- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 513
Аталмыш акция еліміздің барлық өңірлерінде, облысымыздың қала, аудан, ауылдарында ұйымдастырылып, қалың көпшіліктің оң бағасын алды.
Акцияның басты мақсаты – қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың діни, әлеуметтік, басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 590
Жыл сайын тамыз айының соңғы күндері өтетін педагогикалық кеңестерге Н.В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлері дәстүрлі түрде қатысады. Мұндағы біздің мақсатымыз жас ұрпақтың біртұтас дүниетанымын қалыптастыруға, білім негіздерін меңгеруіне ықпал ететін ұстаздарға серіктес болу.
Биыл 25 тамызда Қарағанды қаласындағы № 92 гимназиясында қазақ мектептерінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні оқытушыларына және № 38 гимназиясында орыс мектептерінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні оқытушыларына арналған семинар
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 155
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 658
Тіршілік қазаны қайнап жатқан қаламыздабаласын жетектеген ата-аналардың мектепке дайындық қамымен жүргендері тамыз айының соңғы апталарына тән көрініс. "Сананы тұрмыс билеген" заманда баланы мектепке дайындаудың мәселелері өте көп. Осыны ескере, кітапханамыз Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай басталған "25 игі іс" атты республикалық акция шеңберінде бір отбасына балаларын мектепке жинауда көмек көрсетуді жөн көрді.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 446
Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жарияланған "Әлем. XXI ғасыр" манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Аналар кеңестерінің ұйымдастыруымен "Ақ орамал" республикалық акциясын өткізуге бастама жасалды.
Акцияның мақсаты – елдің барша азаматтарын "Ақ орамал" акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу
...