Қарағанды  облысы, Ақтоғай ауданына қарасты  Нүркен  селолық округі ,Нүркен  үлгілі №7 ауыл кітапханасы.

 Нүркен ауыл ,Ақтоғай ауданындағы Нүркен селолық округінің орталығы.Жамшы өзенінің бойында, аудан орталығы оңтүстік –батысында 45км,Қарағанды қаласынын оңтүстігінде 300км жерде орналасқан .Іргесі колхоздастыру кезеңінде 1936 жылы қаланған.Халқы 782 адам.1930 жылы округ аумағында Жамшы,Бірлестік,Қонырат,Жамбыл,Калинин колхоздары ұйымдастырылған .1960-1973 жылдары Ақтоғай және Қонырат сохоздарының құрамына енгізілген, 1973 жылы жаңадан Жамшы савхозы ұймдастырылған .Округ жерінде Жамшы,Қаратал,Түлкілі өзендері,Қызылтас, Жалпаққайын,Соран,Айдай-Қира ,Қосшоқы,Ұрынқай,Имек таулары бар.Ақсай уран кен орны жұмыс жасаған.Шаруашылығының мамандандырылған негізгі бағыты-Қазақстан бойынша асылтұқымды дегірес қойы,қосымша ірі қара,жылқы өсіріледі.Округтің елді мекендеріне (Жалантөс,Жидебай,Қаратал,Ақсеңгір ауылдарды) 3 мектеп,ФАП,клуб,кітапхана басқа да мәдени тұрмыстық мекемелер бар.Ауыл басқада елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады.

Ақтоғай аудандық орталықтандырыған кітапхана жүйесіне қарасты  Жәмші ауыл кітапханасы болып 1978 жылы ашылды.1991жылы совхоз  аты өзгеріп  Нүркен селолық округі болып аталды, сол себептен кітапхана атауы   Нуркен ауыл кітапханасы болып  өзгерді.  1995жылы Нүркен  ауыл кітапханасы қысқартылып жабылды. Жабылған кезінде бүкіл кітап қорына кітапханашы Ғ.Мақсұтова  өзі ие болып  5жыл сақтап  келді. 2000жылы  Мәдениетті қолдау жылына байланысты кітапхана ашылды.  Қарағанды әкімінің қолдауымен  30маусым  2004 жылы   Нүркен  ауыл кітапханасына үлгілі кітапхана статусы берілді Үлгілі кітапхана болып ашылуына облыс әкімінің  тарапынан облыстық бюджеттен қаржы қаралды.Қаралған  қаржыға кітапханаға жаңа жиһаздар, озық техникалар қамтамасыз етілді.  Н.Аяғанова   кітапханашы болып жұмыс атқарды. 2012 кітапханашы өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты жаңа кітапханашы алынды.Е.Смагулова еңбек өтілі1жыл.

Кітапхана ғимараты орналасқан жері Клуб үйі,аумағы 72м,жылуы  АСО.  Қазіргі танда  халық саны 782 тұрғын.   Аудан тарапынан жаңа кітаптар, баспасөз баслымдарымен  қамтылды.Жылма жыл кітап қоры толықтырылуда. Қазіргі таңда кітапхана қоры 11852 дананы құрайды,оның ішінде қазақша қоры 6929 дана .Жаңадан мысалы 2012 жылы 883 дана кітап түсті. Оның қ/т -823 дана.Баспасөз басылымдарына бөлінген қаржы 113160,83тг , жазылған газет саны 15,журнал саны14 құрайды.

Түскен жаңа кітаптар толықтыру көздері олар:Аудандық  бюджет,Облыстық мәдениет басқармасынан әр түрлі бағыттағы кітаптар ,  Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық  әмбебап ғылыми  кітапханадан, сыйға,тілдерді дамыту бөлімінен.

 Бақылау көрсеткіштер:

                 Оқырман – 504

                 Келіп-кетуші- 5908

                 Кітап берілімі -10803

Кітапхана клуб ғимаратының 2-ші қабатында орналасқан. Кітапханаға телефон байланысы орнатылған – 2-13-89

Алып отырған бөлмелерінің көлемі – 84,3кв. м.

Жылу- АСО

Жөндеу жұмысы бірде бір рет жүргізілмеген. Оған қаржы қарастырылмаған.

Қарағанды  облысы, Ақтоғай ауданына қарасты  Шабанбай би селолық округі Шабанбай би  үлгілі №15 ауыл кітапханасы.

