Фильтр

Сіздердің әрқайсыларыңыз мемлекетімізге заңдылық пен құқ тәртібін нығайту ісіне азаматтардың қауіпсіздігі мен конституциялық құқын қорғау жолында жауаптысыздар...

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев

23 маусым – кәсіби мереке "Қазақстан полициясы күні".Осыдан 25 жыл бұрын, яғни1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң қабылдады. Ол қазақстандық полицияның міндеттері мен функцияларын анықтаған алғашқы құқықтық құжат болды.

Ал 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 23 маусым полиция күні деп ресми түрде бекітілді.

...

Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі жазғы демалыс уақытындадәстүрге айналған "Туған елге тағзым" іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедицияаясындаАлматы және Орал қалаларының Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларын қабылдауда.

Зияткерлік мектептердің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстан аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі – білім беру сапарының ерекшелігі болып табылады. Биылғы экспедиция Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналып "Алашорда ізімен" атауымен өтуде.

...

Балалар мен ата-аналар назарына!!!

Жаз мезгілі келді, әдеттегідей ата-аналардың алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, жаз мезгілін қызықты өткізу, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, білімдерін тереңдету сынды мәселелері туындайды. Осы сәтте Сіздерге кітаптар мен Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының қызметкерлері көмекке келеді. 

Жаз мезгілінде бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуге әр жастағы балаларды кітапханаға шақырамыз.

2017 жылдың 8 маусымында сағат 11.00-де Қарағанды қаласының оқырмандарына арналған дәстүрлі "Жазғы Оқу қаласы" жобасы жұмыс жасауын бастайды.

"Жазғы Оқу қаласын" Әлиханов көшесі бойындағы, білім басқармасына қарсы саябақта, 1 қыркүйекке дейін аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ге дейінжұмыс жасайды. Оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған әртүрлі викториналар мен акциялар өткізіледі.

Барлығыңызды табиғат аясында әлемдік көркем әдебиеттердің үздік үлгілерімен сусындауға,

...

1 маусым күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапхананың ауласында "Менің туым" атты өте әсерлі флешмоб өтті.

Аталмыш патриоттық акция Қазақстан Республикасының Ту, Елтаңба, Әнұран Мемлекеттік нышандарының 25 жылдығына арналды. Біздің елімізде 4 - маусым - атаулы дата, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Мерекелік флешмобты ұйымдастырған кітапхана қызметкерлері, патриоттық биді орындау арқылы Қазақстанның Туына деген құрметі мен махаббатын білдірді.