№ 9 үлгілі кітапхана-филиалы
№ 9 үлгілі кітапхана-филиалы Жезқазған қаласының әкімдігінің қауылсының шешімі бойынша № 207 «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қарағанды облысының мәдениет саласын дамытудың 2009-2011 ж.ж арналған » аймақтық бағдарламасын іске асыру мақсатында №9 үлгілі кітапхана-филиалы 2009 жылдың 1 қыркүйегінде Гагарин көшесі, мәдени-сауықтыру спорт кешенінде, 34 шаршы метр,екі бөлмелі ғимаратта есігін ашты.
Алғашқыда кітапхана 1270 дана кітап қорымен, оның ішінде мемлекеттік тілде 313 дана кітаппен ашылды.Бүгінгі таңда кітапхана Түсіпбеков көшесіндегі 21 тұрғын үйдің жертөлесінде 50 шаршы метрде орналасқан. Кітапханада оқырман саны- 2252, жыл сайын оқырмандардың келімі 19426-ға жетеді, кітап берілімі 23513 дана.Кітапхана 91-ші орамға қатысты№10 қазақ орта мектебімен,№9орта мектебімен, «Бексеитова Н.А.»атындағы №1 отбасылық-дәрігерлік амбулаториямен, №6, 9 кәсіби лицейлерімен, №35 «Гулдер» балабақшасымен, гуманитарлық колледж және ПИК «Қасым» мекелерімен бірлесіп жұмыс жасайды. Кітапхананың сонымен бірге отбасылық оқырмандары да бар. Алғашында 6 отбасылық оқырмандарға қызмет көрсетсе, бүгінгі таңда 10-нан астам отбасылық оқырмандармен біріге жұмыс істелуде.Кітапхананың қоры жылдан-жылға заман талабына сай толықтырылуда.Кітап қоры 4697 дана болса, оның мемлекеттік тілдегісі 2371- дананы құрайды.2012жылы 702 дана жаңа әдебиеттермен жалпы сомасы 398522 теңге 20 тиынға толықтырылды.Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келе жатқан бүгінгі күнде кітапхана 53 дана электронды басылымдармен қамтылған. Студенттерге арналған «Халықаралық маркетинг», «Бастауыш мектеп педагогикасы», «Психология негіздері», «Туризмдегі бухгалтерлік есеп», «Английский язык» т.б. электронды оқулықтар, жалпы оқырман қауымға арналған М. Әуезов «Абай жолы», Ә.Кекілбайұлы « Күйші», Ғ.Мүсірепов «Ұлпан», О.Бөкей «Атау кере» аудиокітаптар, балалардың «Уличные гонки: тройной форсаж», «Тайны Бейкер-Стрит» ойын таспалары бар. Оқырмандарға абонемент қызмет көрсетеді. Кітап қорында қазақ, орыс, шет ел ақын-жазушыларының құнды дүниелерін үйге алып оқи алады. Көпшілік оқырманның қызығушылығы тарихи әдебиеттерге артуда. Оқу залы 10 орындықпен қамтылған, онда 2012 жылы 19 газет пен 78 журналмен, жалпы сомасы 249832 теңге 41 тиынға толықтырылды.
Оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында мерзімді басылымдар қоры жылдан -жылға өсуде. Кітапхана 240-тан астам басылыммен қамтылған . Атап айтқанда, «Алаш айнасы», «Президент және халық», «Халық сөзі», «Жас спортшы», «Парасат», «Бәйтерек», «Мәдениет» және тағы басқа. Кітапханаға келіп түскен мерзімді басылымдар 2010 жылдан бастап РАБИС бағдарламасына енгізіліп жатыр, оқырмандар іздеген тақырыптарын РАБИС және ғаламтар арқылы тез таба алады. 2011 жылы пайдаланушы 491 болса, 2012 жылы олардың саны 906-ға артты.
Балаларға қызмет көрсететін кафедра 900-ге тарта мектеп оқушыларына қызмет көрсетеді. Қор 709-ға жуық құжатпен қамтылған. 2012 жылы 83 дана кітап , 40-қа тарта мерзімді басылыммен толықтырылды. Жазғы демалыс кезінде кітапхана №10 орта мектептің жанынан құрылған «Балдаурен » атты сауықтыру лагерлерімен бірлесе отырып , 3 ай бойы жұмыс жүргізеді. Атап айтсақ,
«Ең ұлы – қазына – жақсы – кітапхана » атты экскур-шолу өткізілді. Оларға кітап көрімен таныстырып,алфавиттік және жүйелі каталог туралы айтып,кітапхана ережесімен таныстырылды. Сөз жүмбақтар шешілді, жанылпаштар айтылды.
Кітапхананың тұрақты оқырмандары,қаламыздағы № 9 мектептің 5-ші сынып оқушылары арасында «Күз ханшайымы» атты сайыс өткізілді. Сайыс: а) таныстыру, б) сән үлгісі, в) сұрақ – жауап, г) өз өнерлерін ортаға салып көрсете білуге тәрбиелеу мақсатымен өткізілді.Оқырмандар іс-шарадан үлкен әсер алды,олар сайыстан кейін жаңадан келген кітап,журналдармен танысты.
