Ақжол ауылдық кітапханасы 1950 жылдан бері жұмыс жасайды, ал 2008 жылы желтоқсан айында үлгілі кітапхана мәртебесі берілді.
Кітапханашы Нафталова Назира Кенесовна, білімі жоғарғы, КарГу, педагогика и психология маманы. 2011 жылы Челябинскінің мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының ақпараттық- кітапханалық қызмет кафедрасының, ақпараттық ресурстар мен технологиялар факультетіне түсіп, КарМТИ-да оқуын жалғастыруда, жұмыс стажы: 9 жыл.
Кітапхана орналасқан ғимараты: мәдениет үйінде (клуб), жер көлемі 120 кв.м. 2010 жылы «Жол картасы» бойынша ремонт жүргізілген, жылу жүйесі пеш котелімен жылытылады.
-
Бақылау көрсеткіштері:
-
Оқырман саны – 694
-
Кітапханаға келімі – 7580
-
Кітап берілімі - 9620
-
Кітапханадағы кітап қоры -19444, оның ішінде қазақ тілінде 10054
2012 жылы кітап қоры 473800 теңгеге 397 дана кітаппен толығып, 31 түрлі мерзімді басылымдарға жазылды. Оқырман сұранымына ие басылымдар Жұлдыздар отбасы, Аңыз адам журналдары, Жас Алаш, Орталық Қазақстан, Қарқаралы, Ақ босаға, Тылсым дүние, Ұлан, Айқын, Қазақ спорты, Қазақстан әйелдері, Ақ желкен, Денсаулық, Ертегілер әлемінде, Айгөлек, Балдырған. Ақжол ауылындағы халық саны - 1050. “Компьютермен оқыту-уақыт талабы” деген сөзді басты мақсатқа ала отырып,«Келіңдер компьютер үйренейік» деген ұранмен «Халықты компьютерлік салауаттыққа оқыту бойынша электронды оқулық» СИН бағдарламасы бойынша жүргізілуде.
«Адам құқығы бойынша цифрлық кітапхананы» күнделікті жұмыс барысында насихатталады.Әкімшілік, мектеп, кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, мұғалімдер өздеріне қажетті құжаттарды алып отырады. Цифрлы кітапхана заңдары ескі, жаңа заңдармен толықтыруды қажет етеді.
Кітапхана интернет жүйесіне қосылған, бірақ жылдамдықтың аздығынан бұл мүмкіндікті толық қолдана алмай отырмыз, арасында оқырмандарға қызмет көрсетеміз.
Кітапханаға 33420 телефоны қосылған.
«Қарағанды облысы кітапханаларында өлкетану құжаттарының қорын сақталуы» жобасы аясында құжаттарды цифрлау жұмысы жасалуда. Өлкеге байланысты құнды құжаттар көшірмесін көшіріліп, жергілікті «Қарқаралы», «Орталық Қазақстан» т.б. газеттер бетіне шыққан мақалаларды, өлкенің мақтаныштары, атақты адамдары М.Мамыраев,Т.Әубәкіровке арналған материалдар жинақталуда.
«Артқа адал, сертке берік сарбаздар.» (Қазақстан қарулы күштеріне 20 жыл), «Жазықсыз жапа шеккен Жайық еді» Ж.Бектұров -100 жаста, «Қазақтың бұлбұлы» К.Байсейтованың туғанына -100 жыл,
«Бір туар құбылыс иесі» Д. Қонаев , «Ұлт басына төнген қасірет» Ашаршылыққа - 80 жыл, «Әлем таныған Әуезов», «Дауыл мен оттан жаралған ақын Қ.Аманжолов», «Ғұлама ғалым - Ақжан Машани», «Абай -дана қазақтың»,«Қоянды жәрменкесі тарихынан»,«Поэзия тұлпары» М.Мақатаев,«Ғұлама ғалым» Е. Бөкетовқа-85 жыл, Жерлес жазушы Ж. Өмірбеков туғанына 90 , «Алаш ардақтылары», «Ауылдан түлеп ұшқан өнер саңлақтары» папкалары жинақтаған.
1987 жылдан бастап кітапханада «Шежіре» қызығушылар клубы „Туған өлке-туған шежіре² девизімен жұмыс жасайды.
«Шежіре» клубы, өз өлкеннің мәдениетін, тарихын, табиғатын зерттеу, Ақжол ауылымыздың тарихын таныта отырып, өз өлкеміздің мәдени-тарихи дәстүрлерін, мұрасын сақтап, жинап ел игілігіне беру және зиялы ұл-қыздарынның, ата-бабаларынын өмір жолдарын білу мақсатында жұмыс жасайды.
Кітапхана тарихына байланысты « Неткен сұлу, неткен көркем, кең жазира туған өлкем» энциклопедиясы толықтырылуда және «Шежірелі батырлар мекені» атты слайд жасалды.
Кітапхана жас оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында „Ауыл тарихы-ұрпаққа мұра, келешекке аманат“ бағдарламасымен жұмыс жасауда.
Оқырмандарға ауылымыздың тарихын таныта отырып, өз өлкеміздің мәдени-тарихи дәстүрлерін, мұрасын сақтап, жинап ел игілігіне беру,оқырмандардың өлкетанушылық – қызығушылартарын арттыру. Кітапхана өз жұмысын әкімшілік, мектеп, мәдениет үйімен бірлесіп жүргізеді.