Шабанбай би ауылы Ақтоғай ауданындағы Шабанбай би селолық округінің орталығы.Қаратал өзенінің бойында,Ақсоран тауының (биіктігі 1565м) етегінде,аудан орталығы –Ақтоғай селосының онтүстік шығысында 45км, Қарағандының  оңтүстігінде 350км  жерде орналасқан.Іргесі қолхоздастыру кезіңінде 1930 жылдардан бері 5-ші желтоқсан,Ұлы Октябрь,Ақтұмсық  қолхоздары ұйымдастырылған. 1963-1991 жылдары Қаратал кеңшары және Амангелді ауылдық кеңесінің орталығы .Шаруашылықтың мамандандырылған негізі бағыты-қой шаруашылығы,жылқы және ірі қара өсіру болды. Жерінің жалпы аумағы  350 мың га.Округ аумағында Қаратал, Қасабай , Жіңішке өзендері Қараша, Тарасу,Балапан,Тоғызбай, Үшқатты, Қарасоран, Қызылсоран, Құлжа,Керегетас  таулары бар.Бұрынғы Қарашоқы алтын,Ақсай мыс,Молдашілік кен орындары Бесбатыр су қоймасы болған. Округтің елді мекендері-Өндіріс, Бегазы, Керегетас,Сона. 3 мектеп ОДА,ФАП, клуб үйі, «Шалқар» халық театыры, кітапхана басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар.Қеңшар негізінде 65 шаруа қожалығы (1995)құрылған.Біздің заманымыздан бұрынғы VIII-IX ғасырлардың белгілі Бегазы-Дәндібай мәдениеті, Ә.Бөкейханның ата-анасы жерленген Талдыбейіт қорымы бар.Қазақстан Үкіметінің жалпы қазақ Ұлттық кеңесінің торағасы Ә.Бөкейханов, қазақтың сұңғыла шешені Шабанбай би (1754-1839) атақты емші, көріпкел Әнипа Әбілтай қызы, алғашқы мұғалім Б.Қабыкеев,сүретші Сахи Романов, ғалым  докторлары  Г.Жүнусова, Ж.Смагуловтардың  туып өскен  жері. Күйші Аққыз Ахметқызы  тұрған. Ауыл  басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын  Балхаш  т.ж станциясы 250 км жерде.  

Ақтоғай аудандық орталықтандырыған кітапхана жүйесіне қарасты Қаратал совхозы 1965 жылы Қаратал ауыл кітапханасы болып  ашылды.1981жылы кітапханашы Р.Байсеркина зейнеткерліке шығуына байланысты А.Батталова кітапханашы болып тағайындалды   1995жылы Қаратал ауыл кітапханасы қысқартылып жабылды. Жабылған кезінде бүкіл кітап қорына кітапханашы А.Батталова өзі ие болды, 5жыл бойы өз жауапкершілігімен кітапхана қорын сақтады.2000жылы  Мәдениетті қолдау жылына байланысты кітапхана ашылды. Совхоз атауы өзгеріп  Шабанбай би селолық округі болып аталды.    Қарағанды әкімінің қолдауымен 30маусым 2004жылы  Шабанбай би ауыл кітапханасына үлгілі кітапхана статусы берілді. .  Үлгілі кітапхана болып ашылуына облыс әкімінің  тарапынан облыстық бюджеттен қаржы қаралды.Қаралған  қаржыға кітапханаға жаңа жиһаздар, озық техникалар қамтамасыз етілді.Кітапханашы А.Батталова  мамандығы кітапханашы Сәтбаев қаласындағы мәдени –ағарту училешесін бітірген,еңбек өтілі 28 жыл.Кітапхана ғимраты орналасқан жері селолық әкімшілікте,аумағы 61,9м,жылуы АСО.

 Кітапханаға телефон байланысы орнатылған – 26-2-07

 Қазіргі танда  халық саны 925 тұрғындар тұрып жатыр.

 Кітапхана  оқырман саны 502.   Аудан тарапынан жаңа кітаптар, баспасөз баслымдарымен  қамтылды.Жылма жыл кітап қоры толықтырылуда. Қәзіргі таңда кітапхана қоры 15589 дананы құрайды,оның ішінде қазақша қоры 9133 дана.Баспасөз басылымдарына бөлінген қаржы 144870,90тг , жазылған газет саны 21,журнал саны18 құрайды.

Түскен жаңа кітаптар толықтыру көздері олар:Аудандық  бюджет,Облыстық мәдениет департаметінен  әр түрлі бағыттағы кітаптар ,  Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық  әмбебап ғылыми  кітапханадан, сыйға,тілдерді дамыту бөлімінен.

Шабанбай кітапханасы мәдени-ағартушылық, ақпараттық және білім беру ордасы ретінде әр түрлі санаттағы оқырмандарға арналған. Осы киелі шаңырақтан қаншама оқырмандар өздерінің іздегендерін тауып, білім нәрімен сусындатып, рухани азық жинаған.Кітапхананың іші тартымды.Орынды қойылған кітап көрмелері, анықтамалық құралдар, тақырыптық  сөрелер, жып-жинақы кітап қоры кітапханаға келген әр адамды тартымдылығымен  баурайды.

