Қарқаралы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 45 кітапхана болса, оның ішінде 11 кітапхана «Үлгілі кітапхана» статусын алып, бүгінгі күнде оқырмандарға қызмет көрсетуде.
Олар аудандағы 2 кітапхана:
Қарқаралы орталық кітапханасы, Қарқаралы балалар кітапханасы
9 ауылдық кітапханалар:
Қарағайлы, Қарағайлы балалар кітапханасы, Егіндібұлақ , Талды, Көктас Айнабұлақ, Ақжол, Жарлы, Аппаз.
-
Аудандағы барлық модельді кітапханалардың бақылау көрсеткіштері :
-
Оқырман саны – 12682
-
Кітапханаға келімі – 133333
-
Кітап берілімі – 212134
-
Кітап қоры – 277313
-
Оның ішінде қазақшасы - 135311
-
Былтырғы жылы үлгілі кітапханалар 6157702 тенгеге 5780 дана кітаппен кітап қоры толықтандырылды.
-
Оның ішінде қазақшасы – 4973 дана.
Аудандық бюджеттен бөлінген 2104465 теңге қаржыға 534 дана мерзімді басылым жазылып , әр модельді кітапхана 25-30 түрлі газет –журналдар алып оқырмандар сұранысын қанағаттандырып отыр. 10 үлгілі кітапхана телефондандырылған, ал Қарағайлы балалар кітапханасына жеке телефон беру биыл жоспарланып отыр. РАБИС бағдарламасымен Қарқаралы, Қарағайлы, Егіндібұлақ кітапханалары жұмыс жасайды. Биылғы жылы үлгілі кітапханаларға РАБИС бағдарламасы қойылып жұмыс жасауға жоспарланып отыр. Интернет жүйесі 5 үлгілі кітапханаларда (Қарқаралы, Қарқаралы балалар кітапханасы, Қарағайлы, Егіндібұлақ, Көктас) ADSL технологиясымен қосылып, оқырмандарға қызмет көрсетсе, қалған үлгілі кітапханаларда (Айнабұлақ, Талды, Жарлы, Ақжол, Аппаз) интернет желісінің нашарлығына байланысты байланыс жүйесі әзірге қиындық туғызып отыр. Бұл жөнінде пошта байланыс торабымен жұмыс жасалып жатыр.Кітапханаларға Интернет жүйесіне қосылуға ай сайын 72600 теңге бөлінсе, жылына 871200 теңге бөлінеді. Үлгілі кітапханалар 24 компьютермен, оның 11-і Қарқаралы орталық кітапханасында, 3 –і Егіндібұлақ, 2-і Қарағайлы кітапханасында , қалған 8 кітапханаларда 1 компьютерден, ал Айнабұлақ кітапханасында + 1 ноутбукпен қамтамасыз етілген. Кітапханалар 12 сканер (Қарқаралы -3, Қарқаралы балалар кітапханасы, Қарағайлы, Егіндібұлақ, Айнабұлақ, Көктас, Талды, Жарлы, Ақжол, Аппаз кітапханаларында – 1ден), 6 лазерный принтер, 5 түрлі – түсті принтер (Егіндібұлақ, Айнабұлақ, Көктас, Талды, Қарқаралы), 4 ксерокс (Егіндібұлақ, Айнабұлақ, Көктас, Талды), 1 проектормен (Қарқаралы) қамтамасыз етілген. Қарқаралы ауданына қарасты үлгілі кітапханаларда жас оқырмандар үшін танымдық – эстетикалық тәрбие беру мақсатында құрылған 11 «Қызығушылар» клубы жұмыс жасайды. Атап айтсақ, «Атамекен», «Қаламгер» (Қарқаралы), «Негештер» - «Почемучки» (Қарқаралы балалар кітапханасы), «Шежіре» (Ақжол), «Сырласу» (Көктас), «Тағызым» (Қарағайлы), «Шаңырақ» (Талды), «Ақ отау» (Жарлы), «Қыз өмірдің қызғалдағы» (Аппаз), «Атамұра» (Егіндібұлақ), «Бойжеткен» (Айнабұлақ). Кітапхана жанынан құрылған «Қызығушылар» клубтарының негізгі мақсаты салт-дәстүрді насихаттап, клуб арқылы жұмыстар жүргізу, халқымыздың тарихы мен салт-санасын, әдеп - ғұрып дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгінімізбен келешегіміздің әрлі қайнарына , еліне, жеріне, адам тағдырына немқұрайдықарамай, өз өлкесін, туған жерін жан тәнімен сүю, қызықтау оны терең білу, басқаға үйретіп, насихаттау. 