Жалпы ауыл тұрғындардың кітапханаға деген көз қарастары жақсы. Көпшілік жұмыстарға белсене қатысады. Кітапханамыздың өсіп, көркеюіне тілектес.Ауыл тұрғындары үшін кітапхана өте қажет, өйткені бізде қаладағыдай интернет жүйесі жұмыс атқармайды, кез келген ақпаратты үйде отырып интернеттен ала алмайды.Сондықтан газет, журналдар, кітаптардан іздейді, ал оларды сатып алу ауыл тұрғындарының қалтасы көтермейді. Сондықтан олар кітапхана қызметіне жүгінеді.
Кітапхана оқырмандарының негізігі құрамын мектеп оқушылары, жасөспірімдер, үй шараусындағы әйелдер мен зейнеткерлер құрайды. Оқырмандар залында энциклопедиялар және мерзімді басылымдармен көп жұмыс жасайды. Оқушылар, студенттер, мұғалімдер үшін кітапхананың көмеге зор, үнемі керек тақырыпта ақпараттан туып жатады.
Кітапханада мерекелік даталық күндерге және ақын-жазушылардың мерейтойына байланысты әр-түрлі кітап көрмелер, шолу, конференциялар және т.б. шаралар өткізіледі.
Облыстық Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың жанынан құрылған «Жыр жауһар» поэзия клубының мүшесі ауылымыздың тумасы жас ақын Ақбергенов Еркебұланның бастауымен «Ақжол деген ауыл бар қыр басында...» атты жас ақындардың жыр кеші өтті. Кешке «Жыр жауһар» поэзия клубының мүшелері, бірнеше республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері Дулат Аманжол, Ж.Әлиман, Ө.Еділхан, Ж.Қуандық, Е. Қуатбек, Қ.Зимолла, Б.Тәжібековтар өз жүрекжарды жырларын халыққа тарту етті..
Үлгілі кітапханалардың келешегі зор, кітапхана жұмысын әрі қарай жандандыра жүргізе беру кітапханашының міндеті деп ойлаймын.
Егіндібұлақ селолық орталық кітапханасының іргетасы 1928 жылы қаланды. Кітапхана 2004 жылдың қаңтар айынан бастап үлгілі кітапхана мәртебесіне ие болды.
Қазіргі уақытта кітапхана 2 пәтерлі тұрғын үй есебінде салынған ғимаратта отыр. Кітапхана орны 322,6 шаршы метрді құрайды
Кітапханада бес адам қызмет істейді. Кітапхана меңгерушісі О.Жарылғапова , білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 33 жыл.
Г. Жылтыбаева , білімі жоғары кітапханашы, еңбек өтілі 25 жыл,
Г.Сағатова, білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 30жыл, Ж.Касимова ,білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 25жыл,
Б. Айтжанова, білімі арнаулы орта кітапханашы, еңбек өтілі 8 ай.
Егіндібұлақ селосындағы халық саны - 2978.
-
Оқырмандар саны - 2097.
-
Кітапханаға келуі - 10245.
-
кітаптың берілімі - 20509
-
Кітапханада 91 - 4 – 58 телефоны қосылған.
Кітапхана компьютер үстелі 2, жұмыс үстелі 1, телевизор тумбасы 1, оқырмандар үстелі 6, оқырмандар орындығы 12, көрме стеллаждары 6, екі жақты стеллаж 15, айналмалы кресло 2, Кафедра выдачи 1, Компьютер 2, телевизор 1, коприовал. аппарат 1, сканер 1, принтер струйный 1, принтер лазерный 1, источник бесперебойного питания 2, 1 модеммен қамтамасыз етілген.
2007 жылы кітапхананың жылу қазандығы күрделі жөндеуден өтті. Бірақ кітапхана үйіне, жылу қазандығына тағы да күрделі жөндеу керек.
Кітапханада барлығы 34851 дана кітап қоры бар , оның ішінде қазақшасы 25335 дана. 2012 жылы 797100 теңгеге 767 дана кітаппен кітап қоры толықтырылса, 69 түрлі газет – журналдарға жазылды.
Кітапханада «Орталық Қазақстан», «Егеменді Қазақстан», «Дала мен қала», «Қазақ әдебиеті», «Қарқаралы», «Айқын», «Түркистан», «Халық сөзі»,газеттерімен, «Жұлдыз», «Жалын», «Тіл», «Мәдениет», «За рульем», «Аргументы и факты», «Қазақ тарихы» журналдары оқырмандар арасында көп сұранысқа ие.
Кітапханада «Күй күмезі Тәттімбет» ұсыныс тізбесі, «Мәңгілік жыр тудырған ақын», «Кеудесін кек кернеген кесек талант», «Ой түбіндегі – Оралхан» анәдістемелік библиографиялық кітапшалар мен слайд жасалды. Адам құқығы бойынша цифрлық кітапханадан полиция қызметкерлері, мекеме басшылары, әкімшілік қызметкерлері кейбір заң актілеріндегі өзгерістерді қызмет бабында пайдалануға алады.
Компьютерге салынған СИН – программасы арқылы кітапхана оқырмандары да кеңінен пайдаланады.Оқып үйренеді.
Сондай – ақ кітапханада құжаттарды цифрлау және РАБИС бағдарламаларымен 2011 жылдан бастап жұмыс жасайды.
Кітапханада «Бабаның елі Балқантау» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылған. Жылма жыл шілденің алғашқы сенбісі дәстүрлі «Ауыл күнін» атап өтеді.
