- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 117
Жаңа жыл мерекесі өтіп, 2017 жылдың жұмыс күндері басталды. 2016 жылды қорытындылай отырып, кітапхана ұжымының алдына қойылған міндеттердің басым көпшілігі сәтті орындалғандығын ерекше атап өткіміз келеді. 2017 жылы да қызықты және жемісті болады деген үміттеміз.
Кітапхана ұжымы әрқашан өз оқырмандарын күтеді, біздің кітапханалық шараларымызға – кітап көрмелеріне, кездесу кештеріне, клуб отырыстарына және т.б. шақырамыз.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2589
2017 жылдың 12 қаңтарында көрнекі қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техникалық ғылымдардың докторы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері - Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл толады.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1728
«БЖЗҚ» АҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы «БЖЗҚ» АҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 97
Құрметті оқырмандар!
Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға аманшылық пен бақ-дәулет тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті, өмір жолдарыңыз сәттіліктер мен табыстарға толы болсын!!!
Кітапхана келесі тәртіпте жұмыс істейді:
- 2016 жыл 31 желтоқсан (сенбі) - демалыс күні
- 2017 жыл 01 қаңтар (жексенбі) - мереке күні
- 02 қаңтар (дүйсенбі) - мереке күні
- 03 қаңтар (сейсенбі) - жұмыс күні
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 622
"Әдебиет тек талантты жазушыны ғана емес, сонымен қатар, талантты оқырманды да қажет етеді" деген қанатты сөз бар. Сол сан түрлі әдебиеттің сарқыт көзі болып табылатын кітапхана бүгінде дарынды оқырманға кенде емес. Оның дәлелі – күні кеше Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы ұйымдастырған "Үздік оқырман" байқауының нәтижесі.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген бұл байқау Республика көлемінде алдын ала жарияланған болатын. 16 аймақты тұтас қамтыған сайыс нәтижесі бойынша әр кітапханадан бір үздік оқырман анықталып, кеше ғана
...