- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 398
Спорт пен өнер – егіз. Екеуі де шалқар шабытты, талмас еңбекті, таудай талапты қажет етеді. Оның ішінде, алғырлық пен табандылықты сүйетін шахмат ойынының жөні бөлек.
Өткен аптада кітапханамызда "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен өңіріміздің әдебиеті пен мәдениетіне үлес қосып жүрген шығармашылық адамдарының арасындағы "Ақ пен қара жолдарымның жолағы..." атты шахматтан еркін турнир болып өтті.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 408
2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қаламыздың талантты жастарының қатысуымен "Өнерлі жастар – ХХI ғасырдың басты тұлғалары" атты кездесу кешін өткізді.
Кеш барысында жас өнер иелеріне "Тәуелсіздік құрдастарының армандары орындалды ма?", "Олар нені армандайды?", "Олар қазір немен айналысуда?" сынды сұрақтар қойылып, сұхбат жүргізілді.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 704
Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл, яғни ширек ғасыр толып отыр. Тәуелісіз мемлекеттің негізгі шарты – айналымда өзінің ұлттық валютасының болуы. Ең алғаш рет Республиканың ақша бірлігі 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Сол күннен бастап 15 қараша "Ұлттық валюта – теңге" күні деген атқа ие.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 70
Қадірлі оқырман!
2016 жылдың 18-қарашасында сағат 16.00-де
кітапхана жанынан құрылған
"Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен
"Ақ пен қара – жолдарымның жолағы..."
атты шахматтан еркін турнир өтеді.
Қызықты ойынға куә болып, жас ақындардың өлеңін тыңдаймын десеңіз, бізге асығыңыз!
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 482
Ресей кең-байтақ, бірақ шегінер жер жоқ,
артымызда – Мәскеу
ротаның саяси жетекшісі В.Г. Клочков
Биылғы жылдың 16-қарашасында 28 гвардияшы–панфиловшылардың Мәскеу түбіндегі ерлігіне 75 жыл толып отыр.
Адамзат баласы өткен ғасырдың отызыншы жылдарының соңында басталып, қырқыншы жылдардың ортасына дейін созылған (1939-1945ж.), 50 миллионнан астам бейкүнә жандардың өмірін жалмаған екінші дүниежүзілік соғыстың қайғы – қасіретін әлі ұмыта қойған жоқ.
Жұмыр жерді билеп-төстемекші болған фашистік Германияның мұздай қаруланған армиясы 1941 жылдың 22 маусымында бейқам жатқан Кеңестер Одағына тұтқиылдан соғыс жариялап, Батыс шекарадан лап қойды. Араға төрт ай салып,
...