Фильтр

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, кітапханамызда қаламыздың шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және талантты жастардың қатысуымен "Өнерлі жастар – ХХI ғасырдың басты тұлғалары"атты шығармашылық кездесу кеші өтеді.

Кеш барысында қонақтарымыз "Сіздің сүйікті мамандығыңыз – армандар орындалды ма?" деген басты сұраққа жауап беруге тырысады.

Сонымен қатар, біз сіздерге театрландырылған қойылымдар мен тамаша шеберлікпен жасалған қолөнер туындыларын, кітап көрмесін назарларыңызға ұсынамыз. Құлақтан кіріп бойды алар керемет ән мен поэзия тыңдап, жас өнер

...

Қараша айы да келіп жетті. Қарашаның жаңбырлы, салқын күндері бітпестей көрінеді. Осындай күздің көңілсіз күндерінде не істеуге болады? Оның шешімі – кітап оқу! Кітапханаға келіңіздер. Мерейтой даталарына немесе мерекелерге арналған керемет іс-шаралардың куәгері немесе қатысушысы болыңыз. Қызығушылықтарыңыз бойынша біздің клубтарда бос уақытыңызды пайдалы өткізе отырып, жаңа достар табуға мүмкіндігіңіз болады. Ал, көп уақыттан бері оқығыңыз келген кітабыңыз сіздің жаныңызға ем болады деген сенімдеміз.

...

Күні кеше Арқа төсінде тереңдігі теңіздей, асқақтығы таулардай, мөлдірлігі тамшыдай, өткірлігі қамшыдай  қасиетті қара өлеңнің дүбірлі мерекесі тойланды. Ол – кітапхана жанынан құрылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мерейлі 10 жылдық мерейтойы.

"Жаса мәңгі, жауһар жыр!" деген атпен ұйымдастырылған аталмыш кеш поэзиялық қойылыммен ашылды. Баяу әуенге елітіп, мың бұралған Муза біресе жазу үстеліне жақындаса, енді бірде гитараның күйін шертті... Бұл ақынның бойындағы шалқар шабытты, мұңды мазасыздықты көрсетіп, көрермендерді бірден

...

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

2016 жылдың 1 қарашасынан бастап қысқы жұмыс кестесіне көшеді –

09.00-ден 18.00-ге дейін

Бауыржан Момышұлы. Иә, осы есім аталса болды бірден елеңдеп, жүректі әлдебір тылсым игеріп, бойды жігер билейді. Қарапайым қырық екі әріпке құдірет берген ұлы жанның бір есімін естігенде осындай хәлде жалпы қазақ. Ал, осынау адамның қасында жүріп, көңілін тапқан, қолын жылы суға малып, жағдайын жасаған келіні басынан нендей күй кешірді десеңші... Ол туралы екінің бірі, егіздің сыңары ойламақ түгіл елестете алмайды. Ұлылығы шартарапқа, рухы қазаққа қайрат берсе-дағын, бұл – бақ тек оның отбасына берілген. Батырдың

...