Қаһарлы 1916 жыл : 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне - 100 жыл : библиографиялық көрсеткіш / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы : құраст. А. К. Карашова. – Қарағанды, 2016. – 27 б.

Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 100 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздікке жету - біз үшін даңғыл жол болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қалыптасқан болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті 1916 жылғы ұлт-азаттық күрестің тарихы қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр.

Осы атаулы датаға байланысты "Қаһарлы 1916 жыл" атты библиографиялық көрсеткіш ұсынамыз.

Бірлігіміз – берік, келісіміміз – келісті:  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына : библиогр. көрсеткіш / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. : А.К. Карашова. – Қарағанды. – 2014. – 22 б.

2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен және жетекшілік етуімен 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толды.

Әлемде баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20 жылдық даму жолында ұлтаралық келісім институты тұрғыда нығайып, халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды, консультативті-кеңесші органнан мықты құқықтық негізге және қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды.

Тұрақтылық пен толеранттылықтың, ырыс пен ынтымақтың ұйытқысындай болған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы бүкіл Қазақстан халқы үшін тарихи оқиға, мерейлі мереке болып отыр. Осыған байланысты назарларыңызға «Бірлігіміз – берік, келісіміміз –келісті» атты библиографиялық көрсеткіш ұсынамыз.

Көрсеткіште дербес институт ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жүрген жолы, оның жеткен жетістіктері мен шыққан биіктері еліміздің даму даңғылындағы айтулы оқиғалармен тығыз астасып жатқаны жайлы айтылған. Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы мағлұмат берілген, әр бөлім соңында әдебиеттер тізімі ұсынылған. 

Библиографиялық көрсеткіш жалпы оқырман қауымға арналған.

«Заманауи кітапхана: даму векторы» Республикалық конференциясының материалдары

«Заманауи кітапхана: даму векторы» Республикалық конференциясының материалдары 2014 жыл 5-6 қараша. /Н.В. Гоголь атындағы ҚОӘҒК; құрастырушы В.И. Пак – Қарағанды, 2015. – 78 бет

2014 жылы 5-6 қараша күндері Қарағанды қаласында Н.В. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті.

«Заманауи кітапхана: даму векторы» Республикалық конференциясының салтанатты ашылуы академиялық музыкалық комедия театрында өткізілді.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

Толығырақ...

Жыр-Жауһар: әдеби көркем журнал  / Қарағанды обл. әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст.: Г.А. Ибраева, Р. Қабидолдин, А. Сагитова. – Қарағанды, 2012. - №1. – 98 б.

Қаламыздағы бас кітапхананың іргесінде құрылған «Жыр-Жауһар» поэзия клубы жыр жазатын жас ақындардың бірлестігі ғана емес, сонымен қатар, қазақ поэзиясын сүйетін, Алаш ақындарының жырларын құныға оқитын жастар үшін жұмыс жасайтын орта.  «Жыр-Жауһар» поэзия клубының бес жылдығына және Тәуелсіздігіміздің 20-жылдық мерейтойына  арнайы шығарылған жас толқынның жауһар жырларын оқырман қауымға жеткізетін әдеби көркем журналда  жас ақындардың мерзімдік баспаға шыққан жəне жеке шығармашылығындағы үздік шығармалары басылады.

Қарағандыдағы алғашқы кітапхана: тарих беттерінен. 1934-2009 = Первая библиотека Караганды: страницы истории.1934-2009 : жинақ Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының 75 жылдық тарихына арналған / Қарағанды облысының Мәдениет басқармасы, Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы ; құраст. В. И. Пак. - Қарағанды : Гласир, 2009. - 247 б. : фот.

Бұл «Қарағандыдағы алғашқы кітапхана» жинағы Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының 75 жылдық тарихына арналған және кітапхана тарихы туралы ұмытылған немесе бұрын белгісіз болып келген жеке-жеке материалдарды бір жүйеге келтіруге талпыныс, сондай-ақ кезінде арнаулы білімдері болмаса да  әрқашан кәсіби және адами жоғары деңгейде болған кітапханашылар туралы.

Ертеректе кітапхананың мерейтойлары туралы негізінен шағын ғана ақпараттық материалдармен шектелгенін атап өткен жөн. Алғашқы сондай материал 1973 жылы «Индустриальная Караганда» газетінде берілген. Сонымен қатар біздің кітапхананың тарихы туралы Қарағандылық белгілі журналист И.А.Ляховскаяның бірнеше мақалалары жарияланған. Іс жүзінде тек осы материалдар бойынша ғана кітапхана тарихының негізгі кезеңдерін анықтауға болады.

Толығырақ...