емес. 2002 жылы «Жібек жолы» баспа үйінен шыққан «Атыңнан
            айналайын  атамекен»  аталатын  кітабында  Балқаш  пен  Қарағанды  арасындағы  сайын  даланы
            найзаның  ұшы,  білектің  күшімен  қорғаған  батырлар,  жалынды  жырларымен  елдің  рухын
            көтерген  арынды  ақындар,  би-шешендер,  Алаш  көсемдері,  көрнекті  ғалым,  мемлекет
            қайраткерлері,  майталман  еңбек  ерлері  туралы  деректі  әңгімелер,  толғаулары,  портреттері
            енген.



                                                             24
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29