Ақжол ауылдық кітапханасы 1950 жылдан бері жұмыс жасайды, ал 2008 жылы желтоқсан айында үлгілі кітапхана мәртебесі берілді.
Кітапханашы Нафталова Назира Кенесовна, білімі жоғарғы, КарГу, педагогика и психология маманы. 2011 жылы Челябинскінің мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының ақпараттық- кітапханалық қызмет кафедрасының, ақпараттық ресурстар мен технологиялар факультетіне түсіп, КарМТИ-да оқуын жалғастыруда, жұмыс стажы: 9 жыл.
Кітапхана орналасқан ғимараты: мәдениет үйінде (клуб), жер көлемі 120 кв.м. 2010 жылы «Жол картасы» бойынша ремонт жүргізілген, жылу жүйесі пеш котелімен жылытылады.
-
Бақылау көрсеткіштері:
-
Оқырман саны – 694
-
Кітапханаға келімі – 7580
-
Кітап берілімі - 9620
-
Кітапханадағы кітап қоры -19444, оның ішінде қазақ тілінде 10054
2012 жылы кітап қоры 473800 теңгеге 397 дана кітаппен толығып, 31 түрлі мерзімді басылымдарға жазылды. Оқырман сұранымына ие басылымдар Жұлдыздар отбасы, Аңыз адам журналдары, Жас Алаш, Орталық Қазақстан, Қарқаралы, Ақ босаға, Тылсым дүние, Ұлан, Айқын, Қазақ спорты, Қазақстан әйелдері, Ақ желкен, Денсаулық, Ертегілер әлемінде, Айгөлек, Балдырған. Ақжол ауылындағы халық саны - 1050. “Компьютермен оқыту-уақыт талабы” деген сөзді басты мақсатқа ала отырып,«Келіңдер компьютер үйренейік» деген ұранмен «Халықты компьютерлік салауаттыққа оқыту бойынша электронды оқулық» СИН бағдарламасы бойынша жүргізілуде.
«Адам құқығы бойынша цифрлық кітапхананы» күнделікті жұмыс барысында насихатталады.Әкімшілік, мектеп, кәсіпкерлер, жеке тұлғалар, мұғалімдер өздеріне қажетті құжаттарды алып отырады. Цифрлы кітапхана заңдары ескі, жаңа заңдармен толықтыруды қажет етеді.
Кітапхана интернет жүйесіне қосылған, бірақ жылдамдықтың аздығынан бұл мүмкіндікті толық қолдана алмай отырмыз, арасында оқырмандарға қызмет көрсетеміз.
Кітапханаға 33420 телефоны қосылған.
«Қарағанды облысы кітапханаларында өлкетану құжаттарының қорын сақталуы» жобасы аясында құжаттарды цифрлау жұмысы жасалуда. Өлкеге байланысты құнды құжаттар көшірмесін көшіріліп, жергілікті «Қарқаралы», «Орталық Қазақстан» т.б. газеттер бетіне шыққан мақалаларды, өлкенің мақтаныштары, атақты адамдары М.Мамыраев,Т.Әубәкіровке арналған материалдар жинақталуда.
«Артқа адал, сертке берік сарбаздар.» (Қазақстан қарулы күштеріне 20 жыл), «Жазықсыз жапа шеккен Жайық еді» Ж.Бектұров -100 жаста, «Қазақтың бұлбұлы» К.Байсейтованың туғанына -100 жыл,
«Бір туар құбылыс иесі» Д. Қонаев , «Ұлт басына төнген қасірет» Ашаршылыққа - 80 жыл, «Әлем таныған Әуезов», «Дауыл мен оттан жаралған ақын Қ.Аманжолов», «Ғұлама ғалым - Ақжан Машани», «Абай -дана қазақтың»,«Қоянды жәрменкесі тарихынан»,«Поэзия тұлпары» М.Мақатаев,«Ғұлама ғалым» Е. Бөкетовқа-85 жыл, Жерлес жазушы Ж. Өмірбеков туғанына 90 , «Алаш ардақтылары», «Ауылдан түлеп ұшқан өнер саңлақтары» папкалары жинақтаған.
1987 жылдан бастап кітапханада «Шежіре» қызығушылар клубы „Туған өлке-туған шежіре² девизімен жұмыс жасайды.
«Шежіре» клубы, өз өлкеннің мәдениетін, тарихын, табиғатын зерттеу, Ақжол ауылымыздың тарихын таныта отырып, өз өлкеміздің мәдени-тарихи дәстүрлерін, мұрасын сақтап, жинап ел игілігіне беру және зиялы ұл-қыздарынның, ата-бабаларынын өмір жолдарын білу мақсатында жұмыс жасайды.
Кітапхана тарихына байланысты « Неткен сұлу, неткен көркем, кең жазира туған өлкем» энциклопедиясы толықтырылуда және «Шежірелі батырлар мекені» атты слайд жасалды.
Кітапхана жас оқырмандарды кітапханаға тарту мақсатында „Ауыл тарихы-ұрпаққа мұра, келешекке аманат“ бағдарламасымен жұмыс жасауда.
Оқырмандарға ауылымыздың тарихын таныта отырып, өз өлкеміздің мәдени-тарихи дәстүрлерін, мұрасын сақтап, жинап ел игілігіне беру,оқырмандардың өлкетанушылық – қызығушылартарын арттыру. Кітапхана өз жұмысын әкімшілік, мектеп, мәдениет үйімен бірлесіп жүргізеді.
Жалпы ауыл тұрғындардың кітапханаға деген көз қарастары жақсы. Көпшілік жұмыстарға белсене қатысады. Кітапханамыздың өсіп, көркеюіне тілектес.Ауыл тұрғындары үшін кітапхана өте қажет, өйткені бізде қаладағыдай интернет жүйесі жұмыс атқармайды, кез келген ақпаратты үйде отырып интернеттен ала алмайды.Сондықтан газет, журналдар, кітаптардан іздейді, ал оларды сатып алу ауыл тұрғындарының қалтасы көтермейді. Сондықтан олар кітапхана қызметіне жүгінеді.
Кітапхана оқырмандарының негізігі құрамын мектеп оқушылары, жасөспірімдер, үй шараусындағы әйелдер мен зейнеткерлер құрайды. Оқырмандар залында энциклопедиялар және мерзімді басылымдармен көп жұмыс жасайды. Оқушылар, студенттер, мұғалімдер үшін кітапхананың көмеге зор, үнемі керек тақырыпта ақпараттан туып жатады.
Кітапханада мерекелік даталық күндерге және ақын-жазушылардың мерейтойына байланысты әр-түрлі кітап көрмелер, шолу, конференциялар және т.б. шаралар өткізіледі.
Облыстық Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың жанынан құрылған «Жыр жауһар» поэзия клубының мүшесі ауылымыздың тумасы жас ақын Ақбергенов Еркебұланның бастауымен «Ақжол деген ауыл бар қыр басында...» атты жас ақындардың жыр кеші өтті. Кешке «Жыр жауһар» поэзия клубының мүшелері, бірнеше республикалық, облыстық байқаулардың жүлдегері Дулат Аманжол, Ж.Әлиман, Ө.Еділхан, Ж.Қуандық, Е. Қуатбек, Қ.Зимолла, Б.Тәжібековтар өз жүрекжарды жырларын халыққа тарту етті..
Үлгілі кітапханалардың келешегі зор, кітапхана жұмысын әрі қарай жандандыра жүргізе беру кітапханашының міндеті деп ойлаймын.