Фильтр

Жақында ғана аяқ басқан Ит жылы қуанышты хабарларымен қуантуда. "Жыр-Жауһар" поэзия клубының белді мүшесі, "Шабыт" фестивалінің лауреаты, жалпыұлттық республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, ақын Мирас Асан - ел тынысының жарқын жаршысы, еліміздегі басты басылымның бас редакциясына ауысты. Бұл жаңалық барша "Жыр-жауһарлықтар" үшін ғана емес, жалпы, Қарағанды жұртшылығы үшін де зор қуаныш екені сөзсіз!

Өз кезегінде кітапхана ұжымы Мирас Асанды жаңа қызметімен құттықтай отырып, кәсіби және шығармашылық табысқа жете беруіне тілектестігін білдіреді.

...

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауы 10 қаңтарында БАҚ беттерінде жарияланды.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Биылғы Жолдаудың ерекшелігін қалың оқырманға жеткізу мақсатында оқу залдары бөлімінде арнайы кітап көрмесіұйымдастырылды.

...

Ұлт рухы мен уақыт бойына тұмар қып таққан сөз өнерін жаратушылар хақындағы түсініктерімізді тереңдетіп, ұрпақ, ұлт, уақыт жайлы әсерлеріміз бен толғамдарымызды байыта түсер біздің "Қарағанды өлкесінің әдеби атласы" өз оқырмандарын шақырады.

Қарағанды – қойнауы кенге, төскейі астық пен малға толы құтты қоныс қана емес, білімі мен ғылымы, мәдениеті мен руханияты дамыған, өнер қонған өрісті өңір, талай-талай таланттар туған тұғырлы мекен.

Сарыарқаны бойлай саяхаттаған көптеген ақын-жазушыларымыз біздің "шағын отанымыз" туралы поэтикалық жыр жолдары, жолай жазылған белгілер, қызықты

...

Дала данагөйі, қазақ руханиятының көрнекті өкілі, қоғам және мемлекет қайраткері Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдық мерейтойына арналған "Қаз дауысты Қазыбек би" виртуалды энциклопедиясы – кітапхананың жаңа ғаламтор-жобасы.

Қапы қалмаңыздар! Таныс болыңыздар! Бұл жоба жайлы өз ой-пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды білдіріп, Қаз дауысты Қазыбек би туралы деректермен бөлісуге болады.

Латын тіліндегі "сorruptio" сөзі "парақорлық, жемқорлық" дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық деген сөздің қазіргі заманғы тұжырымдамасы жеке адамның пайдасы үшін, адамгершілік пен заң нормаларына қайшы келетін ресми немесе ресми ұстанымын пайдалану болып табылады.

Қазіргі жағдайдағы сыбайлас жемқорлық мәселесі жаһандық проблемаға айналып отыр, себебі ол саяси құрылымы мен экономикалық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге тән.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, оның басымдықтарын

...