Изучение фонда общественно-социальной литературы в библиотеках Карагандинской области

Изучая состояние и использование литературы общественно-социальной тематики, преследовалась цель:

                  Выявить состав фонда общественно-социальной тематики по хронологическому аспекту;

                  Определить обновляемость «6» раздела фонда;

                  Исследовать интенсивность использования изданий данного раздела в зависимости от года их издания;

                  Выявить наиболее спрашиваемые темы, конкретные книги с высокой обращаемостью, а также издания, не пользующиеся спросом у читателей по причине устаревшей информации, большой дублетности, непрофильности. Подготовка литературы к списанию.

Фонд общественно-социальной тематики по области на 01.01.2007 года 1094955 документов. Это составляет 15,7% от общего фонда (6975962 экз.)

Книговыдача этого раздела фонда составляет 2269884 документов, от общей книговыдачи (9928772) это составляет - 22,8%. Таким образом, обращаемость фонда ОСЛ по области равна 2.

По централизованным библиотечным системам наблюдается иная картина. Хотя обращаемость фонда ОСЛ также равна – 2, процентное содержание общественно-социальной литературы ниже областного – 14,2%. Книговыдача от общей книговыдачи составляет 20,6%.  Подробнее

                     № 9 үлгілі кітапхана-филиалы

№ 9 үлгілі кітапхана-филиалы Жезқазған қаласының әкімдігінің қауылсының шешімі бойынша № 207 «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қарағанды облысының мәдениет саласын дамытудың 2009-2011 ж.ж арналған » аймақтық бағдарламасын іске асыру мақсатында  №9 үлгілі кітапхана-филиалы 2009 жылдың 1 қыркүйегінде Гагарин көшесі, мәдени-сауықтыру спорт кешенінде, 34 шаршы метр,екі бөлмелі ғимаратта есігін ашты.

Алғашқыда  кітапхана  1270 дана кітап қорымен, оның ішінде мемлекеттік тілде 313 дана кітаппен ашылды.Бүгінгі таңда кітапхана Түсіпбеков көшесіндегі 21 тұрғын үйдің  жертөлесінде  50 шаршы метрде орналасқан. Кітапханада оқырман саны- 2252, жыл сайын оқырмандардың келімі 19426-ға жетеді, кітап берілімі 23513 дана.Кітапхана 91-ші орамға қатысты№10 қазақ орта  мектебімен,№9орта мектебімен, «Бексеитова Н.А.»атындағы №1 отбасылық-дәрігерлік амбулаториямен, №6, 9 кәсіби лицейлерімен, №35 «Гулдер» балабақшасымен, гуманитарлық колледж және ПИК «Қасым» мекелерімен бірлесіп жұмыс жасайды. Кітапхананың  сонымен бірге отбасылық оқырмандары да бар. Алғашында 6 отбасылық оқырмандарға қызмет көрсетсе, бүгінгі таңда 10-нан астам отбасылық оқырмандармен біріге жұмыс істелуде.Кітапхананың қоры жылдан-жылға заман талабына сай толықтырылуда.Кітап қоры 4697 дана болса, оның мемлекеттік тілдегісі 2371- дананы құрайды.2012жылы   702 дана жаңа әдебиеттермен жалпы сомасы 398522 теңге 20 тиынға толықтырылды.Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келе жатқан бүгінгі күнде  кітапхана  53 дана электронды басылымдармен қамтылған. Студенттерге арналған «Халықаралық маркетинг», «Бастауыш мектеп педагогикасы», «Психология негіздері», «Туризмдегі бухгалтерлік есеп», «Английский язык» т.б. электронды оқулықтар,   жалпы оқырман қауымға арналған М. Әуезов «Абай жолы», Ә.Кекілбайұлы « Күйші», Ғ.Мүсірепов «Ұлпан», О.Бөкей «Атау кере» аудиокітаптар, балалардың «Уличные гонки: тройной форсаж», «Тайны Бейкер-Стрит» ойын таспалары бар. Оқырмандарға абонемент қызмет көрсетеді.  Кітап қорында қазақ, орыс, шет ел ақын-жазушыларының құнды дүниелерін үйге алып  оқи алады. Көпшілік оқырманның қызығушылығы тарихи әдебиеттерге артуда. Оқу залы 10 орындықпен қамтылған, онда 2012 жылы 19 газет пен 78 журналмен, жалпы сомасы 249832 теңге 41 тиынға толықтырылды.

Оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында мерзімді басылымдар қоры жылдан -жылға өсуде. Кітапхана  240-тан астам басылыммен қамтылған . Атап айтқанда, «Алаш айнасы», «Президент және халық», «Халық сөзі», «Жас спортшы», «Парасат», «Бәйтерек», «Мәдениет» және тағы басқа. Кітапханаға келіп түскен мерзімді басылымдар 2010 жылдан бастап  РАБИС бағдарламасына енгізіліп жатыр, оқырмандар  іздеген тақырыптарын РАБИС және  ғаламтар арқылы тез таба алады. 2011 жылы пайдаланушы 491 болса, 2012 жылы олардың саны 906-ға  артты.

