Фильтр

Кітап – адамзат баласының баға жетпес құндылығы. Білімнің биік белестеріне жетелейтін де осы – кітап.  Жақсы кітаптың бар қазынасын оқырман жүрегіне жеткізу – кітапханашы міндеті. Осыған орай, Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында 2018 жылдың 27 ақпан күні "Алты ауызға сыйғыздым, екі дүние бағасын..." деген атпен "Аманат" кітабының тұсауы кесілді.

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылы 14 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын.

2018 жылғы 9 наурыз 3 наурызға ауыстырылуына байланысты

2018 жылғы 3 наурыз (сенбі) жұмыс күні болып жарияланады.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттер бөлімінің қызметкерлері жылдық жоспарға сәйкес күні кеше  Қарағанды "Болашақ" Академиясының студенттерімен кездесті. Осы жолғы өткізілген кезекті отырыста "Студенттердің моральдық-эстетикалық тәрбиедегі инновациялық үрдістері" тақырыбы бойынша студенттердің өнерге деген, қазақ мәдениетіне деген жалпы тәрбиеге деген  өз ойларымен бөлісті.

Кітапханамыздың жылдық жоспарына сәйкес 22 ақпан күні мерзімді басылымдар секторы "Болашақ" академиясына педагогика, білім беру саласындағы жаңалықтар, білім берудің жаңа сапасы мен  жаңа технологиялардың тиімділігін насихаттайтын мерзімді басылымдарды таныстыру мақсатында ақпарат күнін өткізді. Танымдық бағытта өткізілген бұл шараға академия мұғалімдері мен сырттай оқыту бөлімінің студенттері қатысты.