Фильтр

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

2018 жылдың 27 ақпан күні сағат 15.00-де Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында "Аталар жолын жалғаған..." деген атпен "Аманат" кітабының тұсаукесері өткізіледі.

Қолжазбалар қадымша (ескі араб әліпбиі) таңбаланған. Кириллицаға аударған Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылының имамы Айдаржан Қасенов, кітаптың редакторы ақын Серік Сағынтай.

Кітапта қазақ әдебиетінің тарихына тың хрестоматиялық үлес қосатын дүниелер тұңғыш рет жарияланып отыр. Сонымен қатар, қолжазбаларды оқи отырып, Кеңестік

...

"Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін, адам рухының қадір – қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек".

Шыңғыс Айтматов

Ағымдағы жылдың 23 ақпан күні ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының офицерлер құраманың қатысуымен  қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, ұлы жазушы, ғұлама ғалым, профессор Мұхтар Омарханұлы шығармаларын насихаттау мақсатында  "Менің Әуезовім" тақырыбында ақпараттандыру сағаты өткізілді.

Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер М.Әуезов – кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі. Қазақ әдебиетінің барлық жанрына тұңғыш рет қалам тартып, бәрін игеріп, сол

...

Осыдан 25 жыл бұрын яғни, 1993 жылы Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қабылданды. Осыған орай 19 ақпан күні ҚММУ жанынан құрылған Қарағанды медициналық колледжінде "Ата Заң – мемлекеттің тірегі" тақырыбында студенттер қауымына әңгіме өткізілді.

Ақпан айының 19 күні кітапхана қызметкерлері ҚММУ жанынан құрылған Қарағанды медицина колледжінде қоғам және мемлекет қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына 120 жыл  толуына орай "Азаттық күрестің ардагері" атты ақпараттық сағатын өткізді.

Дүние ойдан шығады,

              Өзімді өзім ұмытып,

              Көңілім әнді ұғады,

                    Жүрегім бойды жылытып...

Домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнай т.б ұлттық аспаптардың қай-қайсысы болмасын олардың музыка әлемінде өзіндік үні, ерекше орны бар. Бұл күнде ол көне аспаптардың көмейлерінен күй төгіліп, қайта жаңғырды, жетілдірілді. Шертер ішектері күйге келген сайын қазақтың дархан жатқан дала, желпіген самал жел сізге жусан иісін жеткізетін сияқты. Баяу көрсетілетін кино әдісі сияқты көз алдында қалқып бара жатқан тұлпар тұяғының дүрсілі, аспан көгінде қалықтаған бозторғайдың үні құлаққа үйіріледі. Қандай аспаппен ән немесе күй  орындалса да дыбыс сарыны құлаққа жағымды, жылы естіледі.

Қазақтың ұлттық

...