- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 3260
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының "Туған жер" кіші бағдарламасын іске асыру аясында Астана қаласында ағымдағы жылдың 21-22 мамыр күндері Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері күніне орай, Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің "Рухани қазына" фестивалін өткізді. Фестивальға республикамыздың Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалар мен музейлердің қызметкерлері қатысты.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1841
Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған
«Өлең сөздің данасы» республикалық мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ
Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2018 жылдың 14 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көмекей әулие атанған әйгілі жырау, ойшыл дана, көреген қайраткер Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына және Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Өлең сөздің данасы» республикалық мүшәйрасын өткізеді.
...- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1737
Құрметті оқырмандар!
Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Мерекелік күндері кітапхана келесі тәртіпте жұмыс істейді:
5 мамыр (сенбі) - жұмыс күні
6 мамыр (жексенбі) - жұмыс күні
7 мамыр (дүйсенбі) - мереке күні
8 мамыр (сейсенбі) - демалыс күні
9 мамыр (сәрсенбі) - мереке күні
10 мамыр (бейсенбі) - жұмыс күні
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 1077
Бір жыл ішіндегі ең "мамыражай" ай да келіп жетті. Мамыр айында табиғаттың құлпырып, гүлденуі көп күттірмей жаз мезгілі де келіп қалатынын білдіріп тұрғандай. Мамыр айы – Қазақстан халқының Бірлігі мерекесі, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні секілді айтулы мерекелерге толы. Сонымен қатар, біздің кәсіби мерекеміз – Мәдениет пен Өнер қызметкерлерінің күні де осы айда.
- Мақала жайында ақпарат
- Көру саны: 2310
Сарыарқаның төсінде,
Төне түсіп Есілге
Бой көтеріп Астана,
Ілесті өмір көшіне
– деп ақын Өтепберген Ақыпбекұлы жырлағандай қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл!
Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Міне, осындай тамаша жетістіктер мен жеңістерге толы 20 жыл ішінде Ұлы даланың қақ кіндігі – Сарыарқа төсінде XXI ғасыр ғажайыбы, әлемдік мегаполис, арман қала бой
...