Кітапханада баба жөнінде материалдар «Қара қылды қақ жарған Қазыбек би» , «Халық әндерінің академигі» (Жүсіпбек Елебеков), «Тұрсын періште ақын», «Күндіз ақын, түнде – жарық жұлдызбын...», «Күй атасы – Тәттімбет» , «Ел еркесі – ер Мәди», «Қазақтың атақты әншісі Ғаббас Айтбаевтың туғанына 130 жыл» атты папкалар жинақталған.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырында небәрі 36 жыл ғана өмір сүрген ақын жерлесіміз ақын Тұрсын Жұмашевтің артында қалған мәңгілік өшпейтін, жүрегін жарып шыққан, оның жақұт жырлары қалды. Тұрсын ағамызға «Халқының жүрегінде ақын жыры» атты еске алу кеші өтті.
Қазақтың ғажайып азаматтарының бірі, әрі бірегейі, ақын, балалар ақыны Кәрім Сауғабай. Кәрім сауғабайдың 70 жыл толуына орай «Бала деп соққан жүрегі» атты әдеби ертеңгілік өтті.
Республикалық домбырашылар конкурсының лауреаты, шертпе күй шеберінің тікелей мұрагері, Тәттімбет мұрасын жігерлі насихаттаушысы Тұрысбек Түсіпбеков жөнінде материалдар жинақталып кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Қасым жылы, қазақтың төріне шық» поэзиялық кештер өтті.
Сонымен қатар кітапханада «Ата – Мұра» қызығушылар клубы жұмыс жасайды. Папкаға материалдары жинақталды.
Сонымен қатар кітапханада «Өлкетану» картотекасы жүргізіледі. Бұл картотекаға өлкеде болып жатқан жаңалықтар және ақын жазушыларымыздың мерейтойлары, айтулы даталы күндер карточкаға жазылып картотекаға құйылады.
Сонымен қатар кітапханадағы «Ауыл мемлекеттің керегесі» атты ауыл энциклопедиясы толықтырылуда .
Келешекте үлгілі кітапхананың оқырмандарға берері зор. Сондықтан үлгілі кітапханалардың саны өссе нұр үстіне нұр болар еді.
Қасым Аманжолов үлгілі кітапханасы 2004 жылы 28-желтоқсанда Үлгілі кітапхана статусы берілді.
Кітапханашы: Ізбасарова Айсұлу Қапиятқызы, білімі жоғары, кітапханашы маман.
Кітапхананың орналасқан жері: Қ.Аманжолов селолық округі, Талды ауылы, бұрынғы балабақша ғимаратының екінші қабаты.
-
Кітапхана аумағы – 152,3
-
2008 жылы 1 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.
-
Халық саны: - 1140
-
Бақылау көрсеткіштері:
-
Оқырман саны: - 650
-
Кітапханаға келімі: - 7650
-
Кітап алымы: - 15200
-
Кітап қоры 23404, оның ішінде қазақшасы 9778, 2012 жылы кітап қоры 435,700 теңгеге 360 данаға толығып, 157.2 теңгеге 33 түрлі мерзімді басылымдар алып, оқырмандар сұранысын қанағаттандыруда.
Оқырмандар арасында көп пайдаланылатын мерзімді басылымдар : Орталық Қазақстан, Егемен Қазақстан, Қазақстан әйелдері, Парасат, Аңыз, Жұлдыздар отбасы, Жұлдыз, Қазақстан-Заман, Дала мен қала, Ислам және өркениет, Қазақ әдебиеті, Айқын, Ана тілі, Атамекен, Тылсым дүние, Экономка, Қарқаралы, Иман, Жалын, Денсаулық, Қазақ тарихы, Ақиқат, Қазақ тілі мен әдебиет.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы» бойынша Әкімшілік, қоғамдық ұйымдар, ұстаздар, жеке кәсіпкерлер, Шаруа қожалықтар басшылары, үй шаруасындағы аналар қызметтеріне және жеке іс-әрекеттеріне пайдалану мақсатында сұраныстар жасайды. Бірақ айта кететін мәселе цифрлы кітапхана заңдары ескі, жаңа заңдармен толықтыруды қажет етеді.
Библиографиялық жұмыстар: аудандық «Қарқаралы», «Орталық Қазақстан» т.б. газеттер бетіне шыққан мақалаларды: Қ.Аманжоловтың 100 жылдығына байланысты материалдарының көшірмелері жасалды. Және өлкенің мақтаныштары, атақты адамдарына арналған материалдар жинақталып, және тағы да сирек кездесетін, маңызды өлкемізге байланысты материалдар жинақталуы жалғасуда.
Кітапханада «Ұлы Абай ұлағаты», «Ақырын жүріп анық бас» /салауатты өмір салты/, Азапты жылдар шежіресі» / саяси қуғын-сүргін/, «Желтоқсан тарихынан», «Қазақстанның болашағы ана тілінде», «Тұғырлы тұлға» Қ.Аманжолов, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Жолдау болашаққа бағдар» атты папкалар жинақталған.
Өкінішке орай біздің кітапханада интернет желісінің нашарлығына байланысты байланыс жүйесі әзірге қиындық туғызып отыр. Себебі ауылда Қазтелеком арқылы ғана шығуға болады. Ол көп уақытты қажет етеді, дегенмен мұғалімдер, ауыл жастары мүмкіндігінше жұмыс жасайды. Электронды түрде оқырмандарымызды қанағаттандырып отырамыз. Сонымен қатар РАБИС бағдарламасымен де жұмыс жасалмай отыр.
Кітапханаға 37409 телефоны қосылған.