Кітапханада кітапты насихаттауда да елеулі жұмыстар жүргізіледі. Оның әртүрлі әдістері мен формалары да кеңінен пайдаланылады.
Жыл сайынғы Елбасының халыққа жолдаған Жолдауларын кітапханашылар жылда оқырмандармен бірігіп отырып, тыңдайды. Ой-пікірлерін ортаға салып, Жолдаудағы бағыт-бағдар бойынша кітап көрмелерін ұйымдастырып, жұмыстарына нұсқау ретінде пайдаланады. «Кітаппен бірге әлемді танимыз » - атты флэшмоб өткізілді. Кітап оқудың ролін тосыннан жиналған жұртқа тісіндіру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен өткізілген іс-шара кітапханаға көптеген оқырманың келуіне себеп болды.
«Мәңгілік махаббат жыршысы» атты әдеби кеш Ә.Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толуына орай арналған. Оның мақсаты: жазушының шығармаларын насихаттау және жастарды көркем әдебиеттерді оқуға баулу. Іс-шарада
« Мәңгілік махаббат жыры» шығармасындағы Халиманың образынан үзінділер оқылып, аудиовизуалдық құралдарды – слайд қолданылды.
Әдеби-сазды кеш «Салюті Ұлы Жеңістің » ашық аспан астында кітапхана ауласында өткізілді. Үлкендер соғыс жылдары туралы естелік айтты. Кішкентай оқырмандар ән орындады,би биледі. Кеш барысында «Соғыс туралы кітаптармен таныс», «Прочти книги о войне» дәстүрден тыс кітап көрмесі көрермен назарына ұсынылды. Кітапханашы Игибаева Т. Б.Момышұлына арналған кітаптарды және Б.Момышұлының шығармаларымен таныстырды. Өткізген кездесу кеші оқырман санын толықтырып,мәдени деңгейін көтерілуіне тиімді әсер етті.
Кітапханада библиографиялық шолу ұйымдастырылды. Ол Ж.Аймауытовтың «Ақбілек » романына арналды. Ол «Бір ел-бір кітап» акциясына байланысты өтіп отырған тілге тиек етті. Кітапханашы Т.Игибаева Ж.Аймауытовтың өмір жолына,шығармашылығына тоқталды. Библиографиялық шолуға №10 орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Библиографиялық шолу мамұндылығымен, тартымдылығымен есте қалды.
2012 жылы О.Бөкейдың шығармашылығына арналды, соғанбайланысты «Алтайдың кербұғысы » атты әдебиеттік калейдоскоп өткізілді. Кітапханашылар жазушының өмір жолына қысқаша тоқталып, «Қайдасың, қасқа құлыным» шығармасы туралы әнгімеледі. «Алтайдың кетбұғысы» атты кітап көрмесінен оқырмандар «Кербұғы», «Человек - Олень» атты шығармаларын оқыды.
Библиографиялық жұмыс. Кітапхананың жан-жақты анықтама – аппаратының негізінде оқырмандарға сапалы ақпараттық библиографиялық қызмет көрсетіледі. Орындалған анықтамалар саны -100. Библиографиялық сұраныстар «Библиографиялық дәптерге» тіркеледі. Негізгі сұраныстар,тарих,экономика,тіл саясаты,мәдени мүра,жаңа технологиялар тағы басқа тақырыптар,олардың саны – 906. Және оқырмандарға электрондық құжаттардың берілімі – 1359. Кітапхананы автоматтандырудың негізі-электронды каталог.Кітапхана қызметкерлері «РАБИС»бағдарламасымен жұмыс істеп,жаңа ақпараттық технология көмегімен дәстүрлі және электронды картотекаларды және библиографиялық мәліметтер қорын қалыптастыруда. Оқырмандар сұраныстарын қанағатандыру мақсатында кітапханада газет,журнал материалдармен толықтырылған папка-досьелер «Кәкімбек Салықов»,«Сүтемген Бүкіров», «Жезқазған – мыс шахары », «Ұлытау – Ұлттың ордасы », «Туған жердің асылы », «Өлкенің ақын – жазушылары », «Олардың есімдері қала көшелерінде », «Местные поэты, писатели». Төмендегідей әдістеме – библиографиялық құралдар шығарылды. Мысалы; «Жезқазған – жезбұлағы жер-ананың!», «Памятники – символы национальной гордости и славы», «Спорт деген бір әлем», және жергілікті ақын-жазушыларға арналған «Ғ.Ештанаев», «К.Ахметов», «Б.Мырзабеков », «А.Омаров», «Е.Сейдахметов.» БАҚ арқылы кітапхананы жарнамалау : Кітапханада өткізілетін мәдени іс-шаралардың барлығы кітапхана жарнамасынан басталады. Біріншіден,олар жергілікті газеттеріміз «Сарыарқа», «Жезказганская газета», «Подробности » арқылы және «Дидар»телеарнасы арқылы өткізледі: Асаубаева, Б. Казахстан – правовое государство:вечер истории в библиотеке. // Жезказганская правда.-2010. – 3 сентября. (№57). – С.6.