Балаларға қызмет көрсететін кафедра 900-ге тарта мектеп оқушыларына  қызмет көрсетеді. Қор 709-ға жуық құжатпен қамтылған. 2012 жылы 83 дана кітап , 40-қа тарта мерзімді басылыммен толықтырылды. Жазғы демалыс кезінде кітапхана №10 орта мектептің жанынан құрылған «Балдаурен » атты сауықтыру лагерлерімен бірлесе отырып , 3 ай бойы жұмыс жүргізеді. Атап айтсақ,

«Ең  ұлы – қазына – жақсы – кітапхана » атты  экскур-шолу өткізілді. Оларға кітап көрімен таныстырып,алфавиттік және жүйелі каталог туралы айтып,кітапхана ережесімен таныстырылды. Сөз жүмбақтар шешілді, жанылпаштар айтылды.      

Кітапхананың тұрақты оқырмандары,қаламыздағы № 9 мектептің 5-ші сынып оқушылары арасында «Күз ханшайымы» атты сайыс өткізілді. Сайыс:  а) таныстыру, б) сән үлгісі, в) сұрақ – жауап, г) өз өнерлерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу мақсатымен өткізілді.Оқырмандар іс-шарадан үлкен әсер алды,олар сайыстан кейін жаңадан келген кітап,журналдармен танысты.

Кітапханада кітапты насихаттауда да елеулі жұмыстар жүргізіледі. Оның әртүрлі әдістері мен формалары да кеңінен пайдаланылады.

Жыл сайынғы Елбасының халыққа жолдаған Жолдауларын кітапханашылар жылда оқырмандармен бірігіп отырып, тыңдайды. Ой-пікірлерін ортаға салып, Жолдаудағы бағыт-бағдар бойынша кітап көрмелерін ұйымдастырып, жұмыстарына нұсқау ретінде пайдаланады. «Кітаппен бірге әлемді танимыз » - атты флэшмоб өткізілді. Кітап оқудың ролін тосыннан жиналған жұртқа тісіндіру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен өткізілген іс-шара кітапханаға көптеген оқырманың келуіне себеп болды.

«Мәңгілік махаббат жыршысы» атты әдеби кеш Ә.Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толуына орай арналған. Оның мақсаты: жазушының шығармаларын насихаттау және жастарды көркем әдебиеттерді оқуға баулу. Іс-шарада  

« Мәңгілік махаббат жыры» шығармасындағы Халиманың образынан үзінділер оқылып, аудиовизуалдық құралдарды – слайд қолданылды.

Әдеби-сазды кеш  «Салюті Ұлы Жеңістің » ашық аспан астында кітапхана ауласында өткізілді. Үлкендер соғыс жылдары туралы естелік айтты. Кішкентай оқырмандар ән орындады,би биледі. Кеш барысында «Соғыс туралы кітаптармен таныс», «Прочти книги о войне» дәстүрден тыс кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Кітапханашы Игибаева Т. Б.Момышұлына арналған кітаптарды және Б.Момышұлының шығармаларымен таныстырды. Өткізген кездесу кеші оқырман санын толықтырып,мәдени деңгейін көтерілуіне тиімді әсер етті.

Кітапханада библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Ол Ж.Аймауытовтың «Ақбілек » романына арналды. Ол «Бір ел-бір кітап» акциясына байланысты өтіп отырған тілге тиек етті. Кітапханашы Т.Игибаева  Ж.Аймауытовтың  өмір жолына,шығармашылығына тоқталды. Библиографиялық шолуға №10 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Библиографиялық шолу мамұндылығымен, тартымдылығымен есте қалды.

2012 жылы  О.Бөкейдың шығармашылығына арналды, соғанбайланысты «Алтайдың кербұғысы » атты әдебиеттік калейдоскоп өткізілді. Кітапханашылар  жазушының өмір жолына қысқаша тоқталып, «Қайдасың, қасқа құлыным» шығармасы туралы әнгімеледі. «Алтайдың кетбұғысы» атты кітап көрмесінен оқырмандар «Кербұғы», «Человек - Олень» атты шығармаларын  оқыды.