Кітапхана №19 орта мектеппен, Мәдениет үйімен, Кент орман-тоғай шаруашылығымен, Ақбай-Қызылбай, Сарыобалы, Аққора, Белдеутас елді мекендерінің кітапханашылары , ұстаздарымен бірлесе отырып, әртүрлі шаралар ауқымында жандандырып, кітапхананы насихаттап, оқырмандарды көбейтуде үнемі әр топтағы оқырмандар сұраныстарын орындай отырып көпшілік іс-шаралар жұмыстары жүргізіліп отырылады. Кітапхана бойынша сандық көрсеткіштерден оқырмандар санының кемуі биыл байқалуда. Оқырмандардың оның ішінде оқушылардың 70 пайызы оқу бағдарламасына көмек ретінде сұраныспен келеді. Ал 20 пайызы өз білімдерін көтеру үшін кітап алады. Негізгі оқырмандар құрамын жастар мен үй шаруасындағы аналар құрайды.
Өлкеге байланысты құнды құжаттар көшірмесі жасалуда.
2011 жылы аудандық Қ.Аманжолов атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткіәзілген «Дархан дауылпаздың дара дидары» атты әдеби-альманах байқауының қорытындысы бойынша аса ізденімпаздықпен жасалған бұл жұмысымыз барлық қауымға таптырмас мұра, ақын өміріне қатысты барлық мәліметтерді бір арнаға тоғыстыру жұмыстары жүктелген болатын. Ақынның қызмет жасаған жері Орал қаласынан көптеген мағлұматтар, құжаттар, фото-суреттері алынып сонымен қатар туған жеріндегі Қасым құдығы, ескерткіштері суретке түсіріліп, №19 орта мектептегі мұражайдан естелік хаттары жинақталды.
Осы байқаудың қорытындысында үздік альманах иегері деп танылды. Әлі де болса кеңінен насихаттап, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру біздің басты міндетіміз.
Кітапханада «Жас өркен» жастар орталығының жұмысын дамыту (2006ж құрылған), «Жас толқын» жас тілшілер үйірмесі бағдарламасын жандандыру, «Нұрлан шоу» әзіл-сықақ бағдарламасын, «Ауыл тынысы» ауыл әкімі аппаратының хабаршысы ауылдық газетінің шығарылуына ат салысу, 1997 жылы құрылған «Шаңырақ» салт-дәстүрді насихаттайтын қызығушылар клубы жұмыстарын жандандыру, «Еліміздің азаматын, жеріміздің тарихын білейік» атты ауыл энциклопедиясын толықтырып отыру жұмыстары жүргізілуде.
Кітапханада өз ұлтының , халқының мәдени мұраларын игерген, салауатты өмір салтын берік ұстанған әр түрлі толғанарлық тақырыптардағы мәдени шаралар, ойындар, байқаулар, жастар шоу бағдарламалары, сайыстар көптеп өткізіліп тұрады.
2011 жылы 8-шілде күні Қарағанды қаласында облыстық Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасы ұйымдастырған: Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығына және Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына орай; «Дарындылардың алтын шашуы: Әдеби калейдоскоп» - деген тақырыпта семинар-кеңесте «Дархан дауылпаздың дала дидары» атты мастер класс өткізіп, Арнайы осы шараға дайындап әкелген: «Аманжол Рахымжанның Қасымымын...» атты фото-альбом, слайдтардың электронды нұсқалары ұсынылып, көмекші құралдар мен вымпельдар таратып, семинарға қатысушыларға кеңінен насихаттап іс-тәжірибелерімен бөлісті.
19-тамыз күні Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толу мерейтойына орай: «Шабыт берші ақиық ақын арқалы, Жырдан шашу тойыңызға торқалы» атты аймақтық жыр мүшайрасын өткізді.
Кәсіби шеберлікті шыңдауда инновациялық формаларға енгізілген жобалар, бағдарламалар, үйірмелер, клубтар бойынша түрлі қызықты шаралар өткізу, мысалы: «Библиошар», «шебер класс», «сұрақтар қою арқылы спорттық ойындар» түрінде қызықты бағдарламалар, акциялар ұйымдастыру.
Өз жұмысымызды үнемі жергілікті әкімшілікпен, қоғамдық ұйымдармен серіктестік әрекетте қызмет атқарып, тығыз қарым-қатынаста болуға тырысамыз.
Кітапхананың қоғамның әлеуметтік өміріндегі орны және оқырмандармен жүргізілетін жұмыстарының тәсілдерін жетілдіру мәселелері де қарастырылады.
Үлгілі кітапхананың келешегі зор, жүргізілетін жұмыстар өте көп, ауылға библиограф маманы қажет.
Қазіргі таңда ауылымызда халық тұрақтамайды, себебі ауылда табыс көзі жұмыс жоқ. Ауылда тұрақты жұмыс жасап тұрған кітапхана, мектеп, әкімшілік, отбасылық амбулатория.
Үлгілі кітапхана осы өз атына сай ұлттық құндылығымызды жоғалтпау үшін талмай қызмет жасауда кітапхананың келешегі өте мол. Жаңаша түрде жұмыстар жүргізуде, өлкетану жұмыстарын насихаттай отырып, ауылымыздың, туған жеріміздің тарихын жандандырудағы рөлі ерекше.