Кажмағанбетова А,Игібаева Т. Кітапханадағы мереке // Сарыарқа. – Жезқазған,2011.- №23.-10маусым.-3 б.
Асаубаева Б. Рухани нәрдің бұлағы: Кітап – рухани қазына. // Мысты өңір – Жезқазған,2012. -3 ақпан (№5). – 5 б.
Казахстан – золотая колыбель народов.// Жезказганская газета,2011.-6 мая (№18)
«Салюті ұлы жеңістің »// Жезказганская газета,2011.-14 мая (№19)
Ожившие наследие.Обряды казахского народа. // Жезказганская газета, 2011.-1 апреля (№13)
Профессионалы своего дела. // Жезказганская правда,2012.-18 мая ( №20).
Вместе с книгой открываем мир.// Жезказганская газета,2012.- 26 октября (№44).С.5
Куанышева,А. Знаешь ли ты свою маму? // Жезказганская правда,2013.-14 марта (№10) – 2 б.
Семинарға қатысқан мәліметтер.
Кітапханашылар семинары // Жезқазганская газета,2007.-30 ноября..-С.10.
Кариева К. Оқырман жүрегіне жол табу үшін.// Сарыарқа,2010.-11 маусым (42).-3 б.
Кариева К. Опыт специалиста ценен вдвойне. //Жезказганская правда,2010.-16июня (212). – 4 б.
Кітапханашылар біліктілігін арттыру үшін ОКЖ ММ-нің өткізілген іс-шараларына, семинарларына, практикалық, сайыстарына қатысып тұрады. Айта кетсек, 2012 жылғы«Модельді кітапхана - әлеуметтік даму айнасы» атты сайысқа қатысты . І кезеңдегі І тапсырма бойынша «Кітап-рухани нәрдің бұлағы» атты эссе жазылып, «Мысты өңір» газетіне жарияланды. ІІ тапсырма бойынша Powerpoint бағдарламасымен «Қара өлеңін тапсам деп жарасымын»(ақын Кенжебай Ахметовтың шығармашылығына) слайд, ІІІ тапсырма « Халық қолөнері – асыл қазына »-дәстүрлі емес кітап көрмесі жасалып, оқырмандарға насихатталды. ІІ кезеңнің нәтижесінен кейін жеңіске жетіп,300000 мыңға кітап қорын толықтыруға сертификат тапсырылып, түрлі түсті МФУ және I –дәрежелі диплом сыйлады.
Кітапхана қызметкерлері : Асаубаева Балхия – кітапхана-филиалының меңгерушісі.
Жезқазған қаласының мәдени-ағарту училищесінің кітапхана бөлімін бітірген,еңбек өтілімі - 34 жыл,9 ай. Көп жыл бойы М.Әуезов атындағы кітапханада кітапханашылықтан бастап, әдіскерге дейін көтеріліп қызмет жасаған. Н.В.Гоголь атындағы кітапханадағы семинарға қатысып, Нура ауданы Изенді селосында болды, үлгілі кітапхана жұмыстарымен танысты.Асаубаева Б. 2004 жылы облыстық курстың «Кітапхана қызметінің әдістемелік жабдықтауы» тақырыбы бойынша дәріс алғаны үшін сертификатқа ие болды.Асаубаева Балхия С.Сейфуллин атындағы семинар-кенеске қатысты.Ол «ОКЖ кітапханалық саясаты: бағдарламалар мен даму басымдықтары» және «Кәсіптік жетістікке жарқын жол » деген тақырыпты мәселе өзегіне айналдырып,үлкен ой салды.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мемлекеттік мекемесі С.Сейфуллин атындағы кітапханашылар ұйымдастырумен өткізген «Іс-тәжірибе алмасу күні » өтті.
«Мамандығым – мақтанышым » атты тақырыптаАсаубаева Балхия өзінің кітапханаларындағы оң өзгерістерге тоқталды және өздерінің толғандырып жүрген мәселелерді талқылады.
Игибаева Тілектес Молдағалиқызы – ж.д., санаты жоқ кітапханашы.
Жезқазған педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығын тәмамдаған,еңбек өтілімі – 2жыл. Аз жыл ішінде оқырмандармен тіл табысуы, оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға ынтасының жоғары екендігін жұмыс барысында көрсетуде, іс-шара кезінде жаңа ойларымен бөлісіп, үнемі ізденіс үстінде.
Қажмағамбетова Айнұр Төлегенқызы . Білімі- орта арнаулы, Жезқазған гуманитарлық колледжін тәмамдаған. 2011 жылдың сәуір айынан кітапханада кітапханашы қызметін атқарады. Бүгінгі таңда бала күтіміне байланысты демалыста. ( суреттің сол жағында)