Фильтр

Еліміздің түкпір-түкпірінде кезекті "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы бойынша әртүрлі іс-шаралар жүргізіліп жатқаны сөзсіз.

Акция елімізде 2007 жылдан бастап халықтың қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын туғызу мақсатында өткізіліп келеді.

Акцияның негізгі мақсаты – қазақ әдебиетін дәріптеу, қоғамның оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту болып табылады. Биылғы 2017 жылдың ЖЫЛ КІТАБЫ ретінде Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары таңдалған болатын.

...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 27 қазаны күні "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Жарлығына қол қойды. Бұл - Қазақстан үшін тарихи кезең. Елбасы қазақ әліпбиінің латын графикасына  2025 жылы көшуі туралы 2012 жылғы "Қазақстан – 2050" стратегиясында айтқан болатын.

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

2017 жылдың 1 қарашасынан бастап қысқы жұмыс кестесіне көшеді -

09.00-ден 18.00-ге дейін.

2017 жылдың 2 қараша  күні сағат 15.00 - де кітапханада Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист Төлен Тілеубайдың "Ұлттық мінез" – қазақ журналистикасының темірқазығы" атты оқырмандармен жүздесу кеші өтеді.

Кеш барысында Астанадағы "Бақорда" баспасынан жарық көрген "Тәуелсіздік - тұмарым" кітабының таныстырылымы өтіп, Тәуелсіз сана: ұлттық мұрат; кәсіби ұстаным; бәсекелестік қабілет туралы ой қозғалып, еркін пікірталас болады.

Еркін пікірталасқа куә боламын десеңіздер, осы кештен қапы қалмаңыздар.

...

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 20 қазанында Н.В. Гоголь атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Рухани жаңғыру" Бағдарламасының "Рухани қазына" бағыты аясында Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойына арналған "Арқаның Әсет ақыны" атты монографиялық еңбектің тұсауы кесілген әдеби-шығармашылық кеш өтті.