Бүгінгі күні, кітапхана ісі саласына байланысты ғылыми ізденістер, осы салада көкейкесті мәселелерді шешуге байланысты облыс, аудан бойынша кітапханалармен шығармашылық іс-шаралар. Қазіргі кезеңде мәдениет саласы адамдардың өскелең талабын қанағаттандыруға, рухани байлығын, жалпы қабілетін дамытуға, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруға тиісті болса, бұл міндеттерді іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.
Кітапхана үлгілі кітапхана статусын 2008 жылы алды. Кітапханада 2 кітапханашы маман жұмыс атқарады:
1. Искакова Қымбат Кабдикаримовна. Орта арнаулы кітапханашы , «Мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын сырттай бітірген. Еңбек өтілі - 19 жыл.
2. Мейрманова Гүлжан Амангелдиевна. Арнаулы орта , кітапханашы, еңбек өтілі - 1 жыл.
Кітапхана мәдениет үйінің 2 қабатында орналасқан, аумағы 323кв.м. Жылу жүйесі орталықтан жылытылады. Жөндеу жұмыстары жасалған, кең жарық оқырмандармен жұмыс жасауға қолайлы. Жиһаздары үлгілі кітапханаға сай – 6 үстел, 6 орындық, 6 стелаж, 2 кітап көрмесінің стелажы.
Халық саны – 5100 адам, балалар саны – 15 жасқа дейінгі -681 бала. Кітап қоры – 15106 кітап, оның ішінде қазақшасы – 2104 дана . 2013 жылы кітап қоры 211200 теңгеге 275 дана жаңа кітаппен толықтырылып, 23 түрлі мерзімді басылымға жазылып жас оқырмандардың сұранысын қанағаттандырып отыр.
Бақылау көрсеткіштері:
-
Оқырман саны – 715
-
Келушілер саны – 8610
-
Кітап алымы – 13140
-
Балалар кітапханасында – 1 компьютер, 1 лазерный принтер, 1 сканер.
ABBY Finereader программасы жұмыс жасайды. Орталық Қазақстан, Қарқаралы газеттеріне шыққан өлкетану тақырыбы бойынша 7 оцифровка жасалынды.
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Цифрлы кітапханасы» бойынша жұмыс жасап, оқырмандар сұранымын қанағаттандырылады.
«Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» бойынша компьютерден сауатылықтарын ашуға балабақша тәрбиешілері және бастауыш сынып мұғалімдері келіп үйренеді және де 6-7-8-9 сыныптар келіп өздері дайындалады.
Библиографиялық жұмысты кітапханашылар атқарады. Кітапханада балалардың оқу мәдениетін дамыту мақсатында айына бір рет төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде "Жас кітапханашы" мектебінің сабақтары және "Кітапхана-кітап үйі", кітап үйі, "Кітап қалашығына саяхат"-1 сыныптар апталығы, "Балғьшдарға - кітап әлемі " шаралар айдары. "Кітап патшасында қонақта" шоу, "Білім патшасы-ақпарат мемлекеті", "Кітап теңізінің лоцманы", "Дымбілместе қонақта", "100 кеңес - 100 жауап" библиографиялық сабақтар өткізіліп тұрады. Осы мақсатта кітапханада 2-ші сынып оқушылармен "Кітап патшалығы- данышпан мемлекет" ертеңгілік; "Бала, Кітапхана, Кітап " әңгіме - сұхбаты; "Жануарлар әлемінде" ойын саяхат; "Міне, ең ғажайып - оқу" ойын - сайыс; "Отбасымен ғажайып" оқырман болу; "Кітап-білім бұлағы" мақал мәтел және жұмбақ шеңбері. Актив мүшелерімен:
-
- «Кітаппен қалай жұмыс істеу керек?»;
-
- «Кітапты қалай таңдау керек?»;
-
- «Әңгімені калай өткізу керек?»;
-
- «Окырманға қалай қызмет көрсету керек?»:
-
- «Қарыз оқырмандармен қалай жұмыс істеу керек?» деген тақырыптарда сабақтар жүргізіледі.
Библиографиялық анықтама дәптері жүргізіліп күнделікті берілген тақырыптар тіркеледі. Анықтама, энциклопедиядан, мерзімді басылым беттерінен тауып береміз. РАБИС бағдарламасын қосу биыл жоспарланып отыр.
Кітапханада өлкетану жұмыстары бойынша Өлке тарихы, еңбек ардагерлері, мәдениет майталмандары, Мәди Бәпиұлы, Қарқаралы ауданында туылған ақын жазушыларға арналған, балалар жазушыларына арналған, мектеп бағдарламасына көмек папкалары жинақталған.
Сонымен қатар кітапханада «Ертекші» қуыршақ үйірмесі төменгі сынып оқушылары арасында жұмыс жасайды. «Ертекші» қуыршақ үйірмесінде балалар өздеріне ұнаған ертегісін дайындап көрермендерге ұсынады. Балалар мақал мәтелдер айтып тілдерін жаттықтырып, кейіпкерлердің жуан, жіңішке дауыстарын салып дайындалады. Артынан жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге мінездемелер беріледі.
