Фильтр

Қызғалдақты құшақтап қырлар күліп,

Аспан жердің суснын тұр қандырып.

Қайтқан құстың ілесіп қанатына,

Наурыз келді дүниені нұрландырып.

2018 жылдың 13 наурызында сағат 11.00 де Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Наурыз-ұлттық мұра" атты кітап экспозициясының ашылуы өтті.

Аталмыш шара Наурыз мейрамы қарсаңында сүйікті қаламыз Қарағандыдағы облыстық кітапхналар мен музейлерде "Наурыз керуен" атты біртұтас атаумен өтетін Циклды ашып берді.     

Құрметті оқырмандар! 

  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!!!

Мықты денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас тілейміз!

Мерекелік күндері кітапхана келесі тәртіпте жұмыс істейді:

  • 20   наурыз (сейсенбі)   -     жұмыс күні
  • 21   наурыз (сәрсенбі) ) -     мереке күні
  • 22   наурыз (бейсенбі)   -     мереке күні
  • 23   наурыз (жұма)         -     мереке күні
  • 24   наурыз (сенбі)      -     демалыс күні
  • 25   наурыз (жексенбі)    -     жұмыс күні

Латын әліпбиіне көшу – заманымыздың заңдылығы. Өркениет көшіне  ілесу, алдыңғы қатарлы дамыған 30 елдің қатарынан табылу. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың  2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылдың 19 ақпанында жарияланған Жарлығы бойынша әліпбиіміз жаңа редакцияда жазылатын болып шешілді.

2018 жылдың 14 наурызында сағат 14.00-де кітапхананың конференц-залында

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың"Тәуелсіздік дәуірі"атты

жаңа кітабын оқырманға жақынырақ таныстыру мақсатында

"Н. Назарбаев феномені: саяси ұстанымдар мен бастамалар"атты дөңгелек үстел өтеді.

Кітап – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттікті қалыптастыруда іргелі өзгерістер орын алған тәуелсіз дамудың 26 жылына деген авторлық көзқарасын ашып көрсететін дәуірдің маңызды құжаты болып табылады.

Аталмыш шараға қаламыздың жоғарғы оқу орындарының

...

Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес жатқан бір теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып - толғанғаны кімнің есінен кетеді! Шырылдап жерге түскеннен - ақ сенің ең жақын, ең бір ұстазың бар. Ол - ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, шырылдап уанбай жылап, сенің іздейтінің – ана. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес? Мен білетін қазақ әйелі, қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.

...