Page 6 - 2021_sofy_smataev
P. 6
Жазушы, драматург Софы Сматаев Қалыбекұлы
Қарағанды облысы Шет ауданы Киік стансасында дүниеге
келген. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің
филология факультетіне түсіп, бір жылдан кейін
Мәскеудің Болат және қорытпалар институтына ауысқан.
Негізгі мамандығы – инженер-металлург. Мәскеудің «Орақ
пен балға», Туланың, Теміртаудың металлургия
зауыттарында, Қазақ КСР Ғылым академиясының
Металлургия және кен байыту институтында қызмет
атқарды. Біраз жыл «Жұлдыз» журналы проза бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан
КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі болды. 1989 жылдан
Қазақ КСР мемлекеттік Кітап палатасының (қазіргі ҚР ұлттық мемлекеттік
Кітап палатасы) бас директоры болып қызмет істеген. 2006 жылдан бері Алматы
қаласы әкімдігінің кеңесшісі.
Жасынан әдебиетке құмар Софы Сматаев инженер-метталург болып жүріп
әдебиетпен шұғылдана бастайды, өлеңдер, шағын көлемдегі прозалық
шығармалар жазады. Қазақ тарихының мәселелерін зерттеп, тарихи тақырыпта
тың туындылар жазуға дайындалады. Сөйтіп, 1968 жылы мамандығын өзгертіп,
әдеби қызметке ауысады. Жазушы, қазақ сыны мен әдебиетін зерттеу
ғылымында тиісті бағасын алған. Оның кітаптары Р.Бердібай, Ш.Елеукенов,
С.Қирабаев, Т.Сыдықов, З.Серіққалиев сияқты сыншылардың талдауынан
өткен. Жеке кітаптары жайлы көптеген мақалалар мен рецензиялар да жазылған.
Шығармалары
Алғашқы кітабы – «Астана оттары» өлеңдер мен балладалардан құралған.
Содан бергі уақытта жазушы-драматург әр жанрда 20-ға жуық кітап
жариялады. Негізгі прозалық кітаптары – «Елім-ай» роман-трилогиясы,
«Ақжелең», «Бұлақ», «Мәңгілік бастауыш», «Біз құлмыз ба, кімбіз?»
романдары; «Алау», «Алғашқы асу», «Қайран жастық» - повесть, әңгімелер
жинағы, сондай-ақ «Жұмбақ қыз», «Жамбыл», «Жаяу Мұса», «Айбибі –
Нарбота», «Бойдақтар» операларының либреттосы, «Сен кімсің?», «Әз-әзіл»,
«Жұлдызым менің жоғары», «Тағдырлар», «Алтын құндақ», «Зар заман»,
«Далам-ай – панам-ай», «Қазақша кек қайтару», «Қазақша көкірек керу»,
«Көгілдір такси», «Той үстіндегі топалаң», «Көрер ем күнім туса», «Тосқауыл»,
«Үміт пен күдік» т.б. пьесалары бар. «Аймаңдай», «Біржанның соңғы
жұлдызы» (реж. Т.Теменов), «Тағы да Еңлік-Кебек» (реж. Б.Шәріп)
киносценарийлері, 2008 жылы шығармаларының 17 томдығы жарық көрген.
В.Шекспирдің «Юлий Цезарь» драмасын, венгр жазушысы И.Добозидің
«Сейсенбіден бейсенбіге дейін» повесін, ұйғыр жазушысы Х.Абдуллиннің
«Жолдастар», Ю.Мухлисовтың «Садыр палуан» романдарын, Короленконың,
В.Солоухиннің, А.Лупанның, Е.Исаевтың, В.С.Иванов, П.Загребельныйдың
әңгіме, өлеңдерін тәржімалаған. «Елім-ай» романы және тағы да басқа
туындылары көптеген шетел тілдеріне аударылған. 2015 жылы жазушының
«Мұңлы ойлар» кітабы жарық көрген. Софы Қалыбекұлының қалың оқырманға