Page 8 - 2021_sofy_smataev
P. 8

«Кешегі қызыл империяның боданында тұрып қазақ халқының Еуразияның
               апайтөс даласында үш мың жылдай сайран салған бекзада заманын сарғайып
               сағынған сәті батыл да ашық суреттелген «Елім-ай» эпопеясын оқырман мен
               жазарман қауым аса жоғары бағалайды. Көрнекті жазушы Ғабит Мүсірепов:
               «Қазақ  прозасының  ендігі  буынының  көш  басында  «Елім-ай»  романының
               авторы Софы Сматаев тұратыны сөзсіз!» деп жазуы осының нақ дәлелі».
                                                                                             Серік Ахметов

                   Өзінің «Елім-ай» атты романында С.Сматаев ХVII-ХVIII ғасырларда өмір
               сүрген  қазақтардың  тұрмыс-тіршілігінің  шынайы  бейнесін  көз  алдымызға
               жан-жақты  тірілтіп  қана  қоймай,  қаһармандық  пен  ерлік,  табандылық  пен
               еркіндік және достық пен махаббатты құрмет тұту тәрізді қазақ халқының
               ұлттық мінез ерекшеліктерін барынша ашып көрсеткен.
                                                                                            Расул Гамзатов

                    ...Дилогияңды  оқып  шықтым.  Көп  ойға  баттым.  Көп  толғандым.  Әрі
               тебірендім.
                    Мұхаңның  «Абай  жолынан»  кейін  сондай  кесек  туындылар  жазылмай
               кетті деп ауызымызды құр шөппен сүртіп келдік қой...
                    «Халқым!  Елім!»  дейтін  жүрегіңді  таныдым,  таптым,  ұлым.  «Ұлым»
               дегенімді дұрыс ұқ, Софы-жан.
                    Тарихқа  адалдық  сенднрде,  жазушыларда  болғаны  қандай  жақсы.  Мұхаң,
               Есенберлин  енді  сен  қазағымның  жоқтаушыларысыңдар.  Іздедіңдер  –
               таптыңдар.
                    Қазақ – кітап оқитын жұрт. Ол «Елім-айыңды» ардақ тұтады. Сөзсіз.

                                                                                     Дінмұхаммед Қонаев.

                    Софының «Елім-ай» дилогиясы – ыстық жүрекпен, шебер де шешен тілмен,
               зерек  зердемен  жазылған,  азаматын  ерлікке,  әлеуметін  бірлікке  шақыруымен
               әсерлі туынды.
                                                                                       Шыңғыс Айтматов
                                                         Марапаттары
                    Қоғам  қайраткері,  қазақтың  көрнекті  жазушысы,  драматург  Софы
               Сматаевтың  басты  бақыты  марапатта  емес,  қаламгерлік  қазынасында  екенін
               барша  жұртшылық  жақсы  білері  хақ.    Дегенмен  де,  жазушы-драматург  өзінің
               қаламгерлік  жолында  елдің  құрметіне,  халықтың  ыстық  ықыласына  бөленіп
               қана қоймай лайықты марапаттарға да ие бола білді: Ол, Халықаралық «Алаш»
               әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің, «Парасат» орденінің иегері.
               Қазақстан Республикасының бірнеше медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
               Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Жезқазған, Балқаш қалалары, Ағадыр,
               Қарқаралы, Шет аудандарының Құрметті азаматы.
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13