Кітапханада әрбір нақтылы жағдайға байланысты оқырмандар аудиториясының белсенділігін, кітаптарды насихаттауды тиімді тәсілдері мен түрлерін, әдістерін ұштастыра отырып әр түрлі өткізген жөн: мысалы, ауызша журнал, оқырмандар конференциясы, пікірталас, ауызша насихат, дөңгелек үстел т.б. түрлерін түрлендіріп өткізу қажет. Өйткені бүгінгі оқырмандарды өздері енжар қабылдауына бағытталып жүргізген іс-шаралар емес, керісінше олардың өзін белсенді түрде ұйымдастыратын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан оқырмандарымыздың рухани жан дүнмесін байыту үшін «Бұлақ көрсең көзін аш, сусыныңды қандырар» - деген халық нақылын ескеріп, іс-шараларды түрлендіріп өткізіу қажет. Кітапханада өтіп жатқан кездесу, дискуссиялық клуб, диалог-шолу, дауыстап оқу, ойын-саяхат, слайд-шоу, кітаби жиындар, экспресс-тренингтер, онлайн-тестілеу, веб-викториналар, флэш-моб жаңашылдықтың балалар кітапханасында көптеген тақырыптарда жұмыстар балалармен қызғылықты өткізіледі. Балаларды қызықтырған кітап көрмелері «Сен білесің бе?» викториналық кітап көрмесі, мұнда сұрақтар ілініп қойылып кітаптар қойылды. Мысалы: Құлақ не үшін керек? Осы бойынша балалар сол полкадағы кітаптарды оқып шығып пікірлерін жазады. «Құрбылар кеңес береді» 5-6 сынып оқушыларына, «Әдебиет әлемінде» 7-8 сынып оқушыларына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Жас келсе іске» сыр сұхбат 5-6 сыныптар арасында өткізілді. Әр түрлі тақырыптарда флешмоб, библио алаң өткізу қолға алынған . Балалар мен көпшілік жұмысын өткізуге ең негізгі тек іс-шараны өткізу керек деген мақсат болмау керек. Керісінше өткізілетін кез келген іс-шара оқырман мен қарым — қатынас, күнделікті жұмыс әңгімесінің жалғасы сияқты, балаларға арналған ең жақсы кітаптар өзінен өзі насихатталатындай ойлануға, сезінуге мәжбүр ететіндей, сауатты сөйлеуге үйрететіндей болуы тиіс.
Мысалы үшін біздің іс-шаралармыздың негізгі бағыттары:
-
- «Қазақстан 2050»
-
- «Өткен тарих жолымыз»
-
- «Отанды сүю - Отанға қызмет ету»
-
- «Заң және біз»
-
- «Адамдар арасында өмір сүру де өнер»
-
- «Жер келер ұрпақ мұрасы»
-
- «Дені сау үрпақ - қоғам болашағы»
-
- «Біз және бізді қоршаған әлем»
-
- «XXI — ғасыр білім мен ғылым ғасыры»
-
- «Рухани мәдениеттік таным»
Міне, біз осы бағыттарды негізге ала отырып жоспар жасадық. Осы бағыттарымыздың біреуінің мазмұнын ашып беретін, бір ғана «Қазақстан 2050» бағытын жүзеге асыру үшін екі тарауға бөліп қарастырдық.
-
1. «Болашақ сендердің қолдарында» атты тарауда:
-
- «Жастай алған білімің, тасқа басқан таңбадай». (шығармалар байқауы).
-
- «Білім мен байлық, қайсысы артық?» (пікір талас).
-
- «Замандас, заман талабына лайықтысың ба?» (кәсіпкерлермен кездесу) жоспарланды.
-
2. «Қоғам мен жастар» тарауында:
-
- «Жастар мен билік» (әкімшілік адамдарымен кездесу).
-
- «Кәсіпкерлер мен фермерлерге сенің көзқарасын?» (дөңгелек үстел).
-
- «Қазақстанның жаңа ғасырдағы қадамы» (ел туралы толғаныс жоспарланған. )
Кітапхананың болашағы, әрине балалармен байланысты. Қазіргі кезде төменгі сынып оқушылары кітапханаға жиі келгенді ұнатады және бір-бірі мен жарысып кітап оқиды. Кітапханада олармен дауыстап оқу өткізіліп тұрады. Оларды қызықты хикаялар қызықтырады. Ал жоғарғы сынып оқушылары мектеп тапсырмасы бойынша оқиды.
Балалар кітапханасы Қарағайлы кентінің №16, 17 және «Балдырған» бала бақшасы мен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Осындай жұмыстар атқарылғанмен кітапханада үлгілі кітапханаға сай компьютерлер мен жиһаздар жетіспейді. Қазіргі таңда жас оқырмандар үшін үлгілі кітапхананың келешегі өте зор. Балалар кітапханасын ғылыми, техникалық, технологиялық және мәдени дамудың жоғары деңгейіне шығару мақсатында кітапхана саласында жаңа инновациялық жұмыстарды дамыту жолға қойылса, жаңа жиһазбалаларға арналған кейінгі үлгіде, көрме стелаждары жаңа үлгіде шыныланған болса, компьютерлер залы балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің баланың оқырман болып қалыптасуының мүмкіндіктерін арттырып, шығармашылық оқу арқылы кітапхананың атқаратын қызметін қалыптастыру және дамытуды жаңа сапалық мазмұнға көтереді.
Уақыт өзгерген сайын кітапхана саласындағы қызметте оның әдістері мен бағыттары да түрлене алға басуда. Бала біздің болашағымыз. Қазақстанның бүгінгі мен болашағы жастардың еншісінде. Елімізді 2050 жылы барысқа айналдыратын күш те -бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар. Ендеше бүгінгі жас буын мемлекетіміздің мығым тірегі болсын десек - XXI ғасыр жастарын жан-жақты терең білімді, сауатты болуға баулу қажет. Бұл тұрғыда жүйелі жәрдем беретін шаңырақтың бірі - кітапхана.
Кітапхана үлгілі кітапхана статусын 2008 жылы алды.
