Фильтр

Бұқар жыраудың сөзін түгел жазамын деушіге Нұхтың ғұмыры, Аюптың сабыры..., Аплатонның ақылы керек.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қарағанды қаласы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы аясында ұлы тұлғаларымызды насихаттау барысында Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай "Ұлы жырау ұлағаты" тақырыбында әдеби сағат өткізілді.

Туады, туады әлі нағыз ақын, Нағыз ақын бал мен у тамызатын, Жесірдің айырылмас сырласы боп, Жендеттің көзінен жас ағызатын,Туады, туады, әлі атылғанда, Атылғанда, - аспаннан оқылғанда, Мылқауларға тіл бітіп, керең естіп, Жанар пайда болады соқырларға!"- деген, Мұқағали да көзі тірісінде осындай бір оғланды күткен болар? Мен осы ақынды жиырма алты жыл күтіп едім, - келді... – деп жазады ақын С. Ақсұңқарұлы Бағдат Мүбәрактың "Алтынкүрек" атты жыр жинағының алғы сөзінде.

Бағдаттың поэзиясы табиғатқа таңдаданып,

...

Суық қыстың ызғарынан шаршаған адамдарды жылы күнді аңсаттырған, жылдың ең көп күттіретін мезгілі - көктем келе жатыр. Көктемнің алғашқы белгілері қыстың ақпан айында көріне бастайды: күн шұғыласын төгілткен сайын салбыраған мұздақтар ериді, тамшылардың сыңғырымен әдемі ән ойнап тұрады, бір сөзбен айтқанда, көктемнің жақындағанын білдіре бастайды. Бұдан кейін әлі қаһарына мінген қыстың да қайтқысы жоқ, яғни аяз төніп, қар жаууы әбден мүмкін. Дегенмен, көктем жақындап қалды, әлі де жылуымен көңілге нұр құятынын

...

«Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу мен насихаттауға, оқу ісін ілгерілетуге, рухани мұрамызды сақтап, дәріптеуге үлкен септігін тигізеді. 2007 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл акция оқырман қауымына өте таныс. Жылдың басынан «Жыл кітабы болып қай туынды таңдалады» деген сұрақтар кітапханамызға көптеп түсіп жатады.

23 ақпан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Жыл кітабын анықтау үшін республикалық комиссиясының отырысы өтті. Оқырман алдындағы үлкен міндетті атқару үшін кітапхана атынан ғана емес, жалпы облыс атынан осы жауапты

...

2018 жылы 2 наурыз күні сағат 15.00-де

Қарағанды облыстық Н.В.Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын  Бағдат Мүбәрактың

"Ай көрдім, Шолпан көрдім, Айман көрдім..." атты шығармашылық кештің аясында

өтетін "Алтынкүрек" кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Кеште қазақ әдебиетінде өзіндік орыны бар, поэзияның ауыр жүгін көтеріп, көркем әдебиетке өзіндік сүбелі үлесін қосып келе жатқан ақындар С.Ақсұңқарұлы, С.Сағынтай, Р.Нұрбай, Қ.Асқар, ғалымдар Т.Көкетаев,

...