2003 жылдан «2003-2005 Ауыл жылдары» аясында жасалған «Арқаның алтын тәжі - Қарқаралы» (Қарқаралы), «Неткен сұлу,неткен көркем,кең жазира туған өлкем» (Ақжол), «Қанатын кеңге жайған Көктас» (Көктас), «Қазыналы Қарағайлы» (Қарағайлы), «Еліміздің азаматын, жеріміздің тарихын білейік» (Талды), «Туған жер тұнған шежіре» (Жарлы), «Гүлдене бер, нұрлана бер ауылым» (Аппаз), «Ауыл мемлекеттің керегесі» (Егіндібұлақ), «Ауылым алтын бесігім» (Айнабұлақ) «Ауыл энциклопедиялары» өлкеге байланысты материалдарды жинақталып, үнемі толықтырып отырады. Үстіміздегі жылы бірқатар кітапханашылар жаңаша формаларды енгізе отырып оқырмандарды кітапхана жұмысына тарту жұмыстарын атқарды, жобалар енгізді. Жаңа бағытта жұмыс жасай отырып, кітапханалар жұмысы халқымыздың имандылығын, білімін арттыруына, туған жерді, отанды сүюге, тарихты насихаттауға бағыштады. Кәзіргі таңда орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша үлгілі кітапханалар жұмысы жаңа инновациялық бағытта қалыптастырылуда. Кітапханадағы инновациялық жұмыс стратегиялық жоспар, инновациялық жоба, жаңа бағдарламалардан тұрады. Атап айтсақ кітапханаларда былтырғы жылдан бері, «Жас өркен» жастар орталығы (Талды) , «Жас толқын» жас тілшілер үйірмесі (Көктас, Талды) құрылып, «Ауыл тарихы – ұрпаққа мұра, келешекке аманат»(Ақжол) , «Өлкеңді өз көзімен не кітап арқылы танып біл!» , «Асқар шыңды кербез жер – Қарқаралы, Дастан –жырлы кемел ел – Қарқаралы» (2011-2013) атты жоба (Қарқаралы) бағдарламалары жалғасын тауып, «Алтын аймақ, кенді өлке» бағдарламасы (Қарағайлы), «Жас қалам шеберлері» (Жарлы) бағдарламалары, «Білімді жас ұрпақ – ел болашағы» жобасы, «Сарыарқа» бағдарламасы (Қарқаралы балалар кітапханасы), «Дарынды жастар» бағдарламасы (2011-2013) (Аппаз), «Ел ертеңі – білімді ұрпақ» жобасы, «Жаңа кітаппен – жаңа ғасырға» бағдарламасы (Егіндібұлақ) «Ислам және өркениет» (2010-2020 исламды дамыту тұжырымдамасы бойынша) жоба (Айнабұлақ) бағдарламаларымен жыл бойы жұмыс жасауды. Үлгілі кітапханалар жұмысының нәтижесінің бірі жарнамалау жұмысы жолға қойылған. Жарнаманың оқырмандар талабына сай ұйымдастырылуы, олардың қызығушылықтарын, сұраныстарын арттыратыны сөзсіз. Сол себепті кітапханашылар, оқырмандар арасында ең алдымен кітапхананың өзін, содан кейін кітапты насихаттауды жоспарлы түрде іске асыруда. Үлгілі кітапханалардың барлығында 6 стол, 12 орындық, 6 кітап стеллажы, 4 – 6 кітап көрмесі стеллажы, 6 телевизор, 24 кітапханашының жұмыс үстелімен қамтамасыз етілген. Үлгілі кітапханалардың материалдық техникалық базасы әлі де толықтыруды қажет етеді. Компьютер паркі тозған, биылғы жылы 10 компьютермен жаңарту жоспарланып отыр.