Page 7 - 2021_sofy_smataev
P. 7
арналған бұл кітабында ұлтының мүддесін ойлап, халқының қамын жеген
автордың орамды ойлары жарияланған. Автор өзінің философиялық үзік-үзік
ойларын Абайдың қара сөздеріндей жеткізуді көздеген тәрізді. Бүгінгі
қоғамдағы опасыздық, жемқорлық, алдап-арбау, ұрлық-қарлық, бұзақылық,
қатыгездік сынды кері құбылыстарды сөзбен түйреп өткен. Софы Қалыбекұлы
аталмыш туындыдағы қырық жеті ойын санасына сіңіріп алатын көзі ашық,
көкірегі ояу Алаш азаматтарын іздейді.
«Елім-ай» роман-трилогиясы жайында ой
Софы Сматаевтың жазушылық есімін танытқан – оның романдары,
әсіресе, оның тұңғыш романы «Елім-ай». Бұл қазақ тарихының ең күрделі әрі
ауыр дәуірінде туған осы атаулы халық әні тарихымен тікелей байланысты.
Жазушы өзі романның жазылуына ой салған осы «Елім-ай» әні болғанын
әңгімелейді. Мәскеуде оқып жүрген қазақ жастары жиналып, елді еске алғанда,
айтатын әндерінің бірі – «Елім-ай» болыпты.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ел билігінің ауысуына байланысты
партиялық қатаң бақылаудың босаң тартқаны, әдебиет пен өнерде «жылымық»
аталатын кезең туып, белгілі дәрежеде қаламгерлердің еркіндік алғаны тарихтан
мәлім. Осы бір тұста бұрын әдебиетте ақтаңдақ күйде қалып келген, әр
халықтың ұлттық сезімі мен Отан сүйгіштігін айқындауға мүмкіндік беретін
тарихи тақырыпқа жаппай бетбұрыс басталды. Ел мен жер, халық тарихы
арқылы өмірдің бұралаң, қайшылықты даму сырларын көркем әдебиетте
бейнелеп көрсету мүмкіндігі туды. І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов, М.Мағауин,
Ә.Кекілбаев қазақтың белгілі қаламгерлері қазақ тарихының қайшылықты
мәселелерін көтеріп, романдар жазды. Осы ғалымдармен бірге қазақ тарихы
тақырыбына қалам тербеп, осы топтың алдыңғы легінде «Елім-ай» тарихи
роман-трилогиясымен көзге түскен – Софы Сматаев та болатын.
«Елім-ай» – жазушы сайын сахараның ойы мен қырына, көлі мен шөліне,
туған халқына, оның ұлттық дәстүріне, салт-санасына, мейлінше бай тіліне,
дала төсіндегі қыбырсыз қорған-қорымдарда үнсіз жатқан ата-баба рухына
табынған сүйіспеншілігі», - дейді З.Серіққалиев. Сол дәуірдегі қазақ - қалмақ
қатынастары және оған қатысқан батырлар мен ел басшыларының өмірін,
еңбегін Софы Сматаев кейінгі шығармаларына да арқау еткен.
Жазушының дәл осы «Елім-ай» романына Елбасы Н.Ә.Назарбаев бастаған
қазақтың көптеген зиялы қауымы өздерінің пікір, лебіздерін білдірген екен:
«Қазақтың тарихы оның болашағымен ұштасып жататыны белгілі.
Жазушының көркем тілімен жазылған тарих әсіресе есте қалатыны рас.
Сондықтан бұл роман қазақтың бірлігін нығайтуға, тәуелсіз еліміздің
азаматтарын жетістіктерімізге қуанып қана қоймай, Отан үшін, ел үшін
жан аямауға тәрбиелейді деп сенемін».
Н.Ә.Назарбаев ҚР тұңғыш президенті