Библиографиялық жұмыс. Кітапхананың жан-жақты анықтама – аппаратының негізінде оқырмандарға сапалы ақпараттық библиографиялық қызмет көрсетіледі. Орындалған анықтамалар саны -100. Библиографиялық сұраныстар «Библиографиялық  дәптерге» тіркеледі. Негізгі сұраныстар,тарих,экономика,тіл саясаты,мәдени мүра,жаңа технологиялар тағы басқа тақырыптар,олардың саны – 906. Және оқырмандарға электрондық құжаттардың берілімі – 1359. Кітапхананы автоматтандырудың негізі-электронды каталог.Кітапхана қызметкерлері «РАБИС»бағдарламасымен жұмыс істеп,жаңа ақпараттық технология көмегімен дәстүрлі және электронды картотекаларды және библиографиялық мәліметтер қорын қалыптастыруда. Оқырмандар сұраныстарын қанағатандыру мақсатында кітапханада газет,журнал материалдармен  толықтырылған папка-досьелер «Кәкімбек Салықов»,«Сүтемген Бүкіров», «Жезқазған – мыс шахары », «Ұлытау – Ұлттың ордасы », «Туған жердің асылы », «Өлкенің ақын – жазушылары », «Олардың есімдері қала көшелерінде », «Местные поэты, писатели». Төмендегідей әдістеме – библиографиялық құралдар шығарылды. Мысалы; «Жезқазған – жезбұлағы жер-ананың!», «Памятники – символы национальной гордости и славы», «Спорт деген бір әлем», және жергілікті ақын-жазушыларға арналған «Ғ.Ештанаев», «К.Ахметов», «Б.Мырзабеков », «А.Омаров», «Е.Сейдахметов.» БАҚ арқылы кітапхананы жарнамалау : Кітапханада өткізілетін мәдени іс-шаралардың барлығы кітапхана жарнамасынан басталады. Біріншіден,олар жергілікті газеттеріміз «Сарыарқа», «Жезказганская газета», «Подробности » арқылы және «Дидар»телеарнасы арқылы өткізледі: Асаубаева, Б.  Казахстан – правовое государство:вечер истории в библиотеке. // Жезказганская правда.-2010. – 3 сентября. (№57). – С.6.

Кажмағанбетова А,Игібаева Т. Кітапханадағы мереке // Сарыарқа. – Жезқазған,2011.- №23.-10маусым.-3 б.

Асаубаева Б. Рухани нәрдің бұлағы: Кітап – рухани қазына. // Мысты өңір – Жезқазған,2012. -3 ақпан (№5). – 5 б.

Казахстан – золотая колыбель народов.// Жезказганская газета,2011.-6 мая (№18)

«Салюті ұлы жеңістің »// Жезказганская газета,2011.-14 мая (№19)

Ожившие наследие.Обряды казахского народа. // Жезказганская газета, 2011.-1 апреля (№13)

Профессионалы своего дела. // Жезказганская правда,2012.-18 мая  ( №20).

Вместе с книгой открываем мир.// Жезказганская газета,2012.- 26 октября (№44).С.5

Куанышева,А. Знаешь ли ты свою маму? // Жезказганская правда,2013.-14 марта (№10) – 2 б.

Семинарға қатысқан мәліметтер.

Кітапханашылар семинары // Жезқазганская газета,2007.-30 ноября..-С.10.

Кариева К. Оқырман жүрегіне жол табу үшін.// Сарыарқа,2010.-11 маусым (42).-3 б.

Кариева К. Опыт специалиста ценен вдвойне. //Жезказганская правда,2010.-16июня (212). – 4 б.

Кітапханашылар біліктілігін арттыру үшін ОКЖ ММ-нің өткізілген іс-шараларына, семинарларына, практикалық, сайыстарына қатысып тұрады. Айта кетсек, 2012 жылғы«Модельді кітапхана - әлеуметтік даму айнасы» атты сайысқа қатысты . І кезеңдегі І тапсырма бойынша «Кітап-рухани нәрдің бұлағы» атты эссе жазылып, «Мысты өңір» газетіне жарияланды. ІІ тапсырма  бойынша Powerpoint бағдарламасымен «Қара өлеңін тапсам деп жарасымын»(ақын Кенжебай Ахметовтың шығармашылығына) слайд, ІІІ тапсырма « Халық қолөнері – асыл қазына »-дәстүрлі емес кітап көрмесі жасалып, оқырмандарға насихатталды. ІІ кезеңнің нәтижесінен кейін  жеңіске жетіп,300000 мыңға   кітап қорын толықтыруға сертификат тапсырылып, түрлі түсті МФУ және I –дәрежелі диплом сыйлады.

Кітапхана қызметкерлері : Асаубаева Балхия – кітапхана-филиалының меңгерушісі.

Жезқазған қаласының мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөлімін бітірген,еңбек өтілімі - 34 жыл,9 ай. Көп жыл бойы М.Әуезов атындағы кітапханада кітапханашылықтан бастап, әдіскерге дейін көтеріліп қызмет жасаған. Н.В.Гоголь атындағы кітапханадағы семинарға қатысып, Нура ауданы Изенді селосында болды, үлгілі кітапхана жұмыстарымен танысты.Асаубаева Б. 2004 жылы облыстық курстың «Кітапхана қызметінің әдістемелік жабдықтауы» тақырыбы бойынша дәріс алғаны үшін сертификатқа ие болды.Асаубаева Балхия С.Сейфуллин атындағы семинар-кенеске қатысты.Ол «ОКЖ кітапханалық саясаты: бағдарламалар мен даму басымдықтары» және «Кәсіптік жетістікке жарқын жол » деген тақырыпты мәселе өзегіне айналдырып,үлкен ой салды.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мемлекеттік мекемесі С.Сейфуллин атындағы кітапханашылар ұйымдастырумен өткізген  «Іс-тәжірибе алмасу күні » өтті.

