Фильтр

Кітап фестивалі бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде аталып келе жатқан мерейлі мереке болып табылады. Биылғы жылы аталмыш мейрам кітапханада ұйымдастырылған қызықты алаңдармен есте қалды.

Солардың ішінде, "Брейн Ринг" зияткерлік ойынына арналған алаңды ерекше атауға болады. Аталған сайыс "Шахтер" МҚКК жанынан құрылған   "Не? Қайда? Қашан?" зияткерлік клубының  (жетекшісі А. Шимановский)  қолдауымен өткізілді. "Кітап – мәдениет пен руханияттың алтын көпірі"атты Кітап фестивалі Дүниежүзілік кітаптар  мен авторлық құқықты қорғау күніне орай, әрі

...

20-23 сәуір аралығында кітапханамызда елімізде өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесінің аясында және Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай "Кітап – мәдениет пен руханияттың алтын көпірі" атты Кітап фестивалі өтуде. Аталмыш шараның салтанатты ашылу рәсімі 20 сәуір күні өтіп, кітапхана оқырмандарын әртүрлі форматтағы шаралармен қарсы алды.

 

Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосыңдар – деп жырлады һакім Абай.

Махаббат – адамзат баласына берілген ең асыл сезім. Ғаламат ғашықтыққа жыр жазбаған, ән арнамаған өнерпаз кемде-кем шығар. Сәуір айының 15 жұлдызын – "Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу" күні деп белгілеп, төл мерекемізді тойлап жүргенімізге де талай жылдың жүзі болды.

Құрметті оқырман қауым!

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында

2017 жылдың 20-23 сәуір күндері

"Кітап – мәдениет пен руханияттың алтын көпірі"атты Кітап фестивалі өтеді.

Аталмыш шара ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында және

23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні

мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.

Кітап фестивалінің ресми ашылуы 20 сәуір күні сағат 11.00-де кітапхана алаңында өтеді.

2017 жылдың 12-13 сәуірінде жалпыұлттық газеттерде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»=«Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» мақаласы жарияланды. Бұл бағдарламалық мақала, ақиқатында, қазақстандық қоғамның рухани дамуының жаңа көкжиегін ашып көрсеткен. Президент рухани жаңғыртудың негізгі алты бағытын ұсынады: ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, білім құмарлық, Қазақстанның эволюциялық дамуы мен сана-сезімінің ашықтығы. Маңыздысы, Ұлт Көшбасшысының идеяларын жүзеге асыратын әр тұлға үшін әртүрлі жобалар түрінде қазақстандық қоғамның алдына нақты шаралар қойылған.

Елбасының бағдарламалық мақаласы мен қазақстандық қоғамның алдына

...