Фильтр

Кітапхана төрінде өткен әдеби-шығармашылық кеште тарихшы, өлке зерттеушісі Темірғали Аршабековтың жаңа туындысы "Арқаның Әсет ақыны" атты монографиялық еңбектің тұсауы кесілді.

Қазақтың көрнекті ақыны, әйгілі айтыскер, әнші-композитор, Абайдың ақындық мектебінің талантты өкілі Әсет Найманбаевтың ғибратты ғұмыры, шығармашылық шыңы жайында деректер қамтылған жаңа кітап Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйтқысымен жарық көрді. "Арқаның Әсет ақыны" ғылыми еңбекті жазу мұрағат қорларындағы сирек қолжазбаларды сараптау, мұражайларда сақталған ақын өміріне қатысты жәдігерлерді зерттеу, фольклорлық және этнографиялық

...

Текті жұрттың  –

Әрі  – ұлы, әрі – ірі,

Топырақта жатады ылғи тамыры.

Мен Алтайдан алты ағаш боп шығып ем,

Алты Алашқа айналдырған  – Тәңірі.

С. Ақсұңқарұлы

Алғашқы қадам, алғашқы бастама! 18-қазан күні алды Қарағанды, арты әлеуметтік желіні еңсерген қазақ жұрты болып "Алтайдан Ақсораңға кеп түскен, Қарағайлы Қараорманның тұқымы", Қазақстан  Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты, Қарағанды облысы Жазушылар Одағы бөлімшесінің директоры, жергілікті ақын, "Қызыларай", "Төбемнен жауһар жауып тұр", "Қараорман" т.б. кітаптардың авторы Серік Ақсұңқарұлының жыр жауһарын бір сағат көлемінде дауыстап оқыдық.

...

18 қазан күні Қарағанды гуманитарлық колледжінде оқу залдары бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттің рухани-мәдени дамуының тарихи дәуірі" атты тақырыптық сағат өткізілді.

Құлаққағыс!

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында

#karlib             #chitay2017krg          #serikaksunkaruly2017

Тікелей эфир!

Ақын Серік Ақсұңқарұлы шығармаларын

"Дауыстап оқимыз!"

18 қазан күні сағат 11.00 де

Келіңіздер! Біздерге әлеуметтік желілерде қосылыңыздар! !

facebook.com/karlib.kz

vk.com/id451689498

ok.ru/profile/588032285234

Бүгін Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламасы аясындаН.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуін қолдау мен насихаттау мақсатында "Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла"Акциясының жалғасы ретінде кітапхананың тұрақты оқырманы қаламыздың тұрғыны Ошақбай Суханберліұлы Суханберлинкітапхананың қорын өзінің жеке кітапханасынан латын әліпбиіндегі 1939 жылы жарық көрген Абай Құнанбаевтың "Таңдамалы шығармаларын", 1938 жылғы Н. Островскийдің "Құрыш қалай шынықты" және Джек

...