 «Мамандығым – мақтанышым » атты тақырыптаАсаубаева Балхия өзінің кітапханаларындағы оң өзгерістерге тоқталды және өздерінің толғандырып жүрген мәселелерді талқылады.

Игибаева Тілектес Молдағалиқызы – ж.д., санаты жоқ кітапханашы.

Жезқазған педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығын тәмамдаған,еңбек өтілімі – 2жыл. Аз жыл ішінде оқырмандармен тіл табысуы, оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға ынтасының жоғары екендігін жұмыс барысында көрсетуде, іс-шара кезінде жаңа ойларымен бөлісіп, үнемі ізденіс үстінде.

Қажмағамбетова Айнұр Төлегенқызы . Білімі- орта арнаулы, Жезқазған гуманитарлық колледжін тәмамдаған. 2011 жылдың сәуір айынан кітапханада кітапханашы қызметін атқарады. Бүгінгі таңда бала күтіміне байланысты демалыста. ( суреттің сол жағында)

 

 

  • Жезқазған қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ММ-сі
  • № 2 үлгілі кітапхана -филиалы.

Кітапхана 1976 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдан бастап М.Әуезов атындағы қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрамына кірді. Кітап қоры 3000 дана көлемінде болған.

Жезқазған қаласының әкімдігінің қаулысының шешімі бойынша № 884112  25.12.2008 ж. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ, «Мәдениет туралы  2006 жылғы 15 желтоқсандағы №207 Заңдарға сәйкес, 2007-2009 жылдарға арналған Қарағанды облысының мәдениет саласын дамыту» аймақтық бағдарламасына сәйкес №2 кітапхана-филиалы №2 модельді кітапхана-филиалы деп аталды.

Оқу залы, абонемент, балалар бөлімі бар.94.8 шаршы метр көлемі бар шағын ғана кітапхана 74,79 ықшам аудандары мен Рыбачий, Комбинатский елді-мекендеріндегі тұрғындарға қызмет етеді. Жылдан жылға көп  жетістіктерге жетіп келеді.  

Қазіргі таңда кітапханаларды компьютерлендіру, ғаламторға қосылу, ақпараттандыру ісі жаппай белең алды, кітапханашылар жаңа технологияларды меңгеруші маманға айналды. Осы орайда біздің кітапхана да жаңа талапқа сай жабдықталып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғаламторға қосылып, телефон орнатылды, «РАБИС» электрондық бағдарлама мәлімет алуға қол жеткізді. Осы бағдарлама арқылы жаңа түскен әдебиеттерді кіргізіп, баспа бетіндегі мақаларды және өлкетану мақалаларын кіргізу арқылы электрондық картотека жасап, пайдаланушылардың сұраныстарын тез арада қанағаттандыратындай жұмыстар атқаруда.

Кітапхана қорында 10090 дана кітап бар, оның ішінде кітап-9595,газет-131,журнал-311,электронды басылымдар-53.Мемлекеттік тілде-7097. 2012 жылы кітап қоры толық тексерістен өтіп, 9411 кітап шығысқа шығарылды, оның 542 данасы мемлекеттік тілде.

 Жаңа жиһазбен жабдықталған оқу залы 15 орынмен қамтылған. Жылдан жылға оқырман залының қоры жаңа энциклопедия, мерзімдік басылымдармен толықтырылады. «Ұлттық энциклопедия», «Денсаулық», «Оқушы анықтамасы», «Айбын», т.б. энциклопедияларды студенттер мен оқушылар,   «Мектептегі мерекелер», «Тәрбие құралы», т,б. мерзімдік басылымдарды мұғалімдер көп пайдаланады. Бір жылда 1500 оқырманға қызмет етіледі.

Кітапханамызда оқырмандарды қызықтыру үшін сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен бірлесе көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады.

«Жаңа Қазақстан,жаңа бағыт» «Тәуелсіз Қазақстан: Күннен күнге», т.б. атты тұрақты көрмелер,     мерзімді «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты көрме- сөзжұмбақ, «Тәуелсіздік-адамзаттың бақыты» атты көрме-сандық,   т.б. әр түрлі  көрмелер  ұйымдастырылады. «Тілім менің – тірлігімнің айғағы » - сайыс, «Курение: дань моде, привычка или болезнь?»,- ток-шоу,  «Қоршаған ортаны қорғау»-тазалық шеруі,  т.б. іс-шаралар әр түрлі оқырман топтарымен өткізіледі.

