Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Шабанбай би селолық округі Шабанбай би үлгілі №15 ауыл кітапханасы.
Шабанбай би ауылы Ақтоғай ауданындағы Шабанбай би селолық округінің орталығы.Қаратал өзенінің бойында,Ақсоран тауының (биіктігі 1565м) етегінде,аудан орталығы –Ақтоғай селосының онтүстік шығысында 45км, Қарағандының оңтүстігінде 350км жерде орналасқан.Іргесі қолхоздастыру кезіңінде 1930 жылдардан бері 5-ші желтоқсан,Ұлы Октябрь,Ақтұмсық қолхоздары ұйымдастырылған. 1963-1991 жылдары Қаратал кеңшары және Амангелді ауылдық кеңесінің орталығы .Шаруашылықтың мамандандырылған негізі бағыты-қой шаруашылығы,жылқы және ірі қара өсіру болды. Жерінің жалпы аумағы 350 мың га.Округ аумағында Қаратал, Қасабай , Жіңішке өзендері Қараша, Тарасу,Балапан,Тоғызбай, Үшқатты, Қарасоран, Қызылсоран, Құлжа,Керегетас таулары бар.Бұрынғы Қарашоқы алтын,Ақсай мыс,Молдашілік кен орындары Бесбатыр су қоймасы болған. Округтің елді мекендері-Өндіріс, Бегазы, Керегетас,Сона. 3 мектеп ОДА,ФАП, клуб үйі, «Шалқар» халық театыры, кітапхана басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар.Қеңшар негізінде 65 шаруа қожалығы (1995)құрылған.Біздің заманымыздан бұрынғы VIII-IX ғасырлардың белгілі Бегазы-Дәндібай мәдениеті, Ә.Бөкейханның ата-анасы жерленген Талдыбейіт қорымы бар.Қазақстан Үкіметінің жалпы қазақ Ұлттық кеңесінің торағасы Ә.Бөкейханов, қазақтың сұңғыла шешені Шабанбай би (1754-1839) атақты емші, көріпкел Әнипа Әбілтай қызы, алғашқы мұғалім Б.Қабыкеев,сүретші Сахи Романов, ғалым докторлары Г.Жүнусова, Ж.Смагуловтардың туып өскен жері. Күйші Аққыз Ахметқызы тұрған. Ауыл басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы байланысады. Ең жақын Балхаш т.ж станциясы 250 км жерде.
Ақтоғай аудандық орталықтандырыған кітапхана жүйесіне қарасты Қаратал совхозы 1965 жылы Қаратал ауыл кітапханасы болып ашылды.1981жылы кітапханашы Р.Байсеркина зейнеткерліке шығуына байланысты А.Батталова кітапханашы болып тағайындалды 1995жылы Қаратал ауыл кітапханасы қысқартылып жабылды. Жабылған кезінде бүкіл кітап қорына кітапханашы А.Батталова өзі ие болды, 5жыл бойы өз жауапкершілігімен кітапхана қорын сақтады.2000жылы Мәдениетті қолдау жылына байланысты кітапхана ашылды. Совхоз атауы өзгеріп Шабанбай би селолық округі болып аталды. Қарағанды әкімінің қолдауымен 30маусым 2004жылы Шабанбай би ауыл кітапханасына үлгілі кітапхана статусы берілді. . Үлгілі кітапхана болып ашылуына облыс әкімінің тарапынан облыстық бюджеттен қаржы қаралды.Қаралған қаржыға кітапханаға жаңа жиһаздар, озық техникалар қамтамасыз етілді.Кітапханашы А.Батталова мамандығы кітапханашы Сәтбаев қаласындағы мәдени –ағарту училешесін бітірген,еңбек өтілі 28 жыл.Кітапхана ғимраты орналасқан жері селолық әкімшілікте,аумағы 61,9м,жылуы АСО.
Кітапханаға телефон байланысы орнатылған – 26-2-07
Қазіргі танда халық саны 925 тұрғындар тұрып жатыр.
Кітапхана оқырман саны 502. Аудан тарапынан жаңа кітаптар, баспасөз баслымдарымен қамтылды.Жылма жыл кітап қоры толықтырылуда. Қәзіргі таңда кітапхана қоры 15589 дананы құрайды,оның ішінде қазақша қоры 9133 дана.Баспасөз басылымдарына бөлінген қаржы 144870,90тг , жазылған газет саны 21,журнал саны18 құрайды.
Түскен жаңа кітаптар толықтыру көздері олар:Аудандық бюджет,Облыстық мәдениет департаметінен әр түрлі бағыттағы кітаптар , Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханадан, сыйға,тілдерді дамыту бөлімінен.
Шабанбай кітапханасы мәдени-ағартушылық, ақпараттық және білім беру ордасы ретінде әр түрлі санаттағы оқырмандарға арналған. Осы киелі шаңырақтан қаншама оқырмандар өздерінің іздегендерін тауып, білім нәрімен сусындатып, рухани азық жинаған.Кітапхананың іші тартымды.Орынды қойылған кітап көрмелері, анықтамалық құралдар, тақырыптық сөрелер, жып-жинақы кітап қоры кітапханаға келген әр адамды тартымдылығымен баурайды.