Page 27 - kzd
P. 27
Әлиман Ж. Ұлтжанды ізгілік иесі // Орталық Қазақстан. - 2017. - 28 ақпан (№ 24). - 6 б.
Әлімбаев М. Бала танымдылығын арттырады // Орталық Қазақстан.-2004.- 15 қаңтар.-8 б.
Бөкен А. Сеңді бұзған сол аға // Орталық Қазақстан. - 2012. - 3 наурыз (№ 37/38). - 7 б.,
Тоқырауын тынысы. - 2012. - 7 қыркүйек (№ 39). - 5 б.
Жанысбай С. Ақтоғай ақ Жеңісін алқалады // Орталық Қазақстан. - 2012. - 3 қараша (№
185/186). - 8 б.
Жанысбай С. Ақынын ардақ тұтты // Орталық Қазақстан.- 2002.- 7 қыркүйек.-9 б.
Жанысбай С. Арқаның ақ Жеңісін ұмытпайық // Орталық Қазақстан. - 2012. - 3 наурыз (№
37/38). - 7 б.
Жеңіс Қашқынов: некролог// Орталық Қазақстан.- 2006.- 3 қаңтар.-7 б., Қазақ әдебиеті.-
2006.- 6 қаңтар(№1).-15 б.
Жүнісұлы О. Ақынның рухы халқымен бірге // Орталық Қазақстан. - 2017. - 1 сәуір (№
35). - 4 б.
Кәрім Н. Жеңіс ақын - жұртының жүрегінде // Орталық Қазақстан. - 2017. - 31 қазан (№
121). - 6 б.
Кептербаев С. «Ауылым - арман әнім» // Орталық Қазақстан.-2003.- 25 желтоқсан.-6 б.
Қалымбайұлы Е. Ақиық азаматқа арналды // Орталық Қазақстан. - 2017. - 24 тамыз (№ 94).
- 6 б.
Қасым тойында қанат қаққан жұлдыздар // Қарқаралы.- 2001.- 29 қыркүйек
Қирабаев С. Балажан ақын // Орталық Қазақстан.- 2002.-2 наурыз
Негимов С. Елдік пен ерлікті жырлаған // Орталық Қазақстан.- 2002.-2 наурыз
Негимов С. Жырлары жанды баураған // Орталық Қазақстан.- 1992.- 11 ақпан
Негимов С. Қасымды ұстаз санаған // Қарқаралы.- 1991.-21 желт.
Негимов С. Құнды туынды // Орталық Қазақстан.- 2002.- 21 желтоқсан.-10 б.
Негимов С. Оқырманын қуантатын туынды // Орталық Қазақстан.- 2003.- 6 қараша.-8 б.
Негимов С. Тоқырауынның тұйғыны // Қазақстан ZАМАН. - 2003. - 17 қаңтар (№ 3). - 6 б.
Омарұлы Ә. Жеңіс ақынның жыр кеші // Сарыарқа.- Жезқазған, 2002.- 24 шілде
Оспанов С. Ақжарма жырлар // Орталық Қазақстан.- 2002.-2 ақпан
Рахметолла О. Ағаның жарқын бейнесі // Тоқырауын тынысы. - 2012. - 19 наурыз. - 6 б.
Сейітов С. Сәт - сапар // Советтік Қарағанды. - 1962. - 28 октябрь (№ 257). - 3 б.
10 наурыз 1947 - Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, профессор Халықаралық түрік
мәдениеті ұйымының бас хатшысы Дүйсен
Қорабайұлы Қасейіновтың туғанына 75 жыл
Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов 1947 жылы 10 наурызда Ресейдің Алтай өлкесі, Бийск
қаласында дүниеге келді. Сәби шағын 1953-жылдарға дейін Ресей өлкесінде өткізген ол әкесі
демалысқа шығысымен, Қазақстанның Қарағанды қаласына оралады. Құрманғазы атындағы
мемлекеттік өнер институтын бітірген (1965). Еңбек жолын Қазақ радиосы мен телевизиясы
камералық оркестірінің әртісі болып бастады. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік
консерваториясының аға оқытушысы, Мехико филармониясы оркестінің әртісі, Алматы
мемлекеттік консерваториясы доцентінің міндетін атқарушы, скрипка кафедрасының
меңгерушісі болды. 1984-1987 жж. - Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы. 1987-1997 -
Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ректоры. 1997-2002 жж. - ҚР білім және
мәдениет министрлігінде мәдениет департаментінің директоры, Білім, мәдениет және
денсаулық сақтау министрлігінде мәдениет комитетінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келісім министрлігінде мәдениет комитетінің төрағасы, вице-министр. 2002-2003
жылдары - «Дегдар» гуманитарлық қорының президенті. 2003-2004 жылдары - ҚР Мәдениет
министрі. 2004-2008 жылдары ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2008 жылдан
бастап ТҮРКІСОЙ-дың бас директоры. Профессор. Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,
27