Фильтр

2016 жыл әрбір қазақстандық үшін маңызды жыл, бұл жылы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына 25 жыл толды.

Артымызға көз салсақ, еліміздің дамуының зор жетістіктерін айтпау мүмкін емес. Үкімет дамудың бастапқы кезеңінде өршіл жоспарларды алға қойды, нәтижесінде қазіргі уақытта іс жүзінде ол жоспарлар сәтті орындалды.

2016 жылғы 24-ші қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Алматы қаласындағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Текті сөздің төресі – терме" атты республикалық жыршы – термешілер байқауын өткізді.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған аса ірі тарихи оқиғалар Қазақ елінің тарихи тағдырында терең із қалдырғаны баршаға аян. Сол кездегі дәуірлік оқиғаларда саналы ғұмырын Алаштың азаттық алуына арнаған ұлтымыздың Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Сейфуллин, Ә. Ермеков, С. Садуақасов, Ж. Ақбаев т.б. сынды тұлғаларының елі үшін білімін ғана емес, жанын да аямағандығы қазақ еліне емес, жалпақ әлемге де мәшһүр. Азаттық жолында күрескен осы тұлғалардың бірегейі Ә.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының  ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуі

...

23 қараша күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері елімізде дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында "Фемида" заң колледжінде "Сөз - жібек жіп, жыр - кесте" атауымен Дулат Бабатайұлының шығармаларына арналған ақпараттық сағат өткізді.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өту шараларының аясында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы облысымыздың орталықтандырылған кітапханалар жүйелерімен (әрі қарай ОКЖ) бірлесе отырып, фотосуреттер байқауын жариялады.

Фотосурет байқауын ұйымдастырушылар :

  • Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы;
  • Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы;
  • Қарағанды облысының орталықтандырылған кітапханалар жүйелері.