Жалпы оқырмандар саны 2315, кітап берілімі 43536, келушілер саны 31680 адам болып отыр. Кітапханамыз оқушыларға, ұстаздарға, студенттерге, мекеме қызметкерлеріне қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.Заман талабына сай заманауи технологияны қолданып, ғаламтордан алынатын мәліметтерді оқырмандарға ұсынып келеміз.

Абонементте 1220 оқырманға қызмет жасалады. Бір жылда 17410 оқырман  келіп үйге 24473 басылым алып оқылады.

Кітапханамызда оқырмандарды қызықтыру үшін сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен бірлесе көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Кітапханамыз сонымен қатар ЖТК,КБК студенттерін  «Кәсіби бағдар» атты жарнамамен кәсіптік білім сериясынан шыққан оқулықты мамандықтарына  байланысты ЖТК колледжінің кітапханашысы Акимочкина Л.Ю бірлесе отырып тоқсан сайын жарнамалап кітап тізімін ұсынамыз.

Балалар бөлімінде әсем безендірілген, кең көлемде «Балалар әдебиетінің қазынасы. Мир детской литературы» тұрақты кітап көрмесі жаңа кітаптармен толықтырылып балаларға жұмыс жасайды.Осындай іс шаралардың басым көпшілігі отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын тақырыптарға арналған.        Ашық көрмелерде жаңа кітап, журналдар орналасқан. Кейінгі кезде «Әлем балалар  әдебиеті», «Табиғатты ғажайыптар», «Алтын классикасы, «Тарихи тұлғалар» атты сериялар бойынша келіп түскен кітаптар, «Сен білесің бе?», «Қызықты биология», т.б. энциклопедиялар балаларды көп қызықтырады. Жылда 1095 бала 19063 кітап алып оқиды. «Біз бақытты баламыз»- думанды шоу, «Балдәурен балалардың серігі» -әдеби саяхат, т,б. Қызықты іс-шаралар үйымдастырып тұрады.  

Интернат және «Үміт»  үйінің тәрбиеленушілеріне қуаныш пен шаттық сыйлау, жандарын жылылыққа, мейірімге бөлеу, сонымен қоса кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен балалар мерекесіне орай «Күлсін барлық бала шат!»-атты мереке-шоу, «Біз өмірдің гүліміз» атты жұлдызды сәт, «Через книгу к добру и свету»   атты акция өткізілді. Осы сияқты іс,шаралар жыл сайын өткізуге дәстүрге айналған.

2011 жыл Алматы қаласының Бегалин атындағы кітапханасының ұйымдастырған «Иран –жемчужина Востока » атты сайысқа тұрақты оқырман  Жалмурзин Бекзат қатысып Ираннан келген алғыс хатқа ие болды. 

Оқырмандардың  қызығушылығына байланысты «Зерде», «Қиялшылар», «Ертегілер ізімен», «Жанұя» топтары белгіненді.

Соның бірі «Жанұя» тобында алғашқыда 5 отбасы болса, кейін тағы 5 отбасы қосылып  отбасылар мүшелерін кітап оқуға қызықтыру, ересек пен балалардың арасындағы қарым-қатынасын жақындату, бос уақытты тиімді пайдалана білуге ықпал ету мақсатымен «Жанұя » клубы деп аталды.

«Имандылық жарасады ұл-қызға» -танымдық кездесу, «Шаңырақтың шуағы»-сұхбат, «Отбасындағы кітап оқу мәселесі» «Взрослые заботы о детском чтении»-көрме-презентация, «Отбасы-алтын дінгек»-сайыс, «Супер-оқырман-отбасы»-фотостенд (Салықовтар, Сәрсетай, Жухановалар, Рустамовтар, Қожахметовтар, Зайковы, Әмір, Шмидт, Әшеновтар)  т.б.  іс-шаралар арқылы отбасылар мүшелерін кітап оқуға қызықтыру, ересек пен балалардың арасындағы қарым-қатынасын жақындату, бос уақытты тиімді пайдалана білуге ықпал ету мақсатымен ұйымдастырылды.

Кітапхана өлкетану жұмысына көп көңіл бөледі. Оқушыларға отан сүйгіштікке тәрбиелеу, табиғатты аялау, аға-апаларымыздың елін, жерін ерлікпен, жау-жүрек батырлықпен қорғау білгенін, олардан үлгі алуға баулу мақсатымен  өткізілген «Болашақ үшін күрескен...» атты естелік сағаттың, «Қазақ тарихындағы қасіретті жылдар» атты тарихи сағаттың, «Бір шаңырақ астында» атты достық орбитаның, «Қандай нәзік Жер-ана» атты калейдоскоптың мәні зор болды. Қ.Сәтбаевтың  Жезқазған қаласының дамуына үлесі мол туралы «Дара шыққан дарын»-өлкетану сағаты, «Ұлттың ұлы перзенті»-көрме-шежіре, «Үлкен Жезқазған»- библио -саяхат өткізу аясында М.Сәрсекеевтың «Дара дарын» Ж.Ерманның  «Өлеңнен өрнектелген өмір» атты кітаптардан, «Қаныш Сәтбаев» энциклопедиясынан,  «Жезқазған –туған мекен», «Жезқазғанның белгілі адамдары» атты тақырыпты папкалардан көп мәлімет алды.

