Шәкәрімнің асыл мұрасы: библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Н.О. Искакова – Қарағанды, 2018. - 9 б.

Жылдағы дәстүр бойынша "Бір ел – бір кітап" акциясы аясында жыл бойына оқылатын кітап таңдалды. Биылғы оқу акциясына тұңғыш рет үш бірдей кітап, Шәкәрім шығармалары, Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя", және Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" кітаптары. Акцияның мақсаты – жастарды патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, рухани мұраны сақтау, отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыру болып табылады.

Қазір әдебиетіміздің тарихында орын ойсырап тұрған, елге ежелден белгілі болған ақын, жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрім атамыз орынды деп білеміз. Өйткені ол-Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, бірі болған - бірегейі. Олай дейтініміз, Абай шәкірттерінің ішінде көп жасағаны да, көп жазғаны да – Шәкәрім. Ол – әрі лирик, әрі эпик ақын және прозаик, композитор және музыкант, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушылырын таныстырған шебер аудармашы, терең ойшыл, әрі бармаған мөр тамған сегіз қырлы өнерпаз. XIX ғасырдың аяғы ұлы ақын дүниеден қайтқан соң, Шәкәрім екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген.

Бұл жадынама 2008 жылы шыққан Шәкәрімнің 150 жылдық мерейтойына арналған библиографиялық жадынаманың жалғасы болып табылады.

Жадынамада қазақ тілінде көрнекті ақын, жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы баяндалып, кітаптар, мақалалар тізімі ұсынылған. Жадынама көпшілік оқырманға арналған.

Хас батыр Қасым Қайсенов: библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Б. Ж. Куртбаева, Н. О. Искакова – Қарағанды, 2018. –14 б.

Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсенов туғанына 2018 жылдың 23 сәуірінде - 100 жыл толады.

Осы айтулы датаға орай Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Хас батыр Қасым Қайсенов" атты библиографиялық жадынама құрастырды.

Жадынамада қазақ және орыс тілдерінде батырдың өмірбаяны, шығармашылығы туралы баяндалып, кітаптар, мақалалар тізімі ұсынылған.

Жадынама көпшілік оқырманға арналған.

2018 жылы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. С.О.  Тельпекбаева. – Қарағанды, 2017. – 90 б.

Сіздердің алдарыңызда "Өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы» атты библиографиялық әдебиеттер көрсеткішінің кезекті шығарылымы. Бұл көрсеткіш Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы 1971 жылдан бастап жыл сайын құрастырып шығарып келеді.

Бұл көрсеткіште облысымыздың тарихындағы, экономикасы мен мәдениетіндегі көрнекті даталарға, белгілі қоғам қайраткерлерінің, Қарағанды облысының дамуына үлкен үлесі қосқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, атақты жерлестер мен азаматтарының мерейтойлық даталарына қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттердің ұсыныстық тізімі беріледі.

Күнтізбенің мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтарының нығаюына, Отаны мен туған жеріне деген рухани махаббатына тәрбиелеуге бағытталған.

Өлкетану бөлімі жұмыс жасаған  баспаның мақсаты: "Рухани жаңғыру» республикалық бағдарламасын жүзеге асыруына мүмкіндік жасау. Күнтізбеге қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды, оның ішінде электрондық және дәстүрлі каталогтар, анықтамалық және библиографиялық баспалар қоры, интернет – ресурстары. 

Көрсеткіш материалдары хронология бойынша тізілген және де "Анықтамасыз және әдебиеттер тізімісіз қосымша даталар» тізімі бар. Айы мен күні белгісіз даталарды кітапханаларда жыл бойында қашанда болса атап өтуге болады.

Қазақ және орыс тілдерінде жасалған көрсеткіш мәдени-ағарту, радио-телевидение, баспа мекемелерінің қызметкерлеріне, студенттер мен оқушыларға, барша өлкетану әдебиеттерін насихаттаушыларына және өз өлкеміздің тарихын білгісі келетін оқырмандарға арналған.

Сонымен бірге кітапханашыларға әдеби кештердің өткізуіне, кітап көрмелерін ұйымдастыруға, библиографиялық анықтамаларды орындауға көмектеседі.

Қазақстан Республикасының 2018 жылы аталып өтілетін және еске алатын күндер  күнтізбесі / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Г.С. Мухамбетчина – Қарағанды, 2017. – 34 б.

Жыл сайын Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының ұмытылмас, тарихи күндеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде күнтізбе шығарады.

Күнтізбеде елімізге танымал ақын-жазушылардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің, ғалымдардың, саясаткерлердің, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің 2018 жылы атап өтілетін мерейтойлы даталары қамтылған.

Сонымен қатар, басылымға тарихи оқиғалардың күндері мен Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелері күндері енгізілген. Мерейтойлы даталарды атап өтуде өзіндік көмегін тигізеді деген мақсатта Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК қорынан табылатын әдебиеттер тізімі ұсынылған.

Күні мен айы белгісіз айтулы даталар бөлек беріліп, оларға да әдебиеттер тізімі жасалған. Күнтізбе материалы әр айға бөлініп, онда жалпы тізім бойынша орналастырылған. Басылым көпшілік қауымға, мамандарға, студенттер мен оқушыларға, мектеп мұғалімдеріне, кітапханашыларға арналған.

Ұлы даланың дана ойшылы - Жүсіп Баласағұн: библиографиялық жадынама / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. Г.С. Мухамбетчина. – Қарағанды, 2017. – 11 б.

Киелі қазақ өлкесі бірқатар ұлы ғұламаларды әлемге паш еткені көне тарихтан белгілі. Ортағасырлық түркі ойшылдары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын сол кездегі ғылым, білім, өнер тілі -араб тілімен қатар түркі тілінде де жазып, өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдыра білді. Олардың қатарына есімдері әлемге танылған аз емес. Сол алыптардың біреуі ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіп Баласағұн.

Жүсіп Баласағұнның əлемдік əдебиет тарихына мəңгілік өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір əдеби мұрасы - "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны.

Жүсіп Баласағұн-философ ретінде және тәрбиелік тағылымы толы педагог ретінде артына өшпес мұра, тәрбиелік дәстүр, өнеге қалдырған адам.

Жүсіп Баласағұнның туғанына 1000 жыл толуына орай құрастырылған библиографиялық жадынамада ойшылдың өмірбаяны, шығармашылығы, ол туралы кітаптар, мақалалар тізімі берілген. Бұл жадынама Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми  кітапхана қорындағы материалдары бойынша жасалған.

Көпшілік оқырман қауымға арналған.