1. Сұлтанбекова Жанар Қабыкенқызы. Қарағанды мәдениет колледжі. Кітапханашы. Орта арнаулы, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнында сырттай білім алуда. Жалпы еңбек өтілі -7 жыл, кітапханада -5 жыл
2. Ахмолдина Күлзайра Төлеуовна. КГТИ-Лингва Орталық Қазақстан Университеті, әлеуметтік жұмыс маманы, жоғарғы, « Мәдениеттану» мамандығы бойынша екінші жоғарғы оқу орнын бітірген.
Жалпы еңбек өтілі - 37 жыл, кітапханада-2 жыл.
3. Омашева Мөлдір Темірханқызы, орта арнаулы КГТУ колледжі, қазақ тілі және қазақ әдебиеті маманы, кітапханадағы еңбек өтілі - 2 ай.
Кітапхана мәдениет үйіндегі 2 қабатында орналасқан, аумағы-446,4.
Жылу жүйесімен қамтылған.Жиһаздар: 6 үстел,12 орындық.,кітап көрме стеллажы-4,стеллаж-6.
-
Халық саны – 5100.
-
Кітап қоры - 41798, оның ішінде қазақ тілінде-33894.
-
Кітап қоры 2012 жылы 725800 теңгеге 725 дана кітаппен толықса, 50 түрлі мерзімді басылымдарға жазылып, оқырмандар сұранысын қанағаттандыруда.
Оқырмандар сұранысына ие газеттері мен журналдар :Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар, Иман, Жұлдыздар отбасы, Аңыз адам, Жұлдыз, Денсаулық., Қарқаралы, Орталық Қазақстан .
Бақылау көрсеткіштері:
-
Оқырман саны-2274.
-
Оқырман келімі-18099.
-
Кітап берілімі - 40219.
Кітапхана компьютермен жабдықталған. Интернет жүйесі арқылы ғаламтор байланысы жұмыс жасайды. Оқырман залында 45132 телефоны қосылған. Кітапхана РАБИС бағдарламасымен жұмыс жасайды, АРМ «Катализатор», бар. Кітапханаға 45132 телефоны қосылған. Ақпараттық - библиографиялық бөлімде әр түрлі анықтамалық басылымдар, библиографиялық көрсеткіштер, кітап және газет мақалаларының жылнамалары жинақталған, негізгі жұмыс бағыттары: дәстүрлі және электронды түрде библиографиялық, фактографиялық ақпараттарды жинайды және сақтайды. Газет, журнал басылымдарын өңдейді: пайдаланушылар үшін қажетті әрбір ақпаратты қарап отырады, жаңа ақпараттық технология көмегімен дәстүрлі және электронды картотекаларды және библиографиялық мәліметтер базасын қалыптастырады, ақпараттық қызмет, анықтама – библиографиялық қызмет көрсетеді. Оқырмандар құрамына сан-алуан және барлық санаттағы пайдаланушылар кіреді.Кітапханада «Қазыналы Қарағайлы», «Қарқаралының ақиқтары» т.б папкалар жинақталған , ал «Қазыналы Қарағайлым» ауыл энциклопедиясы үнемі толықтырылып отырылады.
Оқырмандар сұранысын орындауға кітапханада:
- өлкетану, алфавиттік, жүйелік каталогтар;
- мақалалардың тақырыптық картотекасы;
- тақырыптық жинақ папкісі;
- кітапхананың кітап қоры негіз болып табылады:
Ақпараттық - библиографиялық бөлім:
-
- ақпараттық – библиографиялық анықтамалар;
-
- библиографиялық тізбелер;
-
- библиографиялық көрсеткіштер;
-
- ұсыныстық библиографиялық құралдар кұрастырады;
-
- деректер базасынан ақпарат береді;
Интернетті пайдаланушыларға жеделғабыл әрі тиімді және сапалы қызмет көрсетіледі. Кітапхана қорларында жоқ ақпараттар алу үшін. Интернетке қолжеткілімділікті қамтамасыз етілген. Кітапхананың мәдени – ағарту, жұмыстан бос уақыт өткізу және ақпараттың іс-қызметіне, сондай-ақ білім және өз бетімен білім алуға көмек берудегі қызметіне жәрдемдесіледі. Интернет пайдаланушылар бағдарламаларын оқытуды ұйымдастырылған.
Өлкетану жұмыстары бойынша папкалар жинақталады, Қарқаралы, Қарағайлы тарихы, ұзақ жылдар еңбек еткен адамдар туралы, мәдениеті туралы және Мәди, Қарқаралы ауданында туылған ақын жазушылар туралы папкалар жинақталады. Өлкетану тақырыбы бойынша мерзімді басылымдардағы мақалалардың библиографиялық жазбасы енгізілген «Өлкетану картотекасы» бар.
Халқымыздың өткен тарихынан сыр шертетін, әдеби-тарихи жазба мұралар қазақ ұлтының өткен ғасырларда білімді, мәдениетті, өркениетті ел болғандығына дәлел аманаты жазба мұраларды зерттеп-зерделеп, тарихи деректерді жинақтау мақсатында «Қазыналы Қарағайлы» энциклопедиясы толықтырылып отырады.
«Қарағайлы қариялары» атты тарихи-шежірені насихаттау мақсатында жоба (2011-2013) жасалып, халқымыздың ғасырлар бойы жинап, сақтап келген рухани мұрасын қайта пайымдап, өскелең ұрпақ үшін рухани нәр көзіне айналдыру мақсатында жұмыс жүргізіп келеді.
