Фильтр

Қыстың соңғы әрі, жылдың ең қысқа айы – ақпан да келіп жетті. Биыл қаңтар айы өте аязды болды. Соған қарамастан, көктемнің де ауылы алыс емес. Ақпан айы қысқа болса да, ол дәстүр бойынша кітапханамыздың түрлі іс-шараларына толы.

Ақпан айына арналған іс-шаралар жоспары

9 ақпан күні сағат 16.00–де кітапханамызда Республикалық "Алтын тобылғы" конкурсының "Туған ел" номинациясының лауреаты, Қазақстан Жазушылар  және Журналистер одағының  мүшесі, көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері "Алақандағы бақыт", "Мен керекпін", "Аспантаудың  көктемі" атты жыр жинақтарының авторы 

Мақпал  Мысамен  "Қарашығы қараөлеңге толған қыз"  атты  кездесу кеші өтеді.

Кеш жүргізушісі – тележүргізуші Индира Тоқмурзина.

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

Назарларыңызға "Қазақстан - Ұлы Дала Елі" қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.

Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

Қосымшаны AppStore, PlayMarket, Windows және веб-нұсқа арқылы жүктеуге

...

Бүгінде біз Қазақстанның елордасы - бұл біздің тәуелсіздігіміздің салтанаты деп нық сеніммен айта аламыз.

Астана – болашаққа ұмтылысымыздың  тарихымызбен, мәдениетімізбен және дүниетанымымызбен ажырағысыздай байланысты символы.

Н.Ә. Назарбаев

2018 жылы Астана қаласына астана мәртебесі берілгеніне 20 жыл толуда.

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6-шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998

...

2018 жылдың 15 қаңтар күні Тәттімбет атындағы өнер колледжінде "Туған жер" бағдарламасы негізінде моральдық‑патриоттық тәрбиені дамыту=Развитие нравственно‑патриотического воспитания на основе прогарммы "Туған жер" атты ақпараттық сағат өткізілді.  Ұстаздарға танымдық бағытта өткізілетін бұл шара – Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан басталып, тақырыпқа байланысты ұстаздар қауымына кітапханамыздың қорындағы кітаптар мен мерзімід басылымдар таныстырылды. Сонымен қатар, жолдаудағы басты бағыттар талқыланып, оның ішінде

...