Page 56 - КЗД_каз_2020
P. 56
20 қараша 1920 - 2010 - ақын, прозаик, аудармашы,
қазақ теледидарының негізін салушылардың бірі,
Қарқаралы қаласының Құрметті азаматы Жаппар
Ералыұлы Өмірбекұлының туғанына 100 жыл
Жаппар Өмірбек 1920 жылы 20 қарашада Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бесоба
ауылдық аумағының Қамхор ауылының Ақжал қыстауында дүниеге келген. 1932 жылы елді
ашаршылық жайлаған жылы әке-шешесімен Қарағанды қаласына келеді. Әкесі шахтаға
орналасып, 1939 жылға дейін Жамбыл атындағы орта мектепте оқиды. 1942 жылы
Қарағандының мұғалімдер институтын бітірген соң Тельман ауданында мұғалім, мектеп
директоры, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі қызметтерін
атқарады.
Тілші қызметін атқарып жүргенде 1944 жылы Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында
С.Сейфуллиннің, А.Байтұрсыновтың шығармаларын оқығаны үшін репрессияға ұшырайды.
Сол жылы 12 қазанда Қарағанды чекистерінің ұйымдастыруымен тұтқындалған қаланың
Жамбыл атындағы орта мектебінің бір топ жастарының ішінде болып, «ЕСЕП» атты
ұлтшылдық ұйым құрды» деген айыппен қамауға алынып, жауапқа тартылады. 1945 жылдың 4
маусымында НКГБ Арнай кеңесінің 58-10,11 статьясы бойынша сотталып, еңбекпен түзеу
лагеріне (ИТЛ) жіберіледі.
1956 жылы 20 желтоқсанда Қаз ССР Жоғары сотының қылмыстық істер бойынша сот
алқасының шешімімен толық ақталады.
1947 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдағаннан кейін, «Жұлдыз» («Әдебиет
және искуство») журналында бөлім меңгерушісі, мемлекеттік қазақ теледидары және радио
комитетінің бас редакторы, «Жазушы» баспасының редакция меңгерушісі қызметтерін атқарып,
1982 жылы шығармашылық жұмысқа кіріседі.
Алғашқы өлеңдері «Қарағанды комсомолы» газетінде жарияланған. «Алғашқы сөз»,
Батырдың қалындығы» дастанының (1958), «Оқ астында туған қыз» (1960), «Азаттық жолында»
және «Махаббат үзілмейді» телепьеса, «Мың терезе», «Жер ұшқындары», «Шуақты күндер»,
«Замандасым сырласым», «Ерлік пен махаббат» роман-дастан, (1966), «Перзенттерім» (1980),
«Сөнбейтін шоқ» романының, «Қызыл қырғын» роман-эссе (1993), «Ер туралы жеті жыр», «24
сағат», «Қызыл су». «Тастүйін», «Сөнбейтін шоқ» хикаяларының авторы. Көркем аудармамен
айналысып Байронның, Г.Лонгфеллоның «Гаявата туралы жыр» поэмасын, Пушкин,
Лермонтов, Франко, Блок, Маяковский, Исаковский, С.Михалков, С.Маршак, А.Туманян,
Н.Баратишивили, М.Раунд, Х.Хакімзада, «Манас» эпосының «Семетейдің еліне қайтуы» деген
бөлімін, қытай, моңғол, корей, якут және басқа республикалар ақындарының өлеңдерін,
солармен бірге В.Кавериннің «Екі капитаны» (екінші кітабы), В.Богомоловтың «Қырық төрттің
тамызы», В.Розовтың «Төрт тамшы көз жасы» пьесасы, «Тынық Дон», «Эльбадағы кездесу» т.б.
он шақты кинофильм және әр елдің прозалық шағын шығармаларын аударған, 43 елдің 86
ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ радиосында балаларға
арналған «Жазира» журналының ұйымдастырушысы болған. Аспирантурада оқып жүріп, әдеби
ғылыми-зерттеулермен айналысып, сыни әрі танымдық-зерттеу мақалалар, көркем очерктер,
көптеген энциклопедиялық, публицистикалық мақалалар мен очерктер жариялаған. Кей
шығармалары орыс, украин, белорус, армян, грузин, лытыш, өзбек т.б. тілдерге аударылған.
Республика мәдениет қызметкерлерінің пленум мүшесі, әрі Президиум мүшелігіне
сайланған, ССРО мәдениет қызметкерлері кәсіподағының Бірінші съезінің делегаты. ССРО
телерадио Комитетінің 60 жылғы конкурсында бірінші сыйлық алған лауреат. Қазақстан
Жазушылар одағының бесінші және жетінші съездерінде Басқарма мүшелігіне сайланған. Көп
жыл бойы Жазушылар одағы жергілікті комитетінің мүшесі әрі төрағасы болып келді.
Қазақстан Жазушылар одағының ардагерлер кеңесін басқарады (1994-2004).
Қаламгердің әдебиет пен мәдениетке сіңірген еңбегі көзі тірісінде бағаланды. Қазақ КСР
Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасының иегері. Сондай-ақ «Тың және тыңайған жерлерді
игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл»
медалімен марапатталған. «Парасат» орденінің иегері, Қарқаралы қаласының құрметті азаматы
(1980), 1999 жылдың 19 мамырынан Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы. 2018 жылы