«Алтын аймақ кенді өлке» бағдарламасы (2009-2011) жүргізілді. Бұл бағдарламаның мақсаты: егеменді еліміздің арқасында жасөспірімдерге кенді өлкеміздің тарихымен мәдени дәстүрлерін, жер қойнауындағы кенін келешек ұрпақтың игілігіне жеткізіп, жүзеге асыру болатын.Осы мақсатта біраз жұмыстар атқарылды.
«Тағзым» қызығушылар клубы 1998 жылдан жұмыс істейді. Клуб жұмысының мақсаты: әрбір халықтың саналы өмір сүруі ұлттық өнерімен танылады. Ұлттық өнерді, мәдениетті, тарихты танып білу – бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Мұражайларға бару, театр мен кино әлемі жайлы түсінігін кеңейту, музыка және би өнері, бейнелеу өнерімен жете танысу, олар жайлы өзіндік пікір айта білу әр адамның талғамын кеңейтеді.
Кітапханада өтетін іс-шаралар осы клуб мүшелерінің қатысуымен өтеді. Сондықтан да кітапханашыға көркем әдебиеттегі және өнердегі үлгі өнегелерді тани біліп оқырмандармен жоғары эстетикалық және этикалық қарым-қатынас жасай білуге қол жеткізу мақсатында ұйымдастырылады. Ұлттық салт - дәстүр тәрбиесін жас ұрпақ санасына дарытуды, өнердің қайнар көздері: шешендік, білімділік, ақынжандылық, тапқырлық, имандылық, әдептілік, ақыл-парасатты қалыптастыруға сәтті қадамдар жасайды. Кітапханада «Ұлт рухын көтерген ұлы тұлғалар», «Туған халқын жырлаған ақын» Қ.Аманжолов, Қарағайлының өткені мен бүгінгісіне арналған «Алтын аймақ кенді өлкем», «Қарқаралы ақиықтары», «Ұлт мұрасы ұрпаққа», «Ұлылардан қалған мол мұра», «Ұмытытылмас есімдер», «Тарих қойнауынан», «Алаш ардақтысы»,«Асыл мұра ұлттық тіл» атты кітап көрмелері , «Ананың көңілі балада» , «Той тәңірдің қазынасы» атты наурыз күніне орай әдеби дастархандар, 31 қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Алаштың асыл перзенті» еске алу кештер, оқырмандар конференциясы, дөңгелек үстел, пікір алмасулар, әдеби-музыкалық кештер ұйымдастырылады. Сонымен бірге биыл ана мен баланы қорғау проблемасының маңыздылығы өкімет тарапынан көтерілуде. Бізде ауыл тұрғындарының көбі әйелдер мен балалар. Сондықтан біз салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Ананың тән саулығы - ұрпақтың жан саулығы» деген тақырыпта деңгелек үстел ұйымдастырдық. Дөңгелек үстел барысында оқырмандарымыз Елімізді алдыңғы қатарлы мемлекет қатарына қосатын болашық ұрпақ десек, ал болашақ ұрпағымызда көбелек қыздар көбейіп, тастанды балалардың саны артуда. Оқырмандардың неліктен деген сауалдарына «Әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Ж.Төлеуханқызы ана мен балаға тиісті қамқорлық өз дәрежесінде болмауынан, тәрбиенің де өз дәрежесінде өтпегендігінен деді. Және бұл қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе екенін айта келіп, болашақта ана мен балаға қандай қамқорлық жасалатыны туралы мәліметтер айтты. Ұлтымыздың ұлы мұраттары мен мақсаттары жолында кітапхана оқырмандардың рухани байлығын арттырып, халықтың салт-санасын қалыптастыруда шығармашылықпен жемісті еңбек етіп келеді. Осы мақсатта оқырмандарға Кент тұрғындары ішінде зейнеткерлер бұрынғы ескі жазушыларымыздың шығармаларын, орта буын оқырмандарды детективтер, тарихи кітаптар, дін туралы әдебиеттер қызықтырады.
Лендьел Виктор атты оқырманымыз келген сайын кітапханаға кітап сыйлап тұрады.
Кітапхана әкімшілікпен, №16,17 мектеп оқушыларымен тығыз байланыста болып, іс-шараларды бірігіп өткізеді. Сонымен қоса «Қазақмыс», «Кентөбе» мекемелері мен жеке шаруа қожалықтары арасында демеушілермен жұмыс жасалуда көп жұмыстар атқарылуда, алайда кітапхана жұмысын жандандыруға демеушілердің ықпалын көп қажет етеді. Кітап қорының көбеюіне, заман талабына сай жаңа технологиялық инновацияларды еңгізіп, кітапхананың материалдық – техникалық базасын нығайтуда жаңа үлгідегі кітапханалық жиһаздармен жабдықтауға бар күш- жігерін жұмсап келеді. Кітапхананы жаңа ақпараттық технологиялық жүйеге еңгізіліп, кітапханалық ИРБИС бағдарламасының жобасын жүзеге асырылса. Кітапхананы жаңарту мен дамыту процесстерінің маңызды құраушысына кітапхана мамандарын кәсіби дайындау деңгейін біртіндеп көтеру жатады: жаңа жағдайдағы жұмыстарға үйрету, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау. Оқырмандардың рухани байлығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруда біздің кітапханашылардың әрқайсысының орны ерекше. Осындай мамандықты өмірлеріне серік еткен ұжым мүшелерінің алда атқарар істері әлі де көп.