- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1922
Жақында кітапханамыздың жанынан құрылған "Жыр-Жауһар"поэзия клубының жетекшісі Жадыра Байбұланованың "Қағаз жүрек" атты жыр жинағы жарық көрген болатын. Ақын өткен жылдың соңында мемлекет және қоғам қайраткері Ж.Тәшенов атындағы "Жылдың үздік ақыны" мүшәйрасында жеңімпаз атанып, кітап шығару құрметіне ие болған еді.
Аталмыш кітаптың алғашқы тұсаукесері күні кеше Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында болып өтті. "Егіз лебіз" деп аталған бұл кеш клубымыздың белді мүшесі Мирас Асан мен Жадыра Байбұланованың оқырман қауыммен кездесу кеші ретінде ұйымдастырылды.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1456
Елімізде 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы аясында 2017 жыл кітабы болып Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары таңдалды.
Осыған орай 16 мамыр күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері қаламыздың әсем көшелерінің бірі Бейбітшілік гүлзарында инфо-брейк шарасын өткізді. Бұл көшені таңдау себебі – қаламыздың бірнеше оқу орны орналасқандықтан жастардың сүйікті орны болып табылады.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1327
Құрметті оқырмандар!
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы республикалық "Бір ел – бір кітап"акциясы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Аталмыш акция елімізде 2007 жылдан бері өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту болып табылады. Жыл сайын акцияның ұйымдастыру комитеті қоғам болып оқуға ЖЫЛ КІТАБЫН таңдап алады.
2017 жылдың ЖЫЛ
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1881
Ішкі және сыртқы саясаттың құрылымындағы
негізгі іргетас – қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Сондықтан бізге ел егемендігін қорғау
мүддесі үшін кез келген қатерге төтеп беретін,
сапасы биік заманауи әскер қажет.
Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл және Ұлы Жеңіске 72 жыл толуына орай оқу залдары бөлімінде "Ерлік, айбын, даңқ" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме: "Әскер – тәуелсіздік тірегі", "Халықтың ұлы қаһармандығы", "Ауғаныстан – мәңгі жадымызда" деп аталатын үш бөлімнен тұрады.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1399
Құрметті достар!
Кітапханамыздағы "Ғажайып және шығармашылық істер" клубының 5 кезеңі өз мәресіне жетті.
Кезеңді қорытындылау үшін қолөнершілеріміз дәстүрлі түрде өздерінің ғажайып туындыларын көрсетуге ұсынады.
Келіңіздер! Көріңіздер!
16 мамыр сағат 14.00 де конференция залында.