- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2130
"Бір ел – бір кітап" республикалық акция аясында таңдалған жыл кітаптарын оқырманға насихаттау кітапханашының міндеті. Осы тұрғыда Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай өткізіліп отырған Кітап фестивальі апталығы аясында жыл кітабы болып таңдалған Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында "Шоқтығы биік – Шәкәрім" атты танымдық кеш ұйымдастырылды.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1473
2018 жылдың 23-29 сәуір аралығында кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне, Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған "Еңселі орда, асқақтаған Астана" атты кітап фестивалі өтеді.
Фестивальдің ашылуы 23 сәуір күні сағат 11.00-де кітапхананың алаңында өтеді. Фестивальға жоғары оқу орындары, колледждердің оқытушылары, жергілікті ақын-жазушылар, "Поиск" театралды студиясы, Сән колледжінің "Дебют" театры, т.б. қатысады деп жоспарлануда.
Фестиваль бағдарламасы:
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1562
17 сәуір "Фемида" заң колледжінде "Жалын кешкен жазушы" атты патриоттық сабақ өтті. Халқымыздың күллі адамзатпен бірге жасаған ең ұлы ерлік дастанының ең басты қаһармандарының бірі, жас оқырманның ең сүйікті жазушысы, тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы – Қасым Қайсенов туралы.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2344
15 сәуір Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" махаббат күніне орай "Біз екеуміз бірге болсақ өлеңбіз" атты ақын Рауан Қабидолдин мен Айзада Рахымжановамен келелі кездесу өтті.
Кездесу еркін форматта өткендіктен, келген көрермендер қос ақынымызға қызықты сұрақтарын қойып, қонақтарымызға Рауан Қабидолдинның жыр кітабы, дискілері сыйға тартылды. Ғашықтардың құрметіне, жақұт жырлар шашылып, көк телегейдей тербеліп, жыр шашуын шашып келген күйші Мадияр Сүлейменовтың орындауында күйлер күмбірлеп, "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мүшелері Айдана мен Дина аруларымыздың орындауында ақ
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1352
15 сәуір – "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" күні, ғашықтар күні. Бұл күнге елең етпейтін жан жоқ шығар,сірә?! Әрбір жан алғашқы махаббатын еске алып, жанжарымен кездескен сәттерді еске түсіретін күн емес пе? Жас жігіттер мен бойжеткендер үшін – есігін айқара ашар үміт күні, батылдылыққа итермелейтін күн.
"Махаббат – мәңгі ертегі, Көңілдің күйін шертеді"- дегендей, дәл осы мереке күні
15 сәуір,сағат 15.00-де
Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өтетін
"Біз
...