Фильтр

Сәуір айының 2 күні кітапханамыздың қызметкерлері "Фемида" заң колледжінде "Бір ел – бір кітап" акциясы бойынша ақпараттық сағат өткізді.

Танымдық бағытта өткізілген бұл іс-шарада  акцияның тарихы, 2017-2017 жылдар аралығында қандай шығармалар жалпы оқылуға ұсынылғаны туралы ақпарат берілді.

2018 жылға студенттер қауымына жалпы бірдей оқылу үшін таңдалған үш кітап – Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі, Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" хикаят-монологы таныстырылды.

...

Сәуір айы кітапханада дәстүрлі түрде әр түрлі іс-шараларға толы. Бұл жыл да қалыс қалған жоқ. Халықаралық Кітап және авторлық құқық күні аясында жыл сайын мерекеленетін кітап фестивалі биыл Астананың 20-жылдық мерейтойының бастамасымен өтеді. Сонда-ақ, фестиваль бағдарламасында жыл сайынғы "Бір ел - бір кітап" акциясы бастау алады. Биылғы жылы акция тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық оқуға үш жазушының шығармасы таңдалып алынды: Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі, Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді" хикая-монологы.

Қазақстан халқының бірлігі

...

Тәуелсіздік жылдары ұлттық ата тарихымызды түгендеу жолында талантты тарихшы ғалымдар орасан зор қызмет атқарып келеді. Қазақ тарихына байланысты еңбектер жиналды. Тамаша зерттеулер жарық көрді. Қарағанды облысына байланысты ғылыми зерттеулердің жарыққа шығуына орасан еңбек еткен ғалымдарымыздың бірі Темірғали Аршабеков.

Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған.

Бұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған.

Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ.

Бұқар жырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ (1718 жылы өлген) қабырғалы би болған деседі. Бірақ Абылайға

...

Жыл сайын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен өткізілетін республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы Қазақстанның ұлттық мұрасын насихаттауға,көпшілікке кітап оқуды дәріптеуге бағытталған. Акция тұңғыш рет  2007 жылы Абай Құнанбаевтың "Қара сөздерінен" бастау алды. Биыл Акция тарихында алғаш рет жалпыға бірдей оқу үшін 3 жазушының шығармалары таңдалынып алынды. Олар: Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері, Бауыржан Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі, Немат Келімбетовтың "Үміт үзгім келмейді"

...