Қарқаралы аудандық балалар кітапханасы 2008 жылы үлгілі балалар кітапханасы статусын алды. Аудандық балалар кітапханасында 3 кітапханашы маман қызмет көрсетеді. Кітапхананың меңгерушісі Искакова Алтынай Шырақбаевна, білімі арнаулы, жоғары. Шакар Перизат – кітапханашы, білім – жоғары, Жантурина Гүлмира – білімі арнаулы орта. Кітапхана аумағы – 216,6 шаршы м. құрайды. Кітапхана орталық жылу қазандығымен жылытылады.
-
Бақылау көрсеткіштері:
-
Оқырман саны – 1560
-
Кітап алымы – 32170
-
Кітапханаға келімі - 21670
-
Кітап қоры 23435 дана, оның ішінде қазақ тіліндегі кітап қоры - 8103 дана.
Кітапханаға аудандық бюджеттен 2012 жылы 172530 теңгеге 293 дана кітаппен кітап қоры толықса , 141520 теңгеге 45 атаумен мерзімді басылым алынады. Кітапхана Интернет желісіне қосылған. Сондықтан оқырмандар сұранысын нақты және тез орындауға мүмкіндік беруде. Арнайы тіркеу дәптерінде оқырман сұраныстары тіркеліп отырылады.
Кітапханаға телефоны (32623) қосылған. Аудандық үлгілі балалар кітапханасында «Почемучка», «Негіштер» қызығушылар клубы 1983 жылдан бастап қызмет жасайды.
Жас оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрметін, сүйіспеншілігін қалыптастырып дамыту мақсатында «Атамекен» жобасы жұмыс жасайды.
Жобаның мақсаты: Жас оқырмандарға өз өңірінің көне және жаңа замандардағы тарихымен, өлкенің табиғатының қызықты деректерімен кеңінен таныстыру болып табылады.
Аудандық үлгілі балалар кітапханасында жыл басынан бері іс – шаралар көптеп жүргізілуде. Кітапханада 2050 бағдарламасына арналып «Елбасы бағыты, еліміздің бақыты», «Кітап теңізінің лоцманы», «Лоцманы книжных морей», «Әңгіме, өлең, ертегі, ғажайып сыр шертеді» атты кітап көрмелері ұйымдастырылған
Кітапханада өлкетану жұмысы өз деңгейінде жүргізіледі. Атап айтсақ, кітапханада жасалынған үлкен көлемді «Арқадағы шежірелі – Қарқаралы» атты кітап көрмесі үнемі толықтырылып, оған шолу жасалып отырылады. Көрмеде : «Қарқаралы тарихы», «Қаланың көне ғимараттары», «Жалынды революционерлер», «Атақты жерлестеріміз», «Ұлттық парк», «Алаш орда арыстары», «Мәди Бәпиұлы», «Қоянды жәрмеңкесі», «Семей – Невада», «Абай Құнанбаев» атты папкалар жинақталған.
Оқырмандар кітапханада жиі-жиі оқырмандар бенефисі өткізіліп, оған аудан басындағы мектептердің оқушылары белсенділікпен қатысады.
2 сәуірден бастап «Балалар әдебиеті» атты балалар кітап апталығы өткізілді: әдеби қонақжай, «Ертегілік бенефис», «Сказочный бенефис» атты ертегілер күні, «Асыл мұра» аты мәнерлеп оқу, «Менің сүйікті кейіпкерлерім» атты сурет көрмелері ұйымдастырылып, ең үздік деген оқырмандарға арнайы сыйлықтар берілді. Балалар үлгілі кітапханасының жиһазы – 2009 жылы алынған болатын, алайда тозығы жетіп, ауыстыруды қажет етеді. Кітапхана 2009 жылдан бастап орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып жылытылады.