Кітапхананы, кітапты насихаттау мақсатымен көптеген әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Солардың бірі «Ата-аналар, сіздер үшін!»-экспресс-жарнама, «Детям о курении»-ақыл-кеңес, «Мұғалімдер, сіздер үшін!»-ұсыныс тізім, «Журнал әлеміне саяхат»-жарнама, «Я познаю мир»-ұсыныс құрал. «Сіздер үшін хабарламалар!» - ұсыныс тізімдер шығарылған.

Кітап күніне қарсы  қалалық деңгейде ұйымдастырылған     ірі іс-шараның бірі «Кітапхана аялдамасы».  Кітапханашылар поезі аялдамасына кітап көрмелері поездың вагондары сияқты етіп қойылып, бірнеше үстелге орналастырылған. «Оқырман отбасы», «Менің сүйікті кітабым» атты суретті көрмелер ілінді. Кітапхана белсенділері кітап туралы, өлеңдер оқып, ән шырқады. «Өзіңе сыйлыққа кітап таңдап ал» акциясына қатысуға шақырылды.Біз, кітапхана қызметкерлері, өздеріміздің біліктілігімізді әрдайым қалалық семинар-кеңестерге қатысу арқылы және қәсіби журналналдар оқу арқылы арттырып отырамыз. Сондай-ақ   «Кітапхананы насихаттаудағы жұмыстарының жаңа түрлері» атты іс-тәжрибе алмасу күні біздің кітапханада өтті. Сол күнге ұйымдастырылған «Жаңа баспа сенікі!» атты көрме-ассорти, өткізілген Ж.Кейкіннің «Қазақы атаулар мен байламдар» атты кітабы бойынша бір кітапқа саяхат қатысқан кітапханашылардың көңілдерінен шықты.

2012 жыл өткізілген «Модельді кітапхана-әлеуметтік даму айнасы» атты конкурсқа қатысып, «Тау ұлы »(Баубек Бұлқышевтің шығармашылығына) слайд  ұйымдастырылды. «Махаббат жаршысы» (Ә.Нұршайықовтың махаббат тақырыбына) дәстүрлі емес кітап көрме жасалды. «Кітап- рухани нәрдің бұлағы» атты эссе І кезеңде орындалды.

2 кезеңде  ІІ орынға иеленіп 100000 тг бюджеттен кітап қорын толықтырылды. Түрлі түсті фотоаппарат сыйға тартылды.

Оқырмандардың сұраныстарын сапалы орындауда библиографиялық құралдардың, картотекалардың, тақырыптық папкалардың орны ерекше. Үйткені көп табылмайтын  мәліметті мерзімдік басылымдардан алуға болады.   Іс-шараларды дайындау барысында міндетті түрде тақырыпқа байланысты жауынгер-жазушылар», «Тарихи тұлғалар»,   «Бір ел-бір кітап акция аясында «М.Жұмабаев –жыр патшасы», «Ж.Аймауытовтың әлемі», «Қазақтың Фаризасы»,т.б. папка-досьелер ашылды.

Сексенбаева Динара Мақсұтқызы – кітапхана-филиалының жетекшісі.

Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің орыс тілі мен әдебиет, ағылшын мамандығын тәмамдаған, еңбек өтілімі – 6 жыл.

Кітапхана саласында кітапханашылықтан бастап жетекшілікке дейін көтерілді. Жаңа технологияны кітапхана ісіне оңтайлы пайдалануда. Бүгінгі күні бала күтіміне байланысты демалысты. (суретте оң жақта).

Жансейітова Наушагүл Карбозқызы – ж.д., ж.с. кітапханашы. Қыздар педагогикалық институтының кітапхана бөлімін бітірген, еңбек өтілімі – 32 жыл. Оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруда елеулі үлес қосуда. «Жанұя» отбасылық клубын ұйымдастырушысы. Кітап қорын іс-шара арқылы насихаттауда.

Сүлейменова Жанат Алиасқарқызы –ж.д., санаты жоқ кітапханашы. Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің экономика-менеджмент мамандығын тәмамдаған, еңбек өтілімі -1 жыл. Аз уақыт ішінде кітапхана жұмысын үйренуге деген ынтасы айқын байқалады және кітапханадағы өтілген іс-шараларды жауапкершілікпен өткізуге ат салысады. Сонымен қатар кітапхана тынысын БАҚ арқылы насихаттауда сүбелі үлес қосуда.