Жазғы демалыс уақытында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Қазақстан аймақтарын танып – білу мақсатында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына дәстүр бойынша қонаққа келді. Биылғы жылы біздің кітапханамыздың қадірлі қонақтары Шымкент пен Орал қалаларынан келген аталмыш мектеп оқушылары болды. Кітапханаға келген қонақтар біздің электронды қызметке, сирек кездесетін кітап қорына, кітапхана сайтына таң қалғандарын жасыра алмады. Халықаралық әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы Сағынбекова Шұғыла «Американдық бұрыш» туралы ағылшын тілінде келген қонақтарға толық мағлұмат берді.

Оқушылар кітапхана сайтындағы: электронды каталог, виртуалды анықтама, электронды құжат жеткізу қызметтері туралы ақпарат алды.

{gallery}material/news/2019_nish_1{/gallery}

Кітапхананың қызметі туралы жан-жақтан келіп қызығушылық танытқандары біз үшін үлкен мәртебе!