Фильтр

Біздің жанымыздағы төзімділік пен үнқатысуға деген ықылас-ниет, біздің қалаларымызда қатар бой түзеген мешіт пен православ ғибадатханасы, костел мен синагогалар, біздің жеріміздегі бейбітшілік пен келісім, – бұл қазақстандықтардың өміріндегі айшықты ақиқат пен айқын көріністер.

                                                                  Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасқанына 2016 жылы 25 жыл толып отыр, осы оқиға заманауи қазақстандық қоғамда ұлтаралық және дінаралық келісіммен тығыз байланысты.

1992 жылы 18 қазан күні Алматыда  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығымен тұңғыш рет Дүниежүзілік рухани

...

Жаздың үміт үзгені ме

Келіп қапты күз де міне.

Моншағын жаз қиып-қиып,

Ілді қаздың тізбегіне.

Күз мезгілінің екінші айы да келіп жетті. Қазан айында еске алып, аталып өтілетін даталарға арналған кітап көрмелері, әңгімелер, көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

Қазан айына арналған іс-шаралар жоспары

Осыдан аттай 10 жыл бұрын, 2006 жылдың 8 ақпанында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жанынан "Жыр-жауһар" поэзия клубы құрылған болатын. Мақсаты – өлең атты мұзарт шыңға қол созған, жауқазын жыр жазуға талпынысы бар жас таланттарды қолдау болып табылатын бұл клуб уақытпен бірге жетіліп, бірге толысып келеді.    

ХАБАРЛАНДЫРУ

 Кітапханада жұмыс істейтін "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы

Қарағанды жұртшылығын тағы бір танымды тұлғамен жүздестіруге қуанышты.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

"Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін"акциясының аясында

 2016 жылдың 19 қазан  күні сағат 18.00-де

Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы-этнограф, қоғам қайраткері

Зейнеп Ахметовамен  кездесу өтеді.

Зейнеп Ахметова - қазақтың ұлттық дәстүрлерін насихаттаушы, ұлт жанашыры, халқымыздың батыр ұлдарының бірі де бірегейі Бауыржан Момышұлы туралы "Шуақты күндер", "Бабалар

...

Құрметті оқырмандар!

Кітапханада тағы да мереке!

Ұлытау саясында дүниеге келіп, Алатау аясында жазушы, қаламгер ретінде қалыптасқан Б.Бұлқышев пен М.Иманжановтың биыл туғанына 100 жыл. Осы мерейтой аясында кітапханада 2016 жылдың 19 қазан күні сағат 12.00.-де "Ұлытаудың ұландары - қазақ рухының қырандары" атты әдеби кеш өтеді.

Әдеби кеш онлайн түрде С.Сейфуллин атындағы Жезқазған қалалық кітапханасымен бірлесе өтеді.  Кешке Қазақстан Жазушылар Одағының Жезқазған қалалық филиалының төрағасы Б.Т. Мырзабеков, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Х. Хамзин, ф.ғ.к.,

...