Фильтр

Ұлытау өңірінде дүниеге келіп, Алатау аясында жазушы, қаламгер ретінде қалыптасқан, Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжанов бір жылда – 1916 жылы туған, яғни биыл туғандарына 100 жыл толып отыр.

Бұл мерейтой Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы, Қарағанды облысының 80 жылдық мерейтойларымен тұспа-тұс келуі де  өзара байланыстырып тұрған рухани құбылыс деуге болады.

"Ұлытаудың ұландары – қазақ рухының қырандары"тақырыбында өткенәдеби кешіміз  С. Сейфуллин

...

БАРШАҢЫЗДЫ, БАРШАҢЫЗДЫ!!!

 ҚҰРМЕТТІ ЖЫР СҮЙЕР, ӘН СҮЙЕР ҚАУЫМ!

2016жылдың 25 қазан күні сағат 17.00 де К.С. Станиславский атындағы орыс драма театрында кітапхана жанынан құрылған «Жыр-жауһар» поэзия  клубының 10-жылдық мерейтойына арналған «Жаса мәңгі, жауһар жыр!»атты мерекелік кеш өтеді.

Кеште осыдан он жыл бұрын аталмыш клубтың іргетасын қалап, қабырғасын құрған, бүгінде облысымызға ғана емес, бүткіл республикаға танымал жас ақындар Алмаз Мырзахметов, Қуаныш Медеубаев, Берікбол Амангелдиев, Назерке Түсіпбекова, Панзат Жұмағұлова, Мирас

...

2016 жылдың 25 қазанында

кітапхана сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді

(Кітапхана ғимараты бойынша электр желісіне профилактикалық жұмыс жүргізіледі)

БиылТүркістаннан Түркияға, Түркиядан Балқан аймағына Ислам дінінің жайылуына тікелей себепкер болған ұлы ғұлама, әулие ҚожаАхмет Ясауидің 850 жылдық мерейтойы кеңінен аталынып отыр.

Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айырықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзиясының негізін салушы, барлық күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы, ойшыл, діни қайраткер. Осыған орай, ЮНЕСКО 2016 жылды "Ясауи жылы" деп жариялады. Яғни, жыл бойы ұлы ғұламаның өмірбаяны мен діни еңбектері, жалпы шығармалары көпшілікке насихатталатын болады.

...

2016 жылдың 13 қазанында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Ашық есік күні" Акциясы өтті.

Акцияның мақсаты - оқуға деген қоғамдық қызығушылықты арттыру және қала тұрғындарының қалың тобын оқу процесіне тарту, оқырмандарды жұмыс шарттарымен, жаңа ақпараттық мүмкіндіктермен және кітапхана қызметімен таныстыру.