- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 104
Қыстың соңы, көктемнің алғашқы күндеріде келіп жетті.Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады, ағаштар бүршік жарып гүлдейді... Таңғы мезгілде күн көзінің шуағы молайып, құстардың сайраған дауысы естіледі.
Қыс пен көктемнің алмасар уақыты. Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі сезіледі. Осындай ауа райына қарамастан біздің көңіл-күйіміз көтеріңкі, сергек. Көктемгі көңіл-күймен кітапхана өз жұмысын жалғастырады, кітап көрмелері безендіріліп, әңгімелер мен әдеби шолулар ұйымдастырылады.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2704
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні – алғыс білдіру күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 88
Қадірлі өлеңсүйер қауым!
Көктемнің алғашқы күнінде көрнекті ақын Төлеген Айбергеновтың 80 жылдығына арналған
«Бір тойым болатыны сөзсіз менің...» атты әдеби кеш өтеді.
Ақын әлеміне саяхат жасап, өлең тыңдаймын десеңіз, бізге асығыңыз!
Өткізілетін уақыты: 6-наурыз күні сағат 14.00-де.
«Жыр-Жауһар» поэзия клубы
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2797
Оның бал жинаған арадай ізденіп, үнемі өлеңдік материалдарға көзі жіті, құлағы түрік жүретіндігі, ақындық сергектік пен елгезектігі қуантады. Біздің тарихта қанша талантты ақын болғанымен не жазғанын ұмытып кетіп, қайталай беретіндер де болды. Жеңістің бір жақсысы ондай дерттен аулақ екен.
Ғафу Қайырбеков
Қара сөз бен өлеңді жалғап епті,
Оятуға сезімді арман етті.
Үлкендердің жүрегін елжіретіп,
Бал жырымен қуантқан бал бөбекті.Бүркіт Ысқақов
"Ақынның аты, ғалымның хаты өлмейді" дегендей әдеби ортаның
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2053
Өткен аптада қара өлеңнің қазыналы ордасына айналған Қарағанды қаласына алыстан ат терлетіп, адуынды ақын, этнограф, "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Қасымхан Бегманов келген болатын. Оқырмандарға өнегелі әңгіме, өрелі өлең сыйласын деген ізгі ниетпен, облысымыздың әдеби ошағына айналған кітапханамызға айтулы тұлғаның ат басын тіреуін өтінген едік.